12.01.2026, 19:10 3091
Мемлекет басшысы конституциялық реформаға қатысты түсіп жатқан ұсыныстармен танысты
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен және Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевпен Парламенттік реформа бойынша кезекті жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Ерлан Қарин Мемлекет басшысына Жұмыс тобының 9 қаңтарда өткен отырысында болашақ бір палаталы Парламенттің мәртебесін, өкілеттіктері мен функцияларын анықтауға, сондай-ақ биліктің басқа да тармақтарымен өзара іс-қимылына қатысты тәсілдер әзірленгенін айтты. 15 қаңтарға жоспарланған келесі отырыста жаңа Парламенттің басты мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз ету өкілеттіктері талқыланады.
Ержан Жиенбаев Мемлекет басшысын конституциялық реформаға қатысты Жұмыс тобы мүшелері мен жұртшылықтан келіп түскен жаңа ұсыныстармен таныстырды.
Президент барлық пікір мен бастаманы ескеру қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ конституциялық реформа бойынша түпкілікті шешімді ел азаматтары жалпыұлттық референдумда қабылдайтынын мәлімдеді.
Сонымен қатар кездесуде Ұлттық құрылтайдың Қызылорда қаласында өтетін бесінші отырысына дайындық мәселесі қаралды. Мемлекет басшысы Құрылтай отырысын өткізуді осы жылдың 20 қаңтарына белгілеп, алдағы маңызды іс-шараны ұйымдастыру және оған тыңғылықты әзірлену жөнінде нақты тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
13.01.2026, 09:52 1391
Ақмола облысында әлеуметтік сала мәселелері талқыланды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Көкшетау қаласында Ақмола облысының әлеуметтік саласына қатысты мәселелер қаралды. Кеңес "Aqmola Digital" алаңында өтіп, оған облыс әкімі Марат Ахметжанов, әлеуметтік сала вице-министрлері, орталық мемлекеттік органдар мен өңірдегі әлеуметтік сала басшылары қатысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Ең алдымен, қатысушылар облыстағы білім беру саласын, әсіресе мектепке дейінгі білім беру мәселелерін талқылады. Балабақшалар 97,1% баланы қамтығанымен, әлі 3 мыңнан астамы кезекте тұр, бұл инфрақұрылымға түскен жүктеменің көп екенін көрсетеді. Сонымен қатар мамандар болжамы бойынша 2028 жылға қарай мектептегі орындар тапшылығы 4 мыңға дейін жетуі мүмкін. Бұған қоса, өңірдегі білім сапасына кадр жетіспеушілігі де кері әсерін тигізіп отыр. Мектепке дейінгі білім беру саласында 690 педагог жетіспейді, ал жекеменшік секторда біліктілік санаты бар педагогтердің үлесі небәрі - 13,4%.
Өңірдің денсаулық сақтау жүйесіндегі кей көрсеткіштердің жақсаруы негізгі мәселелерді толық шешпейді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, облыс бойынша өмір сүру ұзақтығы - 74,2 жас. Сонымен қатар 2025 жылдың 10 айында жалпы өлім-жітім 4%, нәресте өлімі 36,7 % және туберкулезден көз жұмғандар саны 29,6% төмендеген.
Адамдар үшін есептегі сандар емес, нақты нәтиже маңызды. Көрсетілетін көмек қолжетімді, уақтылы және сапалы болуы керек. Әрбір салынған нысан лицензия, құрал-жабдықтар, кадрлармен қамтамасыз етіліп, "толық циклде" жұмыс істеуі тиіс. Ал ана өлімі мен жүрек-қан тамырлары аурулары сияқты "аса сезімтал" көрсеткіштер бойынша жекелеген шаралар емес, бірыңғай басқарушылық байланыс пен барлық деңгейде жауапкершілік қажет", - деді Аида Балаева.
Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында атаулы әлеуметтік көмектің тиімділігіне тікелей ықпал ететін деректердің сапасы негізгі мәселе ретінде атап өтілді. Бірыңғай цифрлық платформаға 727 ұйым енгізілгені сөз болып, сонымен қатар қосарланған жұмыспен қамту мен кадрлық есептіліктегі бұрмалауларды қоса алғанда, қайта тексеруді қажет ететін жағдайлар анықталғаны айтылды.
Кадр мәселесі де жиында талқыланған маңызды тақырыптың бірі болды. Облыста Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты 3 жоғары оқу орны жұмыс істейді (13,1 мың студент, оның ішінде 4,7 мыңы - мемлекеттік тапсырыс бойынша). Ал өңір экономикасының жыл сайынғы кадр қажеттілігі шамамен 12,5 мың адам, оның жартысынан астамы техникалық және кәсіптік білім беру саласына тиесілі. Осыған байланысты өңірлік білім беру тапсырысын нақтылау және ерте кәсіби бағдар беру жұмысын күшейту қажеттігі көтерілді.
Сонымен қатар Аида Балаева жұмыс сапары аясында Ақмола облысының Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесуде халықпен тұрақты байланыс орнату және әлеуметтік қызметтердің сапасына қоғамдық бақылауды күшейту мәселелері жан-жақты талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша Аида Балаева бірқатар тапсырма берді. Атап айтсақ, білім беру саласы бойынша жеке жоспар әзірлеу, денсаулық сақтау саласындағы бақылауды ана өліміне, кадр мәселесіне және алғашқы медициналық-санитарлық көмекті "толық циклде" іске қосуға басымдық бере отырып күшейту, әлеуметтік саладағы деректерді верификациялауды аяқтау және қосарланған қаржыландырудың алдын алу. Сондай-ақ кадрларды өңір қажеттіліктеріне сай даярлау, білім және ғылым, туризм және спорт салалары бойынша инфрақұрылымдық шешімдерді нақты мерзімдер мен жауаптыларды айқындай отырып жеделдету тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.01.2026, 20:12 1941
Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Президентке ведомствоның 2025 жылы атқарған қызметінің басты нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Жанат Элиманов 1135 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, жәбірленушілерге 141,5 миллиард теңге өтелгенін баяндады. 128 миллиард теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға айырбастаумен шұғылданған 15 қылмыстық топ пен 29 алаңның көзі жойылды. Есірткі сатудан және алаяқтық жолмен тапқан ақшаны жылыстатқан 22 астыртын криптоалмасу қызметіне тосқауыл қойылды. Есірткі табысын заңдастыруға қатысы бар 1,1 мыңнан астам заңсыз онлайн криптовалюта айырбастау қызметі мен 20 мың дроп‑карта бұғатталды.
Мемлекет басшысына қаржы секторында заңсыз кірісті жылыстатумен айналысты деген күдікке іліккен 2 мың компаниямен және 56 мың адаммен іскерлік қарым-қатынас тоқтатылғаны туралы айтылды. Бұдан бөлек, 53 инфрақұрылымдық жоба бойынша 264,2 миллиард теңге бюджет қаржысын негізсіз шығындауға, тауар биржасы басшылығының 2 миллиард теңге заңсыз сыйақы алу схемасына тосқауыл қою арқылы әлеуметтік маңызы бар көмір бағасының спекулятивтік өсуіне жол берілмеді. Агенттік қызметкерлері контрабандалық жолмен шетелге 102 мың тонна бензин шығару әрекетін әшкерелеп, жанар-жағармай тапшылығының алдын алды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа халықты онлайн-казинолардан сақтандыру шаралары жөнінде мәлімет берілді. Атап айтқанда, төлем қызметтерін ұсынатын 35 ұйымның көмегімен 2,1 триллион теңге қаражат заңсыз айналымда жүргені анықталды. Табиғи ресурстарды барлау жұмыстарын атқармаса да, 437 жер қойнауын пайдаланушыға 625 жер телімін беру, сондай-ақ 382 мың тоннадан астам заңсыз өндірілген пайдалы қазбаны шығару фактілері тіркелді.
Сонымен қатар МӘМС жүйесінде көрсетілген қызметтердің санын қолдан көбейту, соның ішінде қайтыс болған адамдарға жалған медициналық көмек көрсету арқылы 26 миллиард теңге шығын келтіру фактісі мәлім болды.
Мемлекет басшысы Агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.01.2026, 16:11 336
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры қызметіне Тұрар Әлімжан Қамбарұлы тағайындалды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Тұрар Әлімжан Қамбарұлы - "Болашақ" бағдарламасы аясында Ұлыбританиядағы University of Southampton университетін "электроэнергетика" мамандығы бойынша тәмамдаған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігнің баспасөз қызметінен.
Еңбек жолын "KEGOC" АҚ-да жабдықтарды жөндеу жөніндегі электросілесір болып бастап, кейін құрылыс саласында және мемлекеттік қызметте жалғастырған.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаментінде бас маман қызметінен бастап, Электроэнергетиканы дамыту департаментінде басшылық лауазымдарға дейін қызмет атқарды. Осы кезеңде жылу және электр энергетикасы салаларын трансформациялау жөніндегі реформаларды үйлестірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.01.2026, 10:24 1296
Вице-премьер Жаслан Мәдиев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында 2026 жылға арналған цифрлық трансформацияның басым бағыттарын айқындау бойынша өңірлермен жүйелі жұмыс жалғасып жатыр. Әкімдіктермен және жергілікті салалық ұйымдармен бірлесіп, цифрлық даму жоспарлары мен жасанды интеллект шешімдерін енгізуге дайындық деңгейіне салыстырмалы талдау жүргізілуде.
Қарағанды қаласында облыс басшылығы және салалық қызметтермен кездесу өтті. Кездесу барысында өңірдегі цифрлық трансформацияның серпіні, IT-индустрияның дамуы, сондай-ақ жасанды интеллектіге негізделген шешімдерді экономика мен мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу мәселелері талқыланды.
Талқылаудың негізгі бағыттары телекоммуникациялық инфрақұрылым мен киберқауіпсіздікті дамыту, өңірлік IT-хабтардың әлеуетін арттыру, халыққа қызмет көрсету цифрлық кеңселерін трансформациялау, Smart City жобаларын жүзеге асыру, сондай-ақ экономиканың нақты секторын цифрландыру болды.
Әрбір аталған бағыт бойынша өңірлік ерекшеліктер мен нысаналы көрсеткіштерді ескере отырып, оларды одан әрі дамытуға арналған ұсыныстар мен тәсілдер таныстырылды.
Өңірде қоғамдық қауіпсіздік, көлік, қалалық инфрақұрылым және деректерді басқару салаларында цифрлық жүйелер нақты уақыт жағдайында жұмыс істейді. Вице-премьер қолданыстағы цифрлық жүйелердің қызметімен танысты. Олардың күнделікті тәжірибедегі тиімділігі бағаланып, әлсіз тұстары анықталып, күшейту шаралары белгіленді.
Кездесу қорытындысы бойынша азаматтар үшін ыңғайлы, бизнес үшін тиімді болғаны және үрдістердің ашықтығы басымдыққа алына отырып, 2026 жылға арналған жоспарға енгізілетін нақты міндеттер мен ұсыныстар тізбегі жасақталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.01.2026, 18:19 1526
Қазақстанда құрылыс саласын цифрландыру жоспары бекітілді
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Мемлекет басшысының тапсырмалары мен Цифрландыру және ЖИ жылы аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру шеңберінде Премьер-министрдің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2026-2027 жылдарға арналған құрылыс саласын цифрландыру жоспарын бекітті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Құжат құрылыс саласын цифрлық трансформациялаудың негізгі міндеттерін айқындайды және жоспарлау, жобалау кезеңдерінен бастап, пайдалануға беру, ғимараттарды одан әрі пайдалану үдерістеріне дейінгі құрылыс нысандарының бүкіл өмірлік циклін қамтиды.
Жоспарда құрылыс саласындағы үдерістерді жеңілдету және жеделдетуге бағытталған кешенді практикалық шаралар көзделген. Басым бағыттардың қатарында міндетті BIM-жобалауды енгізу, құрылыс саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, нысандардың цифрлық паспорттарын қалыптастыру, сондай-ақ құрылыс нормалары мен стандарттарын машинамен оқылатын форматқа көшіру бар. Бұл шаралар қолмен орындалатын операциялар санын қысқартуға, қателіктер тәуекелін азайтуға және құрылыс жобаларын жүзеге асырудың болжамдылығын арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Жоспарды жүзеге асыру саланың ашықтығын және басқарылуын қамтамасыз етуге, құрылыс мерзімдері мен шығындарын қысқартуға, әкімшілік кедергілерді азайтуға, сондай-ақ құрылыс нысандарының сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Бүгін Мемлекет басшысы құрылыс және цифрлық кодекстерге қол қойды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.01.2026, 12:04 94496
2025 жылы мүгедектікті белгілеуге қатысты 113 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды
Достарға айту
2025 жылы Қазақстанда медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі - МӘС) жүргізу аясында мүгедектікті белгілеуге арналған 113,1 мың өтінім сырттай форматта қаралды. Бұл ел бойынша куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 42,5 пайызын құрайды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сырттай проактивті куәландыру бірқатар нозологиялық нысандар бойынша қолданылады. Олардың қатарына онкологиялық аурулар, барлық локализациядағы туберкулез, туа біткен және жүре пайда болған анатомиялық даму кемістіктері, психикалық аурулар, балалардағы бірінші типті қант диабеті, балалардағы мукополисахаридоз, сондай-ақ ағза трансплантациясынан кейінгі жағдайлар кіреді.
2025 жылы нозологиялық нысандар тізбесі едәуір кеңейтілді. Оған шынайы гидроцефалия, бір немесе бірнеше аяқ-қолдың тұрақты айқын салдануы немесе терең парездері сияқты аурулар енгізілді.
Осылайша, қазіргі таңда сырттай форматтағы куәландыру 50-ден астам нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі.
Бұған дейін хабарланғандай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің қызмет алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды.
Аталған тапсырманы орындау мақсатында Қазақстанда медициналық-әлеуметтік сараптаманың сырттай форматы енгізілді. Бұл жағдайда өтініш берушіге тек тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға жүгініп, қажетті тексеруден өту жеткілікті.
Құжаттарды жолдаудан бастап сараптамалық шешім шығаруға дейінгі барлық кейінгі кезеңдер азаматтың жеке қатысуынсыз, ақпараттық жүйелердің интеграциясы арқылы жүзеге асырылады. №031/у нысанындағы медициналық құжаттар медициналық ұйымдардан МӘС бөлімшелеріне электрондық форматта жолданады.
Сырттай куәландыруға көшу:
- - әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;
- - МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;
- - мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді;
- - көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды, сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.01.2026, 11:16 1181
Үкіметте денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялау мәселесі талқыланды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялау мәселелеріне арналған жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында медициналық көмектің сапасына тікелей әсер ететін нақты басымдықтар талқыланды. Атап айтқанда, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне түсетін әкімшілік жүктемені азайту, процестердің ашықтығын қамтамасыз ету және деректермен жұмыс істеу арқылы саланы тиімді басқару мәселелері қаралды.
Медициналық қызмет сапасы мен көлемін жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы бақылау жүйесін құру міндетін бұған дейін Мемлекет басшысы өз Жолдауында белгілеген болатын.
Цифрлық трансформация аясында қолданыстағы ақпараттық жүйелерді шоғырландыру, сондай-ақ Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйені (БММАЖ) және медициналық деректердің бірыңғай қоймасы - Smart Data Healthcare жүйесін дамыту жоспарлануда. Аталған платформа денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы ақпараттық жүйелердегі (соның ішінде жеке медициналық ақпараттық жүйелердегі) мәліметтерді біріктіріп, деректерге негізделген кешенді талдау, болжау және басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Азаматтар үшін бұл медициналық қызметтерді түсінікті ете түседі: оларда өздерінің электрондық денсаулық паспортына қол жеткізу, тағайындауларды, көрсетілген қызметтерді және емдеу тарихын "деректерді пациенттің өзі бақылайды" қағидаты бойынша цифрлық форматта қадағалау мүмкіндігі пайда болады.
Сервистерді ыңғайлы ету мақсатында барлық шешімдер QazTech платформасында орналастырылып, eGov жүйесімен біріктіріледі. Бұл азаматтарға артық анықтамасыз немесе кезексіз, медициналық қызметке жылдам әрі оңай қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Денсаулық сақтау жүйесі үшін негізгі міндеттердің бірі - деректерді қорғау және бұрмалаудың алдын алу. Медициналық ұйымдарда пациенттердің нақты келуін тіркейтін faceID тетіктері енгізілген. Енді оны екі тәсілмен: eGov Mobile қосымшасы арқылы немесе биометриялық сәйкестендіру көмегімен растауға болады.
Сонымен қатар өткен жылдан бастап "Әлеуметтік әмиян" жобасы жүзеге асырылуда. Оның аясында азаматтар амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберіндегі кепілдендірілген дәрілік заттар пакетін ала алады. Қызмет 700-ден астам мемлекеттік дәріхананы қамтиды (17 млн рецептінің 13,9 млн-ы "Әлеуметтік әмиян" жобасының цифрлық тетігі арқылы рәсімделген). Биыл бұл тәжірибені қосымша төлем тетігін пайдалана отырып, жекеменшік дәріханаларда да кеңінен қолдану жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, медициналық қызметтерге ваучер алу мүмкіндігін енгізу көзделуде. Бұл азаматтар үшін медициналық көмек алу процесін одан әрі ашық әрі ыңғайлы етеді.
Цифрлық шешімдер кезең-кезеңмен енгізіледі. Негізгі мақсат - азаматтарға нақты нәтиже ұсыну және дәрігерлер мен жалпы денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктемені азайту.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.01.2026, 16:29 106906
Аида Балаева Көші-қон саясаты тұжырымдамасының негізгі ережелерін түсіндірді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкіметтің 2025 жылғы желтоқсанда қабылдаған 2030 жылға дейінгі көші-қон саясаты тұжырымдамасының негізгі ережелерін түсіндірді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Оның айтуынша, қазіргі заманда көші-қон саясаты қоғамдағы, экономикадағы және әлемдегі өзгерістердің айқын көрсеткішіне айналып отыр. Сондықтан көптеген елдер өз көші-қон саясатын қайта қарап жатыр. Қазақстан да бұл бағытта нақты қадамдар жасап, көші-қон жүйесін заман талабына сай жаңартып келеді. Ол ашық әрі айқын болып, ең бастысы мемлекет пен азаматтардың мүддесіне қызмет етуге тиіс.
2025 жылғы желтоқсанда Үкімет 2030 жылға дейінгі көші-қон саясатының тұжырымдамасын қабылдады. Бұл құжатта экономиканың қажеттілігі, азаматтардың мүддесі мен ұлттық қауіпсіздік мәселелері жан-жақты қарастырылған.
Ең алдымен, біз Қазақстан азаматтарының мүддесін басшылыққа аламыз. Шетелдік жұмыс күші тек нақты кадр тапшылығы бар салаларға ғана тартылады. Көші-қон бағыт-бағдары өңірлер мен нақты жобалардың сұранысына сай қалыптасады", - деді ол.
Бұл ретте басты назар "Заң және Тәртіп" қағидатының сақталуына салынатын болады.
Заң бәріне ортақ. Сондықтан көші-қон талаптарын бұзғандар жауапкершіліктен сырт айналып кете алмайды. Бұл талап мигранттарға да, жұмыс берушілерге де бірдей қолданылады. Қауіпсіздік елге кіруден бастап, елден шығуға дейін толық қамтамасыз етіледі. Біздің мақсатымыз - Қазақстанға заңды сыйлайтын, мәдениетімізді құрметтейтін адамдардың келуі", - деп атап өтті министр.
2026 жылғы қаңтардан бастап жаңа тәртіп енгізіледі. Шетел азаматтары, соның ішінде этникалық қазақтар, алдын ала іріктеуден өтеді. Оған мемлекеттік тілді білу тесті, цифрлық сауалнама, уәкілетті органдардың тексерулері және әңгімелесу кіреді.
Мемлекеттік қолдауға үмітті қандастарымыз үшін арнайы тәртіп бар.
Мемлекеттік жеңілдіктер мен қолдау бағдарламаларын пайдалану үшін олар қандас мәртебесін рәсімдеп, еңбек күші тапшы өңірлерге қоныстануы керек. Бұл - Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Біз отандастарымызды мемлекеттік стратегияны ұстануға шақырамыз. Өңірлік квотаға кірген қандастар көшіп келген кезде 5 жылға әлеуметтік келісімшарт жасайды. Мемлекет оларға көшуге, баспанаға және жұмысқа орналасуға көмектеседі. Ал егер отбасы бес жыл өтпей басқа өңірге көшсе, алған көмекті қайтаруға тиіс болады", - деп түсіндірді Аида Балаева.
Сонымен қатар балама жол да бар. Яғни, мемлекеттік қолдаусыз, жалпы тәртіппен тұрақты тұруға рұқсат алу. Бұл жағдайда өңірді өз қалауыңызша таңдай аласыз.
Министрдің айтуынша, жаңа көші-қон саясаты кезең-кезеңімен енгізіледі. Қоғамның, бизнестің және өңірлердің пікірі ескеріледі. Заңды құрметтейтін, адал азаматтарға әрдайым басымдық беріледі. Цифрлық құралдар заңсыз әрекеттер мен жалған құжаттарды жоюға мүмкіндік береді.
Көші-қон мәселесі заңды, қауіпсіз әрі бақылауда болуға тиіс. Тек сонда ғана ол мемлекетіміз бен азаматтарымыздың мүддесіне сай келеді", - деп түйіндеді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
13.01.2026, 09:52Ақмола облысында әлеуметтік сала мәселелері талқыланды 13.01.2026, 11:01 161Қазақ-словен экономикалық дипломатиясының жаңа серпіні13.01.2026, 10:45 151Жоғары маржиналды дақылдардың егістік алқаптарын ұлғайту стратегиясы 2026 жылы да жалғасады
06.01.2026, 20:48 199376Заңнамалық актілер жаңа Цифрлық кодекске сәйкес келтіріледі07.01.2026, 09:29 178431Православиелік қазақстандықтар Рождество мерекесін тойлап жатыр07.01.2026, 10:33 178286Мемлекет басшысы Рождество мерекесімен құттықтады06.01.2026, 20:02 151771Премьер-министр төтенше жағдайларға қарсы күрес және алаяқтықтың заманауи түрлерін анықтау үшін цифрлық құралдарды әзірлеп шығару қажеттігін атап өтті08.01.2026, 10:10 1102712026 жылы Қазақстанда медицина қызметкерлерінің еңбек ақысы көтеріледі және құқықтық қорғалуы күшейтіледі
17.12.2025, 17:47 232446Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 227956Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 23:30 226251Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 223241Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 214246Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

