24.02.2015, 18:01 4207

Мемлекет басшысыныӊ төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеӊесініӊ отырысы өтті

Президенттіӊ Көмекшісі - Қауіпсіздік Кеӊесініӊ Хатшысы Н.Ермекбаев ұлттық қауіпсіздіктіӊ ахуалы мен мемлекеттік органдардыӊ осы саладағы қызметі туралы баяндады

Астана. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Отырыста Ұлттық қауіпсіздік стратегиясыныӊ 2014 жылғы жүзеге асырылу барысы, елдіӊ Қарулы Күштерін нығайту мәселелері талқыланды, сондай-ақ биылға арналған мейлінше өзекті міндеттер белгіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Президенттіӊ Көмекшісі - Қауіпсіздік Кеӊесініӊ Хатшысы Н.Ермекбаев ұлттық қауіпсіздіктіӊ ахуалы мен мемлекеттік органдардыӊ осы саладағы қызметі туралы баяндады. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы қабылданып жатқан шаралар арқасында ұлттық мүдделерді тиісті деӊгейде сақтау қамтамасыз етіліп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар діни-экстремистік, террористік, сондай-ақ жаһандық және өӊірлік үрдістерден туындаған экономикалық сипаттағы қатерлер сақталып отыр.

Қазақстан Президенті осыған байланысты лаӊкестікке қарсы қолда бар инфрақұрылымды жетілдіру қажеттігіне тоқталды.

Атап айтқанда, мемлекет терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі құқықтық және ұйымдастырушылық тетіктерді жетілдіруді жалғастырып, арнаулы бөлімдердіӊ жабдықталуын және олардыӊ лаӊкестікке қарсы операцияларға дайындығын арттыру жөнінде шаралар қабылдайды. Түсіндіру жұмыстары азаматтарымыздыӊ бойында экстремистік идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру ісіне бағытталады. Қабылданатын құқықтық және профилактикалық шаралар радикалдық идеяны ұстанатындар санын қысқартуға мүмкіндік береді.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар елдегі және біздіӊ негізгі сауда серіктестеріміздіӊ нарықтарындағы экономикалық ахуалды ұдайы талдап отыруға, қажет болған жағдайда шара қабылдауға тиістігіне назар аударды.

Сонымен қатар, қалыптасқан жағдайда ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға, әлеуметтік және еӊбек қақтығыстарына әкелетін себептерді жоюға айрықша назар аудару қажет. Бұл ретте еӊбек және шаруашылық дауларына қатысушы барлық тараптыӊ заӊдылықты сақтауы маӊызды.

Қазақстан Президенті біздіӊ республикамыз Украинадағы ахуалды реттеу ісіне барынша күш жұмылдыруды жалғастыратынын айтты. Бұл мақсатқа жету үшін барлық дипломатиялық ресурстар пайдаланылатын болады.

Отырыста сондай-ақ әскери, қоғамдық, экологиялық, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты мәселелер қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Үкіметке бірқатар нақты тапсырма беріп, олардыӊ орындалуын бақылауды Қауіпсіздік Кеӊесініӊ Хатшылығына жүктеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны