02.06.2015, 13:07 3857

Мемлекет басшысыныӊ қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аӊдатпасы

4 маусымда Шетелдік инвесторлар кеӊесініӊ 28-отырысы өтеді. Оныӊ негізгі тақырыбы - Қазақстандағы агробизнесті дамыту.

Астана. 02 Маусым. Kazakhstan Today - 3 маусымда Елбасы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеӊесініӊ 28-отырысына қатысушылармен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

4 маусымда Шетелдік инвесторлар кеӊесініӊ 28-отырысы өтеді. Оныӊ негізгі тақырыбы - Қазақстандағы агробизнесті дамыту. Іс-шараға халықаралық ұйымдар мен ірі компаниялардыӊ басшылары қатысады. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны