Система Orphus

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы туралы

09.09.2020 38611

Алматы. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы туралы

ҚР ҰЭМ желісі бойынша

Мемлекет басшысының "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Жолдауын іске асыру үшін Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын әзірледі.

Жоба жаңа экономикалық бағдардың 7 негізгі қағидатына негізделген және 10 бағыт бойынша 143 іс-шарадан тұрады.

Бірінші бағыт. "Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі".

Мемлекеттік жоспарлау жүйесін одан әрі жетілдіру жоспарланып отыр.

Тиімді кадр саясаты мен шешімдер қабылдау жүйесі қамтамасыз етілетін болады.

Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін одан әрі арттыру мақсатында 2021 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшу жүзеге асырылатын болады.

Экономикаға мемлекеттің қатысуын азайту жөніндегі шаралар жалғастырылатын болады.

Барлығы 10 іс-шараны іске асыру жоспарлануда.

Екінші. "Жаңа жағдайдағы экономикалық даму".

Бұл бағыттың негізгі басымдығы өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және қазақстандық қамту үлесі ұлғайту.

Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін дамытуға ерекше назар аударылатын болады.

Елдің көлік-транзит секторын белсенді дамыту жалғасады.

Шағын және орта бизнесті, оның ішінде экономиканың зардап шеккен секторларын қолдау және дамыту жалғастырылады.

Ақша-кредит саясаты маңызды ынталандырушы рөл атқаратын болады.

Салық міндеттемелерін орындауды оңайлату және көлеңкелі экономиканы азайту бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Барлығы 42 іс-шараны іске асыру жоспарлануда.

Үшінші. "Теңгерімді аумақтық даму".

Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға баса назар аударылатын болады.

Өндірісті дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру әлеуетін ескере отырып, өсу нүктелері қалыптастырылатын болады.

Шекара маңындағы аумақтарда отандық тауарларды ілгерілету үшін ынтымақтастық кеңейтіледі.

Барлығы 2 шараны жүзеге асыру жоспарлануда.

Төртінші. "Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты - басты басымдық".

Азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алу және емдеу үшін пайдалануға мүмкіндік беріледі.

Жалға берілетін тұрғын үйді дамыту, әлеуметтік жағынан осал халықты жалға берілетін баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешені қабылданатын болады.

Әлеуметтік және демографиялық саясатты жетілдіру жалғасады.

Барлығы 10 іс-шара жүзеге асырылады.

Бесінші. "Қолжетімді әрі сапалы білім".

Толыққанды оқу процесін қамтамасыз ету мақсатында Бірыңғай онлайн білім беру платформасы әзірленетін болады.

Білім беру жүйесіне білікті кадрлар тартылады, педагог мәртебесі артады.

Кәсіби білім беру еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптастыруға қайта бағдарланатын болады.

Елдің ғылыми әлеуетін арттыруға ерекше назар аударылатын болады.

Барлығы 16 іс-шараны жүзеге асыру жоспарлануда.

Алтыншы. "Денсаулық сақтау саласын дамыту".

Медициналық инфрақұрылымды жаңғыртуға және материалдық-техникалық жарақтандырумен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылатын болады.

Ауылдық жерлерге қызмет көрсету үшін бастапқы медициналық-санитарлық көмек пен көліктік медицинаны белсенді дамыту жоспарлануда

Медициналық препараттардың отандық өндірісін дамыту жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Барлығы 10 іс-шараны іске асыру жоспарлануда.

Жетінші. "Экология және биологиялық әркелкілікті қорғау".

Минералдық-шикізат базасын, су шаруашылығын, балық кәсіпшілігін және ұлттық парктерді дамыту жөнінде кешенді шаралар қабылданатын болады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатты жетілдіру жалғасады.

"Жасыл өсу" және ұлттық экономиканы терең декарбонизациялау бойынша шаралар қабылданатын болады.

Барлығы 8 іс-шараны іске асыру жоспарлануда.

Сегізінші. "Әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау жолында" бағыты бойынша:

Үш буынды қылмыстық модель құрылып, қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманың тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.

Жергілікті полиция қызметін одан әрі жетілдіру жалғасады.

Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметінің ашықтығы мен есептілігі артады.

Барлығы 30 іс-шараны жүзеге асыру жоспарлануда.

Тоғызыншы. "Цифрландыру - барлық реформаның негізгі элементі".

Цифрлық теңсіздікті жою және интернетке барынша қол жеткізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау және төлеу цифрландырылатын болады.

Деректер базасының бірыңғай жүйесі құрылатын болады.

Барлығы 8 іс-шараны іске асыру жоспарлануда.

Оныншы. "Азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы".

Азаматтардың мемлекеттік басқару мәселелерін шешуге белсенді қатысуын кеңейту мақсатында онлайн-петициялардың бірыңғай заңды институты құрылатын болады.

Ауыл әкімдерін тікелей сайлау өткізіледі.

Мәслихаттар қызметінің ашықтығы артады.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мәртебесі мен өкілеттіктері күшейтілетін болады.

Барлығы 7 іс-шараны іске асыру жоспарлануда.

Жалпыұлттық жоспардың іс-шараларын белгіленген мерзімде уақтылы орындауды қамтамасыз етуге арналған барлық қажетті ресурстар мен тетіктер бар.

2020 жылғы қаңтар-тамыздағы ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы

ҚР ҰЭМ желісі бойынша

2020 жылғы қаңтар-тамыздың қорытындылары бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері мынадай.

Тамыздың екінші жартысында қызметтер секторының бірқатар салалары жұмысты қайта бастады.

Экономиканың нақты секторында өсу сақталуда. Олар құрылыс, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі.

Дайын өнім тауарлары экспортының ұлғаюы байқалады.

Жылдық инфляция 7,0%-ке дейін бәсеңдеді.

Тауарлар өндірісі 1,7%-ке өсті. Сонымен бірге, көрсетілетін қызметтер 6,1%-ке қысқарды. Нәтижесінде, жедел деректер бойынша, жалпы ішкі өнім 3,0%-ке төмендеді.

Өндірістік секторы салаларында, оның ішінде құрылыс - 6,5%-тік, ауыл шаруашылығы - 4,9 және өңдеу өнеркәсібі - 3,3%-тік өсу көрсетті.

Сонымен бірге, көрсетілетін қызметтер секторы салаларында, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар - 4,3%-тік, әкімшілік қызметтерді көрсету - 5,1, сауда - 10,5 және көлік қызметтері - 16,1%-тік төмендеу көрсетті.

Бұл ретте, байланыс қызметтері 8,3%-ке артты.

Нақты сектор бәсекеге қабілеттіліктің жақсы нәтижелерін көрсетуде.

Мәселен, есепті кезеңде автомобиль жасау 51,8%-ке, фармацевтика 34,1, дайын металл бұйымдары 18,8, қағаз өнімдері 15,3 және жеңіл өнеркәсіп 11%-ке өсті.

Дайын өнімдердің экспорты ұлғаюда. Жеті айда автомобильдер экспорты 7 есеге, ферросилиций 6 есеге, күнбағыс майы 1,7 есеге, титан құймаларының экспорты 20,5%-ке өсті.

Есепті кезеңде әлемнің 105 еліне экспорт жасалды.

Республика бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру 6,4%-ке өсті.

Жақында, 4-ші қыркүйекте Standard and Poors халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның дербес кредиттік рейтингін инвестициялық сенімділік деңгейінде растады. Болжам - "Тұрақты".

СЫРТҚЫ САУДА

Жеті айда сыртқы сауда айналымы 48,7 млрд. долларды құрады. Экспорт 28,6 млрд. долларды, импорт - 20,1 млрд. долларды құрады.

Сауда балансының оң сальдосы 8,5 млрд. доллар деңгейінде сақталуда.

ӨНЕРКӘСІП

Өнеркәсіп өндірісі 0,4%-ке өсті. Өсу өңдеу өнеркәсібінің 3,3%-ке артуы есебінен болды. Бұл ретте, кен өндіру өнеркәсібі 1,5%-ке төмендеді.

Өнеркәсіп бойынша өсу өңірлердің көбінде байқалады.

Ең жоғары өсуді Қостанай (7,2%-ке), Солтүстік Қазақстан (6,8%-ке) облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы (5,5%-ке) көрсетті.

5 өңірде төмендеу тіркелді. Олар Қызылорда (-11,5%), Маңғыстау (-5,9%), Ақтөбе (-2,9%), Шығыс Қазақстан (-1,5%) облыстары және Шымкент қаласы (-1,8%).

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ

Өңдеу өнеркәсібі 3,3%-ке өсті.

Өсудің жоғары қарқынын фармацевтика, дайын металл бұйымдары, машина жасау, оның ішінде автомобильдер және жеңіл өнеркәсіп көрсетіп отыр.

Өңірлер бойынша жоғары өсу Қостанай (19,9%-ке), Түркістан (14,4%-ке), Солтүстік Қазақстан (7,8%-ке) облыстарында байқалады.

4 өңірде төмендеу тіркелді. Олар Ақтөбе (-4,9%), Батыс Қазақстан (-1,2%) және Шығыс Қазақстан (-0,7%) облыстары және Шымкент қаласы (-1,8%).

НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Негізгі капиталға 7 трлн. теңге сомасында инвестициялар тартылды.

13 өңір өсу көрсетті. Ақмола (29,5%-ке), Түркістан (28,3%-ке) облыстарында және Шымкент қаласында (29,3%-ке) инвестициялар жоғары өсті.

4 өңірде төмендеу тіркелді. Олар Қызылорда (-35,4%), Атырау (-22,2%), Батыс Қазақстан (-14,8%), және Қарағанды (-9,5%) облыстары.

ҚҰРЫЛЫС

Құрылыс секторы тұрақты қарқынмен дамып келеді. Орындалған жұмыстардың көлемі 6,5%-ке өсті.

Құрылыс жұмыстарының жоғары өсуі Түркістан облысында (65,1%-ке) және Шымкент қаласында (62,6%-ке) байқалады.

8,1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ке көп.

ӨҢІРЛЕР

Өңірлерде 7 экономикалық көрсеткіш бойынша жалпы жағдай келесідей.

Екі көрсеткіш (сауда және көлік) бойынша карантиндық шараларға байланысты төмендеу байқалуда.

5 көрсеткіш бойынша 7 өңірде өсу байқалады. Олар Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

4 көрсеткіш бойынша 7 өңірде өсу тіркелді. Бұл орташа деңгей.

Ал, 3 өңірде 2-3 көрсеткіш бойынша ғана өсу байқалады. Олар Атырау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары.

Экономикалық белсенділікті қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шараларды ескере отырып, орталық және жергілікті атқарушы органдар мынадай аспектілерге назар аударуы қажет.

1. Карантиннен кейінгі кезеңде бизнестің жұмысын

жан-жақты қолдау.

2. Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлерді қолдау құралдарын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету.

3. Қазақстандық өнімнің үлесін ұлғайтуды және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін қаражатты толық және тиімді игеру.

4. Инвестицияларды белсенді тарту және инвесторлармен нақты жұмыс жасау.

5. Өңделген тауарларды өндіру және экспорттау үшін жағдай жасау.

6. Баға мониторингін күшейту және Тұрақтандыру қорларының тетіктерін пайдалану арқылы маусымдық ауытқуларға жол бермеу.

7. Өңірлік еңбек нарықтарындағы ахуалға тұрақты мониторинг жүргізу және жұмыспен барынша қамту.

ҚР ҚМ желісі бойынша

Алдын ала деректер бойынша ағымдағы жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің атқарылу көрсеткіштері келесідей қалыптасты.

КІРІСТЕР БОЙЫНША

Мемлекеттік бюджетке (трансферттерді есепке алмағанда) 5,5 трлн. теңге сомасында кірістер түсті немесе жоспар (5 752 млрд. теңге) 95,5%-ке атқарылды.

Республикалық бюджетке кірістер (трансферттерді есепке алмағанда) 3 трлн. 455 млрд. теңге сомасында түсті немесе жоспар 85%-ке атқарылды.

Кірістер бойынша жоспардың атқарылмауы 610 млрд. теңгені құрады.

Негізгі атқарылмау сомалары қосылған құн салығы (596 млрд. теңге) және корпоративтік табыс салығына (260 млрд. теңге) тиесілі болды.

Корпоративтік табыс салығының атқарылмауына мынадай факторлар әсер етті:

?негізгі экспорттық позициялар бойынша бағаның орта есеппен 14,4%-ке құлдырауы (шикі мұнайға - 35,2%, мырышқа -18,3%, алюминийге - 10,3%, феррохромға - 6,8%, мысқа - 5,9% және қорғасынға - 9,3%);

?854 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванстық төлемдер сомасының өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда 229,2 млрд. теңгеге (42,8%-ке) төмендеуі;

?Екінші деңгейдегі банктерден түсетін түсімдердің 9 млрд. теңгеге (42,1%-ке) азаюы.

Қосылған құн салығы бойынша жоспардың негізгі атқарылмау себептері:

?өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (2019 жылғы 8 айда - 318,1 млрд. теңге, 2020 жылғы 8 айда - 519,9 млрд. теңге) қосылған құн салығын қайтарудың 63,4%-ке немесе 201,8 млрд. теңгеге өсуі;

?"Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйе деректері бойынша сату бойынша айналымдардың 11,6%-ке азаюы. Негізгі төмендеу тау-кен өнеркәсібі саласына тиесілі, онда айналымдар 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 33,2%-ке немесе 3,9 трлн. теңгеге (2019 жылғы 8 айдағы сату айналымдары - 11,7 трлн. теңге, 2020 жылғы 8 айда - 7,8 трлн. теңге) азайған;

?тәртіптің карантин режимінің енгізілуіне байланысты іскерлік белсенділіктің төмендеуінен шамамен 20,6 мың салық төлеуші төлемдерін 265 млрд. теңгеге төмендетті;

?2019 жылғы 7 аймен салыстырғанда Қазақстан Республикасының үшінші елдермен тауар айналымының

?10,5%-ке (экспорт - 13%, импорт - 6%), Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерімен 2019 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда- 11%-ке (экспорт - 20%, импорт - 7%) төмендеуі.

Жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері 121%-ке атқарылды және 2 трлн. теңгеден аса болды.

Жоспар 353 млрд. теңгеге асыра орындалды. Оның ішінде салықтар бойынша - 328 млрд. теңгеге.

Барлық өңірлерде кірістер жоспарлары асыра орындалды.

ШЫҒЫСТАР БОЙЫНША

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,8%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары - 99,5%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары - 98,4%-ке атқарылды.

Республикалық бюджеттің шығыстары 9 трлн. 251 млрд. теңгені құрады.

45 млрд. теңге атқарылмаған.

Оның ішінде үнемдеу - 17 млрд. теңге, игерілмегені - 28 млрд. теңге.

Жергілікті бюджеттердің шығыстары 4,9 трлн. теңгені құрады.

Атқарылмағаны - 80 млрд. теңге.

Ағымдағы жылы өңірлерге 2,3 трлн. теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген.

Алдын ала мәліметтер бойынша оларға 1 қыркүйекке 1,4 трлн. теңге бөлінді.

Оның ішінде 97,9%-і игерілген.

Атқарылмағаны - 29 млрд. теңге.

Оның ішінде 7 млрд. теңге үнемделді, 22 млрд. теңге игерілмеді.

МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ БОЙЫНША

Өткен 8 айда камералдық бақылаумен сомасы 12,3 трлн. теңгеге 1 млн. аса мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды.

Тексеру қорытындылары бойынша сомасы 4,6 трлн. теңгеге бұзушылықтар ескертілді.

1 мыңнан аса аудиторлық іс-шара өткізілді.

Аудитпен 603 млрд. теңге бюджет қаражаты қамтылды.

Сомасы 168 млрд. теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Тауарлар жеткізілімін қалпына келтіру, қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есеп бойынша көрсету жолымен 162 млрд. теңгеге бұзушылықтар жойылды.

Аудит объектілері қызметін жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін 966 ұсыным берілді.

Оның ішінде 760-ы орындалды.

МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕРДІ БАСҚАРУ БОЙЫНША

2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспары 93%-ке орындалды.

2020 жылы 74 объектіні сату жоспарланып отыр.

Оның ішінде 38-і сатылымға қойылды.

Есепті кезеңде сомасы 88,4 млрд. теңгеге 6 объекті сатылды.

Сауда-саттықта 32 объекті тұр.

5 объекті қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілді.

18 объекті жыл соңына дейін сатуға қойылатын болады.

13 объект бойынша іске асыру мерзімі 2021-2024 жылдарға ауыстырылды.

ҚР ИИДМ желісі бойынша

ӨНЕРКӘСІП

Елімізде 2020 жылдың 8 айының қорытындысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 0,4% (пайызға) өсті (оның ішінде тау-кен өндіру - 1,5% төмендеді, өңдеу - 3,3% артты).

12 өңірде оң нәтиже көрсетті.

Тау-кен өндіру секторында түсті кендерді өндіру құрамында алтын бар кенді өндіруді артуы есебінен 1,4% (пайызға) өсті.

Темір кен өндіру көлемі 0,9% (пайызға) өсті.

Көмір өнімдерін тұтыну көлемінің артуына байланысты (энергетика, өнеркәсіп, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер, экспорт) өсім (көмір концентратын есепке алмағанда) 1,2% (пайызды) құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексі түсті металлургия, фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, химия және басқа да салалар есебінен 3,3% (пайызға) өсті.

Түсті металлургияда өндіріс көлемі тазартылған алтын өндіру көлемін 3% (пайызға), бастапқы алюминийді 1% (пайызға), құйма алтын 30% (пайызға), түйіршіктердегі күміс 28% (пайызға) және басқа да көрсеткіштердің өсуіне байланысты нақты көлем индексі 2,7% (пайызға) артты.

Қара металлургияда нақты көлем индексі 97,8% (пайыз) құрады. Бұл көрсеткіш болаттың, рельстердің, болат құбырлардың, шойын өндірісі көлемінің төмендеуіне байланысты болды.

Химия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 3,1% (пайызға) өсті. Бұл дезинфекциялық құралдар және минералды тыңайтқыштардың өндіру көлемінің ұлғаюына байланысты (аммиак селитрасы 17% (пайызға), аммиак 240% (пайызға), фосфор қышқылы 39% (пайызға), аммофос 30% (пайызға)).

Машина жасау саласы жақсы нәтиже көрсетіп, өндіріс көлемі 16,3% (пайызға) өсті.

Автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер 51,8% (пайызға), машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату 2,8% (пайызға), өзге көлік құралдарын жасау 101,4% (пайызға), электр жабдықтарды жасау 0,2% (пайызға) өсті.

Фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 34,1% (пайызға) артты.

"СК-Фармация" дистрибьюторы арқылы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізу көлемі ұлғайтылды.

Жеңіл өнеркәсіпте өндіріс 11% (пайызға) өсті. Ол тоқыма бұйымдары өндірісінің 7,2% (пайызға) және былғары өнімдердің 66,2% (пайызға) ұлғаюына байланысты болды.

КӨЛІК

Көлік саласында нақты көлем индексі 2020 жылдың қантар-тамыз айларында 83,9% (пайызды) құрады.

Контейнерлердің транзиттік тасымалдарының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37% (пайызға) артты (2019 жылдың қаңтар - тамыз 411,2 мың жиырма фунттық балам) және 564 мың жиырма фунттық баламаны құрады.

Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау көлемі 2,5 млрд. тоннаны құрап, 7,5% (пайызға) төмендеді (2019 жылдың қаңтар - тамыз 2,68 млрд.тонна).

ҚҰРЫЛЫС

Құрылыс саласында нақты көлем индексі 2020 жылдың қантар-тамыз айларында 106,5% (пайызды) құрады. Өсім құрылыс көлемін арттыру есебінен қамтамасыз етіледі.

16 өңірде оң динамика байқалады.

Тұрғын үй құрылысында биыл 8 айдың қорытындысында 8 млн. 100 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл - өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,4% (пайыз).

Республика бойынша барлығы 71 мың 457 баспана пайдалануға берілді (оның ішінде 26 310 жеке тұрғын үйлер).

Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің артуы республиканың 14 өңірде байқалады

ҚР ЭМ желісі бойынша

2020 жылғы қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша мұнай және конденсат өндіру көлемі 58,3 млн.тоннаға жетті (нақты көлем индексі (НКИ) - 97,7%), 2020 жылдың жоспары 85,2 млн тоннаны құрайды.

Мұнай экспорты 47,3 млн. тоннаны құрады, (НКИ - 99,1%), 2020 жылдың болжамы 67,5 млн тонна.

Есепті кезеңде газ өндіру көлемі 37,7 млрд.текше метрді құрады (НКИ - 99,8%), 2020 жылдың жоспары 56,5 млрд.текше метр.

Тауарлық газды ішкі тұтыну көлемі 10,2 млрд.текше метрге жетті (НКИ - 101%), 2020 жылдың жоспары 16,5 млрд.текше метр.

Сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 2,06 млн. тоннаны құрап (НКИ - 99%), соның ішінде 8 айдың қорытындысы бойынша 1,40 млн. тонна ішкі нарықта пайдаланылды. 2020 жылдың жоспары 3,2 млн тонна.

Мұнай өнімдерін өндіру - 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша 7,4 млн. тоннаны құрады (НКИ - 90%), соның ішінде:

?Автобензин өндіру 2,87 млн тонна (НКИ - 103,2%);

?Дизель отыны 3 млн тонна (НКИ - 94%);

?Әуе отыны 277 мың тонна (НКИ - 66,4%);

?Мазут 1,3 млн тонна (НКИ - 69,5%).

2020 жылға арналған мұнай өнімдерін өндіру жоспары 11,6 млн тонна.

Битум өндірісі 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша 675 мың тоннаға жетті, (НКИ - 115,6%), 2020 жылдың жоспары 983 мың тонна.

Бүгінгі таңда ішкі нарық өзімізде өндірілген мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етілген.

Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемі 262 мың тоннаға жетті, (НКИ - 162%), 2020 жылдың жоспары 400 мың тонна.

Есепті кезеңде 69,5 млрд. кВт.сағат электр энергиясы өндірілді, (НКИ - 101,1%), 2020 жылдың жоспары 105,2 млрд. кВт.сағат.

Электр энергиясын өндіру тікелей энергия тұтыну көлеміне қатысты екендігін айта кеткен жөн.

Есепті кезеңде ірі апаттық жағдайлар тіркелген жоқ.

Уран өндіру көлемі 13,5 мың тонна болды, (НКИ - 90,6%), 2020 жылдың жоспары 19,3 мың тоннаны құрайды.

Қосымша, бюджет қаражатын игеру бойынша:

Энергетика министрлігінің түзетілген бюджеті 9 бюджеттік бағдарламаны іске асыруға 75 млрд. 250,3 млн. теңгені құрайды (бөлінетін 101, 131, 138 бюджеттік бағдарламаларын ескере отырып).

2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында Министрлік бойынша жоспар 54 103,4 млн. теңгені құрады, оның атқарылуы 53 985,2 млн. теңгені немесе 99,8 % құрады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны