21.01.2014, 20:16 5292

Мемлекет басшысының жарлығымен М. Тәжин Мемлекеттік хатшы қызметінен босатылды

Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды. Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігінің басшысы Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовке Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы міндетін уақытша атқару жүктелді.

Алматы. 21 қаңтар. Kazakhstan today. Бүгін Ақорданың баспасөз қызметі кадрлық тағайындау туралы хабарлады.

"Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен; Ғалым Ізбасарұлы Оразбақов Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігінің басшысы Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовке Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы міндетін уақытша атқару жүктелді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны