24.06.2008, 18:33 2946

Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстанның Кореядағы және Ирактағы елшілері тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстанның Кореядағы және Ирактағы елшілері тағайындалды

Астана. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстанның Кореядағы және Ирактағы елшілері тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысының жарлығымен Дархан Илиұлы Бердәлиев Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды;

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Иордания Хашимиттік Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Болат Серғазыұлы Сәрсенбаев Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны