28.11.2025, 19:30 57201

Мемлекет басшысы әлем біріншіліктерінде топ жарған жас шахматшылармен кездесті

Мемлекет басшысы әлем біріншіліктерінде топ жарған жас шахматшылармен кездесті
Сурет: Akorda
Кездесуге 8 жасқа дейінгі санатта әлем чемпиондары атанған Әдинұр Әділбек пен Алиша Бисалиева, 12 жасқа дейінгі санатта әлем чемпионы болған Данис Қуандықұлы, 14 жасқа дейінгі санатта әлем біріншілігінде жеңіс тұғырынан көрінген Марк Смирнов, 16 жасқа дейінгі санат бойынша әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан Эдгар Мамедов, 16 жасқа дейінгі шахматшылар арасында әлем біріншілігінің күміс жүлдесіне қол жеткізген Сауат Нұрғалиев қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысының айтуынша, жас спортшылардың жетістіктері халықаралық аренада Қазақстанның мерейін үстем етеді әрі елімізде шахматтың келешегі зор екенін көрсетеді. Президент чемпиондардың биік мақсаттарға ұмтылуы қажеттігін жеткізіп, оларға жарқын жеңістер тіледі.

- Шахмат деген үлкен өнер. Сондықтан шахматпен күнделікті, мұқият, арнайы кітаптарды оқи отырып айналысу қажет. Бүгін Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворковичпен кездесіп отырсыздар. Бұл - Сіздердің бақытты сәттеріңіздің бірі, - деді Мемлекет басшысы.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев шахмат тақтасына естелік жазба қалдырды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны