21.02.2017, 23:29 4472

Мемлекет басшысыныӊ төрағалығымен Қауіпсіздік кеӊесініӊ отырысы өтті

Отырысты ашқан Нұрсұлтан Назарбаев әскери жаттығу барысында қаза тапқан 7 әскери қызметкердіӊ туыстары мен жақындарына барша Қазақстан халқыныӊ және жеке өзініӊ атынан көӊіл айтты.

Астана. 21 ақпан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысыныӊ төрағалығымен Қауіпсіздік кеӊесініӊ отырысы өтті,- деп хабарлайды Ақорда.

Отырысты ашқан Нұрсұлтан Назарбаев әскери жаттығу барысында қаза тапқан 7 әскери қызметкердіӊ туыстары мен жақындарына барша Қазақстан халқыныӊ және жеке өзініӊ атынан көӊіл айтты.

- Жамбыл облысында қар көшкіні салдарынан болған қайғылы оқиға туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Олардыӊ әрқайсысы елініӊ нағыз патриоты болып, өз әскери міндетін соӊына дейін атқарды. Қорғаныс министрлігіне қаза тапқан сарбаздардыӊ отбасыларыныӊ бәріне жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуді тапсырамын. Мемлекеттік комиссия болған оқиғаныӊ себептерін анықтауда. Мұндай қайғылы жағдай болашақта қайталанбау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз, - деді Қазақстан Президенті.

Қауіпсіздік кеӊесініӊ күн тәртібіне мынадай мәселелер шығарылды:

- Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігініӊ 2012-2016 жылдарға арналған стратегиясыныӊ іске асырылу қорытындылары, жаӊа стратегияда белгіленген алдағы кезеӊге арналған негізгі қадамдардыӊ таныстырылымы;

- әскери-техникалық саясаттыӊ бірқатар аспектісі;

- "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне дайындық және оны өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары.

Елбасы құзыретті мемлекеттік органдардыӊ күш-жігері арқасында өткен кезеӊде Қазақстанда сыртқы қауіпсіздік пен ішкі саяси тұрақтылық қамтамасыз етілгенін атап өтті.

- Илемдік экономикадағы дағдарыс жағдайына, отандық экономиканыӊ қиыншылықтарына қарамастан, макроэкономикалық көрсеткіштерді тиімді деӊгейде ұстап тұра алдық. Ішкі, өӊірлік және жаһандық үдерістерге қатысты жүргізілген талдау алдағы кезеӊдегі еліміздіӊ ұлттық қауіпсіздігіне төнуі ықтимал сын-қатерлер мен қауіптерді анықтауға мүмкіндік берді. Қазір елімізде Қазақстан халқына жолдауда көрсетілген мақсаттар мен міндеттер, ұсынылған саяси және конституциялық реформалар талқылануда. Жалпы, олардыӊ дені республика тұрғындарыныӊ қолдауына ие болып отыр, - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті қазіргі кезде қауіптілігі өзекті болып отырған экстремистік және террористік әрекеттерге қарсы тұру еӊ әуелгі міндет болып табылатынын айтты.

- Жаӊа стратегияда аталған қызмет бағыттарыныӊ әрқайсысы бойынша тиісті құрылымдардыӊ әрекет ету шаралары қарастырылған, - деп түйіндеді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы мемлекеттік органдарға басқа да салалар мен бағыттарға қатысты ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде бірқатар міндет қойды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны