16.03.2026, 10:44 791
Мемлекет басшысы референдумға белсене қатысқан жастармен әңгімелесті
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазмедиа" орталығында республикалық референдум аясындағы үгіт-насихат науқанына белсенді қатысқан жастармен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент бүгін тарихи күн екенін атап өтіп, жастарға ризашылығын білдірді.
Шын мәнінде, бұл күн ел өмірінде мәңгі сақталады. Енді 15 наурыз - Конституция күні болып белгіленеді. Бұл - еліміздің басты құжаты. Мен басқа да мемлекеттердің конституцияларымен танысып шықтым. Біздің Конституциямыз ең үздік Ата заңдардың қатарында тұрады деп сеніммен айта аламын", - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Президент жаңа Конституция, ең алдымен, жастарға арналғанына назар аударды. Ата заңға волонтерлік қызмет, ғылым, инновация, жасанды интеллект сияқты ұғымдар енгізілгеніне тоқталды.
Ауқымды үгіт-насихат науқаны жүргізілді. Алдымызда жұмыс көп. Енді жазда Парламент сайлауы өтеді. Оны бір ел болып атқаруымыз керек. Бұл жастардың парламенті болуы қажет деп ойлаймын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Кездесуде "Жастар рухы" жастар қанатының төрағасы Ақерке Ескендірова, креативті индустрия өкілі, кәсіпкер Камиль Байрамов, белсенді жастар Ержан Хамитов пен Нұрбол Серікбай сөз сөйледі.
Жастар бір ай ішінде түрлі форматта 5 мыңға жуық кездесу өткізіп, оған 1,5 миллионнан аса азамат қатысқанын жеткізді. Сондай-ақ елімізде қолға алынған өзгерістердің барлығын қолдайтынын айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
16.03.2026, 09:36 34126
Бірінші exit poll нәтижесі: референдумда халықтың 86,7%-ы жаңа Конституцияны қолдады
Достарға айту
Exit poll нәтижесінде қазақстандықтардың 86,7%-ы референдумда жаңа Ата Заңның жобасын қолдап дауыс берді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Еуразиялық интеграция институтының мәліметіне қарағанда, Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында референдум учаскелерінен шыққан азаматтар арасында сауалнама жүргізілді.
- Сауалнамада 200 референдум учаскесін қамтыды. Оның ішінде 129-ы қалада, 71-і ауылды жерде орналасты. Сауалнамаға жалпы 30 мың респондент қатысты. Оларға арнайы даярланған сұхбат алушылар face-to-face әдісі арқылы сауал қойды. Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1%-дан аспайды. Күні бойы жеті өлшем жүргізілді. Аралық қорытындылары 9:00-де, 10:30-да, 12:30-да, 14:30-да, 16:30-да, 18:30 және 20:30-да жасалды, - делінген институт мәліметінде.
Дауыс берушілерге "Сіз жаңа Конституцияны қабылдайсыз ба? Қай жауап нұсқасын таңдадыңыз?" деген сұрақ қойылды. Exit poll нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің 86,7 пайызы "Иә, қабылдаймын" деп жауап берген. Референдумға азаматтардың қатысуы 75,3 пайызды құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.03.2026, 08:22 566
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қазмедиа орталығының" студиясында экзит-полл нәтижелері таныстырылғаннан кейін Мемлекет басшысы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
- Бүгін - Қазақстан үшін тарихи күн! Еліміздің азаматтары конституциялық реформаны қолдап, референдумға белсенді түрде қатысты. Отанымыздың болашағын ойлап дауыс берді. Бұл - өте жақсы оқиға. Қазір ғана экзит-поллдың нәтижелері шықты. Соған сәйкес қазақ елі түбегейлі тарихи таңдауын жасады. Халқымызға шынайы ризашылығымды айтқым келеді. Бүгін жұртымыз дауыс беріп, Қазақстанның тарихын, тағдырын айқындады. Бұл шешім дүние жүзі тарихында мәңгі сақталады. Бұл мәселе бойынша ешқандай күмәнім жоқ. Өйткені бұл - азаматтарымыздың бойындағы нағыз отаншылдық нышаны. Енді жыл сайын 15 наурызды - Конституция күні, яғни, еліміздің ең басты мерекесінің бірі ретінде қарсы аламыз. Себебі Қазақстан халқы жаңару мен жаңғыру үшін дауыс берді. Бұл - біздің бәрімізге ортақ жетістік. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыұлттық референдум аса жоғары деңгейде өткенін, ашық әрі әділ болғанын айтты. Президенттің пікірінше, барлық заң талаптары мен демократиялық нормалар қатаң сақталды. Мұны еліміздің және шетелдің байқаушылары да айтып отыр.
- Азаматтар жасаған таңдаудың түпкілікті қорытындысын заңға сәйкес Орталық референдум комиссиясы ресми тәртіппен шығарады. Бірақ қазірдің өзінде Қазақстан халқы ынтымақ пен бірліктің, патриотизмнің, Отан тағдырына ортақ жауапкершіліктің керемет үлгісін көрсетті деп айта аламыз. Азаматтарымыздың басым бөлігі Өркендеу, Әділет, Заң мен Тәртіп, Табиғатты аялау және Тазалық жолын таңдады. Бұл - өте жақсы жол. Жаңа Халық Конституциясы елімізді тың жетістіктер мен табыстарға бастайды. Бұған ешқандай күмән жоқ. Дауыс берушілер саны бойынша ең жоғары рекордтық көрсеткіш тіркелді. Мұндай жағдай көптен бері болмап еді. Учаскеге келіп, азаматтық ұстанымын анық білдірген баршаға алғыс айтамын. Осы арқылы күллі әлемге қазақ қоғамының саяси мәдениеті жоғары екенін паш еттік. "Бірлік бар жерде тірлік бар". Бірлік бар жерде өркендеу бар. Елдің қуаты - бірлікте. Бізге татулық пен достық, сабырлық пен табандылық, жасампаздық пен ұқыптылық, еңбекқорлық пен сенімділік ауадай қажет. Сонда ғана озық, дамыған, бәсекеге қабілетті ел боламыз, - деді Президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.03.2026, 16:14 47956
Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша азаматтардың учаскелерге келуі туралы
Сурет: election.gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясы сіздердің назарларыңызға республикалық референдумға азаматтардың келуі туралы кезекті ақпаратты ұсынады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 16.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынаны құрады:
- Абай облысы 69,29 %
- Ақмола облысы 71,33%
- Ақтөбе облысы 77,65 %
- Алматы облысы 68, 23 %
- Атырау облысы 64,33 %
- Батыс Қазақстан облысы 60,61 %
- Жамбыл облысы 70,31 %
- Жетісу облысы 68,50 %
- Қарағанды облысы 72,63 %
- Қостанай облысы 70,96 %
- Қызылорда облысы 82,02 %
- Маңғыстау облысы 68,19 %
- Павлодар облысы 68,41 %
- Солтүстік Қазақстан облысы 60,70 %
- Түркістан облысы 72,39 %
- Ұлытау облысы 66,50 %
- Шығыс Қазақстан облысы 78,98 %
- Астана қаласы 47,76 %
- Алматы қаласы 28,16 %
- Шымкент қаласы 72,61 %
Жалпы сағат 16.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 029 286 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 64,43 пайызын құрады.
Сонымен қатар Астана уақыты бойынша сағат 16.00-де Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларында референдум учаскелері ашылғаны туралы хабарлаймыз.
Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат сағат 18.00-де беріледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.03.2026, 15:00 48391
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді
Сурет: Akorda
Достарға айту
Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумға қатысып, Оқушылар сарайында орналасқан № 51 референдум учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент дауыс берген соң отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифинг өткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін еліміздің дамуы мен келешегі үшін ерекше маңызды күн екенін атап өтті.
- Бүгін еліміздің тағдырын айқындайтын күн. Баршаңызға құтты болсын! Шын мәнінде, бұл - тарихи құжат. Ол азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Сондықтан оның маңызы өте жоғары. Жаңа Конституция еліміздің, жеріміздің тұтастығын, Тәуелсіздігі мен Егемендігін қорғайды. 1995 жылы қабылданған Конституция ерекше рөл атқарды. Еліміз 35 жыл осы құжатпен өмір сүрді. Бірақ заман бір орында тұрмайды. Сол себепті жаңа Конституция қабылдайтын уақыт келді. Бұл жұмысқа мен де белсене атсалыстым. Конституцияның преамбуласын және басқа да нормаларын өзім жаздым. Жаңа Ата заң ел игілігіне, келешегіне қызмет етеді деп сенемін, - деді Мемлекет басшысы.
Бұдан кейін Президент конституциялық реформаның негізгі мақсаты мен міндеттеріне, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіне қатысты бірқатар сауалға жауап берді.
Тоғжан Ғани, "Время" газетінің тілшісі:
- Әлемдік тәжірибеде конституциялық реформа ұзақ уақытқа созылады. Ал бізде жаңа Конституцияны дайындауға және талқылауға аз ғана уақыт жұмсалды. Бұған халықаралық байқаушылар назар аударып, сынға алды. Сіз бұл жөнінде не дейсіз?
- Бұған дейін айтқанымдай, Конституция жобасын әзірлеу жұмыстары біраз уақытқа созылды. 2022 жылы Конституцияға өзгерістер енгізілгені өздеріңізге мәлім. Сол кездің өзінде жаңа Конституция қабылдауға болар еді. Бірақ біз ондай қадамға бармадық. Дегенмен жаңа Конституция қабылдау туралы идея пайда болды. Шамамен екі жыл бұрын іске кірістім. Елімізге жаңа Конституция қабылдау керек деген ұйғарымға келдім. Қазақстан, ең алдымен, зайырлы мемлекет болуға тиіс. Бұл Конституция елімізді ілгерілетініне ешқандай күмәнім жоқ. Біз көштен қалмай, прогрестің алдыңғы шебінде жүруіміз керек. Озық ел болсақ, басқа мемлекеттер бізге құрметпен қарайды. Ел тағдыры өз қолымызда. Сол үшін табанды еңбек ету керек. Алдымызда тұрған ең үлкен мақсат - осы.
Зұлқарнай Ермұрат, Jibek joly телеарнасының тілшісі:
- Кейбір сарапшылар "Конституциялық реформа - билік транзитіне, Президент сайлауына дайындық" деген пікір айтып жүр. Жалпы, Вице-Президент лауазымы не үшін қажет? Осыған қатысты пікіріңізді білсек деп едік.
- Вице-Президент лауазымы туралы әртүрлі әңгіме айтылып жүргенін білемін. Шын мәнінде, бірқатар шет мемлекетте Вице-Президент лауазымы бар. Кейбір сарапшылар "Қазақстанда билік ішінде бәсеке өршіп, түрлі үрдістер жүреді, елге зиян келеді" деген пікір білдіруде. Бұл мәселеде қоғамға зардап келетіндей қорқыныш жоқ. Вице-Президент лауазымы біздің билік институттарын нығайтады. Келешекте бәрі айқын болады. Мемлекет басшысы ретінде бұл лауазымға, жалпы бүкіл реформаға үлкен үміт артып отырмын. Ал Президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мерзімінде өтеді.
Айсұлтан Құлшыманов, Tengrinews.kz ақпарат агенттігінің тілшісі:
- Қазақстан халықаралық қақтығыстарды әрдайым дипломатиялық жолмен шешуді жақтайды. Сіз бұл ұстанымды жақында Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдемелеріңіз арқылы растадыңыз. Сондай-ақ Шығанақтағы бірқатар мемлекет басшысымен телефон арқылы сөйлесіп, оларға қолдау білдірдіңіз. Бірақ Иран Президентімен сөйлеспедіңіз. Бұл Қазақстанның бейтарап ұстанымынан айнып, араб елдерін қолдайтынын білдіре ме?
- Қазақстан әлемге бейбіт ел ретінде белгілі. Кез келген қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуді жақтаймыз. Бұл -айнымас ұстанымымыз. Таяу Шығыста орын алған жағдайдың түрлі себебі бар. Мен мұны жақында өткен алқалы жиында да айтқанмын. Расында, Шығанақтағы араб елдерінің басшыларымен телефон арқылы сөйлестім, тілектес екенімді жеткіздім. Ал Иран Президенті Масуд Пезешкианның жақында елімізге ресми сапармен келгенін білесіздер. Сол кезде жақсы әсер қалдырды. Ол - зайырлы көзқарастағы адам, өзі кардиохирург. Мен оның Иран Шығанақ елдеріне шабуыл жасамайды деген мәлімдемесін құптадым. Тіпті, ол Иранның атынан кешірім сұрады. Алайда кейін оның мәлімдемесі жоққа шығарылды. Иран араб елдеріне шабуыл жасауды әлі тоқтатқан жоқ. Бұдан Иран Президентінің билікке толық ие емес екені көрінеді. Ол анық. Мен ешкімді айыптамаймын, жай ғана факті ретінде айтып отырмын. Бұл Иран билігінің ерекшелігіне байланысты деп ойлаймын. Бір жағынан діни билік үстемдік етеді. Өйткені Иранда діни билік негізгі бағыт-бағдарды айқындап, шешім қабылдайды. Президент те бар, бірақ ол - формальды мемлекет басшысы, іс жүзінде ықпалды тұлға саналмайды. Жалпы, кез келген елде, соның ішінде Қазақстанда қос билік болмауға тиіс. Кезінде мұндай жүйені біз де бастан өткердік, бірақ баянсыз болды. Төрт жыл бұрын еліміздің ішкі тұрақтылығына қауіп төнді. Бұл Қазақстанға да, басқа мемлекеттерге де үлкен сабақ болды деп ойлаймын. Біз Иран халқына, оның мәдениеті мен тарихына құрметпен қараймыз. Сондықтан өз ұстанымымыздан айныған жоқпыз, әрдайым бейбітсүйгіш ел болып қала береміз.
Оксана Даирова, Zakon.kz сайтының тілшісі:
- Президент мырза, жаңа Конституция жобасын екі-үш сөзбен сипаттап бере аласыз ба?
- Бұл - заң мен тәртіп үстемдік құратын Әділетті Қазақстанның Конституциясы, болашаққа бағдарланған құжат. Ата заң алдымен жастарға арналған, яғни жас буынның темірқазығы болуға тиіс. Жаңа Ата заңның мақсаты - осы. Қазақстан прогрессивті, заманауи мемлекетке айналуы керек. Бұл - біздің алдымызда тұрған ең басты міндет.
Боян Бркич, Euronews телеарнасының тілшісі:
- Сіз Қазақстан халықаралық аренада орта держава ретінде танылғанын ұдайы айтып келесіз. Еліңіз Президент Трамп құрған Бейбітшілік кеңесіне мүше болды. Сіздің ойыңызша, Таяу Шығыстағы қазіргі жағдай Бейбітшілік кеңесіне қалай әсер етеді? Бұл бастама өміршең дей аласыз ба? Дональд Трамптың жобасын қолдау жөніндегі шешімге қалай келдіңіз?
- Ең алдымен, Америка Құрама Штаттарының Президентіне құрметім ерекше екенін атап өткім келеді. Оның ақыл-парасатқа негізделген стратегиясы өте дұрыс, құптауға лайық. Бейбітшілік кеңесі туралы бастаманың идеясы, халықаралық күн тәртібіндегі күрделі мәселелерді шешудегі жаңашыл тәсілдері көңілден шықты. Мұнда әуелі дәстүрлі дипломатия мен ірі бизнестің мүмкіндіктері ұштасады. Бұл қарапайым халыққа, соның ішінде Газа секторының тұрғындарына нақты пайдасын тигізеді. Әлем халқы бітпейтін конференциялардан жалықты. Аталған жиындарда қабылданатын ізгі ниетті қарарларды аздаған адам ғана оқиды. Сол себепті бұл идеяны қолдау қажет деп ойлаймын. Өйткені тың шешімдер ұсынады. Президент Трамп мықты тұлға ретінде әсер қалдырады. Ол - батыл көшбасшы. Таяу Шығыста, соның ішінде Палестинада бейбітшілік орнату мүмкіндігі әлі де бар екеніне кәміл сенемін. Бұл бастама баянды болады деп үміттенемін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.03.2026, 14:23 49176
Сағат 14:00-дегі жағдай бойынша азаматтардың учаскелерге келуі туралы
Сурет: election.gov.kz
Достарға айту
Орталық референдум комиссиясы хабарлайды: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 14.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынаны құрады:
- Абай облысы 61,04 %
- Ақмола облысы 60,05 %
- Ақтөбе облысы 61,37 %
- Алматы облысы 56,13 %
- Атырау облысы 56,54 %
- Батыс Қазақстан облысы 49,97 %
- Жамбыл облысы 51,13 %
- Жетісу облысы 59,82 %
- Қарағанды облысы 57,32 %
- Қостанай облысы 56,51 %
- Қызылорда облысы 64,63 %
- Маңғыстау облысы 53,14 %
- Павлодар облысы 53,31 %
- Солтүстік Қазақстан облысы 52,37 %
- Түркістан облысы 58,03 %
- Ұлытау облысы 52,06 %
- Шығыс Қазақстан облысы 59,60 %
- Астана қаласы 40,68 %
- Алматы қаласы 21,68 %
- Шымкент қаласы 58,24 %
Жалпы сағат 14.00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 471 378 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 51,93 % құрады.
Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 31-бабы 2 тармағына сәйкес егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткізілген деп саналады.
Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша 16.00-де беріледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.03.2026, 11:26 47586
Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумда дауыс берді
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Премьер-министр Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумға қатысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Олжас Бектенов елордадағы Дінмұхамед Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінде орналасқан №130 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.03.2026, 10:04 52506
Зайсан ауданында "Ғасыр әже" ансамблінің мүшелері референдум учаскесінде дауыс берді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Зайсан ауданы, Дайыр ауылдық округінде №600 референдум учаскесінде маңызды саяси науқан ерекше мерекелік сипатта өтті. Дайыр ауылынң ең қарт тұрғын, 104 жасқа келген Милания Павловнаның құрметіне құрылған "Ғасыр әже" халықтық ән-би ансамблінің мүшелері келіп, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Ансамбль құрамындағы әжелердің үлкені 85 жаста болса, ең жасы 75-те. Ақ жаулықты аналар сайлау учаскесіне ұлттық нақыштағы киімдерімен келіп, "Шашу" шашып, жиналғандарға ыстық бауырсақ таратты. Сонымен қатар, апалар өз қолдарынан шыққан бірегей қолөнер бұйымдарын жұртшылық назарына ұсынды.
Біз Конституциялық өзгерістерді толық қолдаймыз. Бүгінгі таңдауымыз - болашақ ұрпақтың бақытты өмірі мен еліміздің тұрақтылығы үшін жасалған маңызды қадам", - деп түйіндеді ақ жаулықты аналар.
Ауыл ақсақалдары мен аналардың бұл бастамасы жастар үшін нағыз отансүйгіштік пен белсенділіктің үлгісі болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.03.2026, 09:17 51891
Референдум басталды: ел халқы өз таңдауын жасайды
Достарға айту
Қазақстанда жаңа Ата Заңның жобасы бойынша жалпыұлттық референдум басталды. Осы орайда Орталық референдум комиссиясы таратқан мәліметтер негізінде қажет ақпаратты көпшілік назарына ұсынуды жөн көрдік, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Бюллетеньде бір ғана сауал болады
Биыл 11 ақпан күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы - Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары - Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі - Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады. Мемлекет басшысына Комиссияның жаңа Конституция жобасы бойынша атқарған жұмысы туралы мәлімет берілді.
Осы орайда Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды.
Атап айтқанда, биыл 12 ақпанда Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының қорытынды жобасы жарияланды.
Республикалық референдумда берілген бюллетеньде "Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген сауал қойылады.
Дауыс беруші жауаптың екі нұсқасының бірін таңдайды:
- "Иә, қабылдаймын" немесе "Жоқ, қабылдамаймын".
Бюллетеньдер екі тілде - қазақ және орыс тілдерінде басылады.
Айта кетейік, бірқатар өңірдегі қалаларда референдум күні қоғамдық көлік тегін болады. Бұл шешім қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасау және дауыс беру күні еркін қатынауды қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.
Үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынды
14 наурызда Қазақстанда референдум қарсаңындағы "тыныштық күні" басталды. Сондай-ақ осы уақыттан бастап және дауыс беру күні де - 15 наурызда кез келген үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады ("Референдум туралы" Заңның 7-бабы).
ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүйіндіктің айтуынша, референдумға бір күн қалғанда жаңа Конституция жобасын қолдайтын немесе оған қарсы қандай да бір материалдарды орналастыруға тыйым салынады. Дауыс беру күні де сауалнама нәтижелерін жариялауға тыйым салынады. Бұл үшін әкімшілік жауапкершілік бар. Осы ретте кез келген үгіт-насихат заңға қайшы саналады. Мәселен, тыныштық күні мен референдум күнінде әлеуметтік желідегі репосттар үгіт-насихат ретінде саналуы мүмкін. Бұл ретте осындай заңсыз әрекетке жол берген жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде әлеуметтік желі қолданушылары жауапқа тартылады.
Елде референдум күні 10,4 мың учаске жұмыс істейді
Дауыс беру учаскелері сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Қазақстандықтар 10 402 учаскеде дауыс бере алады, сондай-ақ референдум күні 54 елдегі Қазақстан Республикасының шетелдердегі өкілдіктері жанынан 71 учаске жұмыс істейді.
Комиссия мәліметінше, елімізде 12 461 796 дауыс беруші тіркелген. Заң бойынша, осы саннан 1% артық бюллетень әзірленеді. Демек, 12 586 414 бюллетень болмақ. Алайда жыртып не бүлдіріп алса, азаматтарға жаңа бюллетень берілмейді.
Егер азамат ешқайда тіркелмеген болса, мұның да шешімі қарастырылған. Ел бойынша 220 учаскеге 1 тәулікке тіркелуге болады. Мұндай жағдайда азамат тізімге енгізіліп, дауыс беру үшін оған бюллетень ұсынылады.
- Учаскелерге азаматтар есептен шығару куәлігімен келуі мүмкін. Бұл - тіркелген мекенжайынан басқа жерде дауыс беретіндерге ұсынылатын құжат. Не болмаса, учаскелерге бір тәулікке тіркелгендер де болуы ықтимал. Бюллетеньдердің 1% артық жасалатын себебі сол. Жоғарыда жазылған екі топтағы азаматтар үшін қарастырылған. Ал бюллетенін бүлдіріп алғандарға екіншісі берілмейді, - делінген хабарламада.
Референдумға қатысушыларға кеңес беру үшін Call-орталықтар жұмыс істейді. Call-орталықтар туралы ақпараттар әкімдіктердің ресми интернет-ресурстарында жарияланған.
Дауыс беру күні өзінің тіркелген жерінен тыс жерге баратын болса, 2026 жылғы 14 наурызда сағат 18:00-ге дейін есептен шығару куәлігін алу арқылы дауыс беруге құқылы.
Шетелдерде дауыс беретін Қазақстан азаматтарының саны - 14 230 адам.
Атап айтқанда, Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдайдың ушығуына, Украина мен Эфиопиядағы қауіпсіздік деңгейінің төмендігіне байланысты 10 елдегі 11 учаскенің жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды. Олардың арасында Қазақстан Республикасының Иран, Израиль, Иордания, Қатар, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Ливан, Кувейт, Украина және Эфиопиядағы елшіліктер жанындағы, сондай-ақ Дубай қаласындағы Қазақстан Консулдығы жанындағы учаскелер жатады.
Референдум күні дауыс берушілер тіркелген мекенжайы бойынша учаскеге баруы тиіс.
Егер азамат тұрғылықты мекенжайы бойынша учаскеге келіп, тізімнен өзін таппаса, онда қызметкерлер көмегіне жүгінгені жөн. Жауапты мамандар оның тіркелген мекенжайы бойынша учаскесін анықтап береді. Еліміздегі 10 402 учаскенің жартысынан астамы мұндай қызметті көрсете алады. Ал Астанада бұл көрсеткіш 100%.
2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумда дауыс беру үшін учаскелерді анықтауға арналған "ЖСН бойынша дауыс беру үшін өз учаскеңізді табыңыз" сервисі іске қосылды.
Өз учаскеңізді келесі сілтемелер бойынша біле аласыз:
Халықаралық байқаушыларды тіркеу аяқталды
Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, 38 шет елден 133 байқаушы және 11 халықаралық ұйымнан 226 байқаушы аккредитациядан өткен. Халықаралық байқаушылардың жалпы саны - 359 адам.
- Халықаралық байқаушылардың қатысуы науқанның ашықтығы мен жариялылығына, мемлекет тарапынан халықаралық міндеттемелердің сақталуына ықпал ететінін тағы да атап өткен жөн. Бұл біздің халықаралық міндеттемелерге бейімділігіміздің, халықаралық ұйымдармен, шет мемлекеттермен сайлау саласындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруымыздың дәлелі, - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
13.03.2026, 10:24Қазақстан мен Малайзия сауда, инвестиция және өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуда 12.03.2026, 13:25 190856Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының сессиясында ядролық державалар арасындағы диалогты қайта жандандыруға шақырды12.03.2026, 21:21 189701Стокгольмде Қазақстанның конституциялық реформалары таныстырылды12.03.2026, 14:07 189661Қазақстанның мемлекеттік органдары мен дипломатиялық өкілдіктерінің қолдауымен Таяу Шығыс өңірінен Қазақстанға 9926 қазақстандық елге қайтарылды12.03.2026, 15:10 189601Астанада Қазақстан-Бельгия саяси консультациялардың алтыншы раунды өтті
04.03.2026, 10:54 238191Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады26.02.2026, 22:48 230386Қазақстан Сыртқы істер министрі "Орталық Азия - Ұлыбритания" форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының кездесуіне қатысты26.02.2026, 23:25 229836Қазақстан мен Ұлыбритания басым салаларда экономикалық серіктестікті тереңдетуде26.02.2026, 17:47 229821Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды26.02.2026, 18:49 229791Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда

