06.12.2023, 17:04 31556

Мемлекет басшысы Ақтөбедегі керамогранит және қыш плиталар шығаратын зауытты аралап көрді

Нысанға 9,2 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылған
Мемлекет басшысы Ақтөбедегі керамогранит және қыш плиталар шығаратын зауытты аралап көрді
Сурет: akorda
Мемлекет басшысы Ақтөбедегі керамогранит және қыш плиталар шығаратын зауытты аралап көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Президент «Зерде-Керамика Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Индустриалды аймақта орналасқан өндірістік нысанның аумағы – 15 гектар. Зауыт жылына 5 миллион шаршы метр өнім өндіреді.

Зауыттың атқарушы директоры Дәурен Битеміровтің айтуынша, мұнда шығарылатын керамогранит пен қыш плиталар Қазақстанның батыс өңірлерінің сұранысын толығымен өтейді. Сонымен қатар Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдеріне де экспортталады.

Өндірістің барлық жұмысы толықтай автоматтандырылған. Бұл зауыттың ерекшелігі саналады. Жүйе италиялық SACMI фирмасының заманауи қондырғысы арқылы басқарылады.

Нысанға 9,2 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылған. «Өндірісті дамыту қоры» акционерлік қоғамынан қондырғылар сатып алу үшін мемлекет 7,5 миллион еуро көлемінде несие алуға қолдау көрсеткен.




 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны