01.12.2023, 13:29 26921

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі ханзада Мұхаммед бен Салман Әл Саудты және барша сауд халқын "EXPO-2030" халықаралық көрмесін Рияд қаласында өткізуге қатысты сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөзқызметінен.

Еліңіздің айтулы шараны өткізуші ретінде таңдалуы Корольдіктің жаһандық деңгейдегі мәртебесін, сондай-ақ саудтықтардың қажырлы ұмтылысы мен мемлекет басшылығының жігерлі табандылығын тағы да дәлелдейді. Шығанақ өңіріндегі Қазақстанның басты серіктестерінің бірі Сауд Арабиясымен тығыз ынтымақтастығымыздың жылдан-жылға нығайып келе жатқанын зор ризашылықпен атап өтемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында әлеуеті жоғары қарым-қатынастарымызды халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі дамыта түсетінімізге кәміл сенімдімін", - деп жазылған жеделхатта.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі ханзада Мұхаммед бен Салман Әл Саудтың аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал бауырлас сауд халқына құт-береке тіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны