05.09.2006, 16:01 3089

Мемлекет басшысының Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары басталды

АСТАНА. 5-қыркүйек. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін түстен кейін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Елбасының облысқа жұмыс сапары Тайынша аудандық орталығында басталады. Онда президент биоэтанол өндіретін "Биохим" ЖШС кәсіпорнының ашылу рәсіміне қатысады. Бұл жерде президент цехтарды аралап, құрылысшы, монтаждаушы мамандармен жүздеседі.

АСТАНА. 5-қыркүйек. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін түстен кейін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Елбасының облысқа жұмыс сапары Тайынша аудандық орталығында басталады. Онда президент биоэтанол өндіретін "Биохим" ЖШС кәсіпорнының ашылу рәсіміне қатысады. Бұл жерде президент цехтарды аралап, құрылысшы, монтаждаушы мамандармен жүздеседі.

Сол күні Н.Назарбаев "Тайынша-Победа" ЖШС нің егіс алқаптарында болып, дихандармен кездеседі.

Сапардың екінші күні президент Петропавловск қаласындағы "Қызылжар" орталық мешіті мен православиелік Возненесения Господня (Құдайды ұлықтау) шіркеуінде болады. Сонымен бірге Елбасы Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен "Отан" партиясы филиалының кеңсесі құрылысында болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны