28.10.2007, 18:25 3099

Мемлекет басшысының өкімдерімен орталық мемлекеттік мекемелердің жауапты хатшылары тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімдерімен жауапты хатшылар тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өкімге сәйкес, Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы;Омаров Тобылбек Есенжолұлы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы....

Астана. 28-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысының өкімдерімен жауапты хатшылар тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өкімге сәйкес, Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы;

Омаров Тобылбек Есенжолұлы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы;

Кенжеханов Асқар Сәкенұлы - Қазақстан Республикасы Иділет министрлігінің жауапты хатшысы;

Пірәлиев Серік Жайлауұлы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы;

Асатова Ақмарал Болатайқызы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы;

Ибдіқалықова Гүлшара Наушақызы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы;

Советский Вячеслав Крестьянович - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің жауапты хатшысы;

Құсайынов Ибілғазы Қалиақпарұлы - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы;

Сұлтанғазин Инуарбек Жәлелұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы;

Хамзин Рүстем Назымбекұлы - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жауапты хатшысы;

Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы;

Мусин Қобыланды Нұрғалиұлы - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің жауапты хатшысы;

Шәженова Дина Мэлсқызы - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жауапты хатшысы;

Баталов Асқар Болатұлы - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы;

Маханбетәжиев Батыр Ипенұлы - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің жауапты хатшысы;

Икранбеков Абай Зүбайырұлы - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің жауапты хатшысы;

Шоқаманов Юрий Камирұлы - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысы;

Конопляный Александр Александрович - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы;

Нұрғалиев Ерғазы Мейірғалиұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды.

Сондай-ақ, президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысының өкімімен Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны