08.10.2009, 14:31 2790

Мемлекет басшысының пайымдауынша, Астананың Елордасы ретіндегі бейнесі қалыптасты

Мемлекет басшысының пайымдауынша, Астананың Елордасы ретіндегі бейнесі қалыптасты

Астана. 8 қазан. Kazakhstan Today - Қазіргі таңда Астананың дамуының бірінші кезеңі аяқталды, қаланың Елордасы ретіндегі бет-бейнесі қалыптасты. Бүгін Астана әкімдігінде өтіп жатқан дағдарысқа қарсы шаралардың жүзеге асырылуы барысы және қаланы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз өткен кеңестен бергі аралықта қандай жұмыстардың жасалғанын саралап, келешектегі міндеттерді белгілеу үшін жиналдық. Бірден атап өткім келеді, қала бұрынғыдан таза бола бастады. Қалада шаң жоқ, қала күтіліп, қаланың Елордалық бет-бейнесі қалыптасты", деді кеңесте Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы бұл осыған дейін жасалған жұмыстардың нәтижесі екенін атап көрсетті. "Қаланың төңірегінде орман алқабы пайда болып, жұмыстар атқарылып жатыр. Газондар төселді. Бұл сөз жоқ коммуналдық қызметтердің, қаланы көріктендіру мекемесінің, қала әкімдігінің және аудан әкімдіктерінің ауқымды жұмысы", деді Елбасы.

Президент осы күндерде қаланың әртүрлі тұстарында болғанын, бүгін таңертең ескі қаланы аралап көргенін жеткізе келе, Елорданың ескі бөлігінде оң өзгерістер байқалғанын атап көрсетті. Соңғы сенбіліктің де сәтті болғанын жеткізді. "Қаланы дамыту үшін көп жұмыс істелді. Біз ауқымды құрылыс жобаларын іске асырудамыз. Олар біздің меймандарымызды тамсандырады, отандастарымыздың мақтаныш сезімін тудырады", деді мемлекет басшысы.

"Біз қаланың Бас жоспарын мақұлдап, қаланы дамытудың 2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын және Астананың дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспарын бекіттік. Осы жылдар ішінде қала қарқынды дамыды. Ол бүкіл еліміздің дамуының локомотивіне айналды. Дегенмен, дағдарыс басталысымен дәл осында көптеген проблемалар пайда болды. Қазір сол проблемаларды шешу, келесі кезеңде қаланың қарқынды дамуының базасын даярлау маңызды",- деп атап көрсетті Елбасы өз сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны