24.04.2015, 19:56 4061

Мемлекет басшысыныӊ Конституция кепілі ретінде жалпыға ортақ сайлау құқығын жүзеге асыру туралы Қазақстан азаматтарына Үндеуі

Өздеріӊізге мәлім, 26 сәуір күні Қазақстан Республикасы Президентініӊ сайлауы өтед

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Өздеріӊізге мәлім, 26 сәуір күні Қазақстан Республикасы Президентініӊ сайлауы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Халқымыз бұл жөнінен жан-жақты хабардар. Қолдаушылар мен кандидаттар облыстарда болып, жұртшылықпен жүздесті. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Бүкілхалықтық сайлау - біздіӊ Конституциямызда, арнайы заӊымызда көрініс тапқан аса маӊызды саяси іс-шара. Сайлау арқылы азаматтарымыз, біріншіден, өзініӊ конституциялық құқығын жүзеге асырады, екіншіден, ел басқару ісіне тікелей қатысады. Ирбір азамат өзіне ұнайтын, саясатын түсінетін, халықты алға бастай алады деп сенетін кандидатқа дауыс береді.

Бұл - әлемдік қауымдастық өкілдерініӊ назарын аударатын ел өміріндегі елеулі оқиға. Сайлауды бақылау үшін елімізге 1 мыӊнан астам байқаушылар, 200-ге жуық шетелдік ақпарат құралдарыныӊ өкілдері келеді. Олардыӊ алдында біз ынтымағымызды көрсетуіміз керек. Халық неғұрлым белсене қатысатын болса, соғұрлым еліміздіӊ бірлігі нығаяды, болашаққа деген сенімі беки түседі.

Баршаӊызды сайлауға қатысып, дауыс беруге шақырамын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны