20.01.2026, 11:22 1641
Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтайдың отырысы басталды
Сурет: Akorda
Достарға айту
Бүгін Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы басталды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Құрылтайдағы талқылауға танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектордың, бизнес-қауымдастықтардың, сараптамалық қауымдастықтың және облыстардың қоғамдық кеңестерінің өкілдері келді.
Кеше Астанада Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев институционалдық негізді терең жаңғырту және заң шығарушы билік тармағын жүйелі түрде қайта форматтау қажет екенін айтты.
Ертең Ұлттық құрылтай отырысында мен еліміздің тағдырына қатысты бұл мәселе бойынша нақты пікірлерімді айтамын. Нақтылай айтқанда, еліміздің сапалық тұрғыдан мүлдем жаңа саяси тұрпаты қалыптасып жатыр. Парламенттік реформаны жүзеге асыру үшін Конституцияның бірден бірнеше бөлімін қайта қарау қажет болады. Сондықтан Ата заңымызға осыған дейін енгізілген өзгертулерді ескерсек, Жұмыс тобы ұсынып отырған түзетулер жобасы Қазақстанның шын мәнінде жаңа Конституциясы туралы айтуға мүмкіндік береді", - деді Мемлекет басшысы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 19 қаңтар күні құрылтай мүшелері "Әлеуметтік-мәдени даму", "Білім және ғылым", "Азаматтық қоғам", "Экономикалық даму" секцияларына қатысып, осы салаларда қордаланған, жүйелі шешімін табуға тиіс мәселелерді талқыға салды.
Сондай-ақ құрылтайдың бұған дейінгі жұмыс отырыстарында айтылған ұсыныстар да пысықталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
19.01.2026, 19:49 2536
Әлия Адамбаева "Дара" Президенттік бастамалар қорына жетекшілік етеді
Сурет: daraqory.kz
Достарға айту
Дара" Президенттік бастамалар қоры Қамқоршылық кеңесінің шешімімен Әлия Адамбаева қор президенті қызметіне тағайындалды.
Әлия Адамбаеваның медиа, үкімет және қаржы салаларында 25 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар. Осы жылдар ішінде ол басшылық қызметтерді атқарды, соның ішінде "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары және Басқарма мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі баспасөз қызметінің Ақпарат және коммуникациялар департаментінің директоры, "Орталық коммуникациялар қызметі" РММ директорының орынбасары, сондай-ақ Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі болды.
Бұған дейін ол Қазақстанның жетекші іскерлік және қоғамдық-саяси БАҚ-тарында басшылық және редакциялық қызметтер атқарды.
Оның "Журналистика" мамандығы бойынша жоғары білімі, экономика және бизнес магистрі дәрежесі, сондай-ақ MBA және Executive MBA дипломдары бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.01.2026, 18:20 11716
Жаслан Мәдиев ЖИ-ді мемлекеттік секторда енгізу үшін басшыларды даярлауға арналған AI Governance 500 бағдарламасының іске қосылуына қатысты
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев алғашқы AI Governance 500 стратегиялық бағдарламасындағы оқу легінің ашылуына қатысты. Жоба мемлекеттік секторда жасанды интеллект технологияларын ауқымды түрде енгізу үшін басшыларды даярлауға бағытталған, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Бұл мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациясына тартылатын мамандарды даярлаудың маңызын айқындайды. Бағдарламаны ҚР Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің тапсырмасы бойынша Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бірлесіп жүзеге асыруда.
100 басшы қатысып отырған оқу бағдарламасының ашылуына сондай-ақ Президент көмекшісі Қуанышбек Есекеев, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай және Президент Әкімшілігі Басшысы хатшылығының меңгерушісі Қаныш Төлеушин қатысты.
Мақсатымыз - мемлекетті адамдар мен экономика үшін жылдам әрі тиімді ету. AI Governance 500 бағдарламасы деректерге негізделген басқару, бірыңғай жүйе және өтпелі үрдістер арқылы жасанды интеллектіні жүйелі түрде енгізетін басшылар, яғни "цифрлық офицерлер" пулын қалыптастырады. Бұл жұмыста әрбір басшы шешуші рөл атқарады, өз саласында цифрлық және ЖИ-шешімдерді енгізуге жауап береді. Сондықтан әрқайсымыз үшін ойлау жүйесі мен басқарушылық тәсілдерді қайта қарау арқылы "цифрлық офицерге" айналу маңызды", - деп атап өтті ҚР Премьер-министрінің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.
AI Governance 500 мемлекеттік секторда ведомствоаралық цифрлық жобаларды бастауға және сүйемелдеуге, олардың үйлесімділігін қамтамасыз етуге және Digital Qazaqstan тұжырымдамасы аясындағы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге қабілетті цифрлық басшылар - ЖИ-офицерлердің кадрлық пулын қалыптастыруға бағытталған.
Оқу бағдарламасына Президент Әкімшілігі мен Үкімет Аппараты құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, салалық вице-министрлер, облыс әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы орган аппараттарының басшылары, сондай-ақ квазимемлекеттік ұйымдардың жетекшілері қатысуда.
Бағдарлама жасанды интеллектінің рөлі мен цифрлық мемлекет құрылымын стратегиялық деңгейде түсінуден бастап - ведомство мен өңірлерде енгізуге дайын цифрлық трансформация мен AI-бастамалардың қолданбалы жобаларын әзірлеуге дейін ашық, жүйелі түрде құрылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.01.2026, 18:09 1976
Конституциялық реформа: Президент жұмыс тобымен бірге негізгі тәсілдерді талқылады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Жиында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президентке Жұмыс тобының атқарған қызметі туралы баяндап, Парламентті трансформациялауға қатысты ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің көлемі ауқымды екеніне назар аударды.
Мемлекеттік кеңесші Жұмыс тобы мүшелерінің ортақ пікірін жеткізіп, бұл өзгерістер саяси жүйені уақыт талабына сай жаңғыртуға ықпал ететінін айтты.
Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев азаматтардан келіп түскен ұсыныстар негізінде Конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобы мүшелері әзірлеген басты тәсілдер туралы баяндады. Атап айтқанда, былтырғы қазан айынан бері өтіп келе жатқан отырыстарда жаңа Парламентке қатысты мәселелердің бәрі қаралды. Оның ішінде депутаттар саны, өкілеттік мерзімдері, сайлау тәртібі, бір палаталы Парламенттің заң шығару тетіктері, сондай-ақ оның биліктің өзге институттарымен өзара іс-қимыл мәселелері қамтылды.
Парламентаризм институтының директоры Наталья Пан азаматтардан, сарапшылардан, қоғамдық бірлестіктерден e-Otinish және eGov платформалары арқылы келіп түскен ұсыныстар туралы ақпарат берді.
Бірнеше айішінде саяси партиялардың барлығы, ондаған үкіметтік емес ұйым, бизнес-қоғамдастық өкілдері, құқықтанушы ғалымдар мен сарапшылар конституциялық реформаға қатысты өз бастамаларын жолдаған. Парламенттік реформадан бөлек, Жұмыс тобына азаматтардан мемлекеттік құрылымның жалпы мәселелері мен саяси және қоғамдық институттарды жетілдіруге қатысты 1,6 мыңға жуық ұсыныс келіп түсті.
Парламент Мәжілісіндегі "Amanat" партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев және "Ақ жол" партиясының көшбасшысы Азат Перуашев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия" фракциясының басшысы Асхат Рахымжанов парламенттік реформа аясында жүзеге асырылатын конституциялық өзгерістердің ауқымды екенін мәлімдеді. Олар өңірлерде Парламент депутаттарының жұмыс кездесулері барысында азаматтардың алдағы саяси реформаға айрықша қызығушылық танытып отырғанын жеткізді.
Сондай-ақ жиында Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров, Парламент Мәжілісінің депутаттары Үнзила Шапақ, Марат Бәшімов, Никита Шаталов, саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов пікірлерін білдірді.
Отырысты қорытындылаған Мемлекет басшысы алдағы конституциялық реформаны талқылау басталғалы бері жарты жылға жуық уақыт өткенін еске салды.
Осы кезең ішінде қоғамда елдің жоғары заң шығарушы органын трансформациялаудың мақсаттары мен міндеттеріне қатысты дұрыс түсінік қалыптасты. Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айындағы халыққа арнаған Жолдауынан кейін өрбіген қоғамдық пікірталастарды мұқият қадағалап отырғанын жеткізді. Мемлекет басшысы талқылау нәтижесін, сараптама қорытындыларын, ұсынылған түзетулердің жобаларын, сондай-ақ конституциялық реформаға қатысты азаматтардан келіп түскен ұсыныстарды егжей-тегжейлі зерделеп жатыр.
Саяси жүйені одан әрі реформалаудың маңызы мен мазмұнына тоқталған Президент институционалдық негізді терең жаңғырту және заң шығарушы билік тармағын жүйелі түрде қайта форматтау қажет екенін айтты.
Ертең Ұлттық құрылтай отырысында мен еліміздің тағдырына қатысты бұл мәселе бойынша нақты пікірлерімді айтамын. Нақтылай айтқанда, еліміздің сапалық тұрғыдан мүлдем жаңа саяси тұрпаты қалыптасып жатыр. Парламенттік реформаны жүзеге асыру үшін Конституцияның бірден бірнеше бөлімін қайта қарау қажет болады. Сондықтан Ата заңымызға осыған дейін енгізілген өзгертулерді ескерсек, Жұмыс тобы ұсынып отырған түзетулер жобасы Қазақстанның шын мәнінде жаңа Конституциясы туралы айтуға мүмкіндік береді", - деді Мемлекет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.01.2026, 17:25 2796
Мерзімді әскери қызметтегі азаматтар енді кредит ала алмайды
Достарға айту
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар туралы мәліметтермен алмасу қағидаларын бекіту жөніндегі қаулы жобасын қоғамдық талқылауға шығарды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Құжатта Қорғаныс министрлігі мен кредиттік бюролар арасында ақпарат алмасу тәртібі айқындалып, бұл тетік әскери қызмет өткеру кезеңінде қарыздар бойынша төлемді кейінге қалдыруды ұсыну және жеке тұлғаның кредиттік есебінде тиісті мәртебені көрсету мақсатында жүзеге асырылатыны көрсетілген.
Жобада банктер мен микроқаржы ұйымдарының шақыру жасындағы жеке тұлғаның кредит алу жөніндегі өтінімі түскен кезде оның кредиттік есебіндегі мәртебесін тексеру қажеттілігі көзделген. Егер кредиттік есепте жеке тұлғаның мерзімді әскери қызметті өткеруі туралы мәліметтер болса, банктер мен микроқаржы ұйымдары кредит беру туралы өтінімді қабылдамайды", - делінген қоғамдық талқылауға шығарылған қаулы жобасында.
Әзірлеуші органның мәліметінше, аталған бастама "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Заң талаптарын іске асыруға бағытталған және оны қабылдау әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарларға әкелмейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.01.2026, 16:22 3421
Еліміздің сапалық тұрғыдан мүлдем жаңа саяси тұрпаты қалыптасып жатыр - Мемлекет басшысы
Сурет: Akorda
Достарға айту
Президент алдағы конституциялық реформаны талқылау басталғалы бері жарты жылға жуық уақыт өткенін еске салды. Осы кезең ішінде қоғамда елдің жоғары заң шығарушы органын трансформациялаудың мақсаттары мен міндеттеріне қатысты дұрыс түсінік қалыптасты. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысында айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айындағы халыққа арнаған Жолдауынан кейін өрбіген қоғамдық пікірталастарды мұқият қадағалап отырғанын жеткізді. Мемлекет басшысы талқылау нәтижесін, сараптама қорытындыларын, ұсынылған түзетулердің жобаларын, сондай-ақ конституциялық реформаға қатысты азаматтардан келіп түскен ұсыныстарды егжей-тегжейлі зерделеуде.
Саяси жүйені одан әрі реформалаудың маңызы мен мазмұнына тоқталған Президент институционалдық негізді терең жаңғырту және заң шығарушы билік тармағын жүйелі түрде қайта форматтау қажет екенін айтты
Ертең Ұлттық құрылтай отырысында мен еліміздің тағдырына қатысты бұл мәселе бойынша нақты пікірлерімді айтамын. Нақтылай айтқанда, еліміздің сапалық тұрғыдан мүлдем жаңа саяси тұрпаты қалыптасып жатыр. Парламенттік реформаны жүзеге асыру үшін Конституцияның бірден бірнеше бөлімін қайта қарау қажет болады. Сондықтан Ата заңымызға осыған дейін енгізілген өзгертулерді ескерсек, Жұмыс тобы ұсынып отырған түзетулер жобасы Қазақстанның шын мәнінде жаңа Конституциясы туралы айтуға мүмкіндік береді",- деді Мемлекет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.01.2026, 13:17 11931
Үкімет Мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын мақұлдады
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген Мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы қаралған жиын өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Кешенді жоспарда мал басын өсіруге, өнімділікті арттыруға және экспорттық әлеуетті кеңейтуге бағытталған саланы мемлекеттік қолдаудың тәсілдері мен тетіктері қаралды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, мал шаруашылығы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 39%-ын құрайды. Ірі қара мал басының 2,4%-ға және ұсақ мал басының 1,6%-ға шамалы өсуі байқалады. Сүт өндірісі 5% өсіммен шамамен 3,8 млн тоннаны құрады, ет өндіру көлемі 1,2 млн тоннаға жетті, бұл өткен жылғы деңгейден 2,6%-ға жоғары.
Алайда, жалпы өнімнің жыл сайынғы өсімі 2-3% деңгейінде сақталуы саланың әлеуетін толық ашпай отыр.
Кешенді жоспарды жүзеге асыру ірі қара мал санын 7,9 млн-нан 12 млн басқа және ұсақ мал санын 20,2 млн-нан 28 млн басқа дейін ұлғайтуды көздейді. Сондай-ақ, ет өндірісінің 1,2 млн-нан 1,8 млн тоннаға дейін өсуі және оның экспортының 82 мыңнан 165 мың тоннаға дейін екі есе ұлғаюы күтілуде.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу үшін бірқатар бағыт бойынша саланы қаржылық қолдау шараларының кешені ұсынылатынын баяндады.
- Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлерінің асыл тұқымды мал басын сатып алуға жылдық 6% жеңілдікпен несие беру бағдарламасын іске қосу жоспарлануда. Қаржыландыруға жылдық қажеттілік 300 млрд теңгені құрайды. Бұл шараны жүзеге асыру табынның жаңаруын жеделдетуге және мал шаруашылығының генетикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
- Шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту және жайылымдық инфрақұрылымды қалыптастыру үшін биыл қаржыландыру көлемі 50 млрд теңге болатын жылдық мөлшерлемесі 6%-бен бірыңғай жеңілдікті несие беру көзделген.
- Қосымша 50 млрд теңге көлемінде мал азығын дайындау техникасы мен жабдықтарын сатып алуға жылдық мөлшерлемесі 5%-бен жеңілдікпен қаржыландыру қарастырылып отыр.
- Сондай-ақ мал шаруашылығының бағыттары бойынша айналым қаражатын толықтыру үшін жалпы сомасы 225 млрд теңгені құрайтын, жылдық мөлшерлемесі 5%-бен жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасын іске қосу жоспарлануда. Қаржыландыруды қолжетімді ете түсу үшін "Даму" қоры арқылы қарыздарға кепілдік беру тетігін қолдану көзделген.
Сондай-ақ Кешенді жоспардың жобасында саланы кадрлармен қамтамасыз ету, мал шаруашылығы қызметкерлері үшін әлеуметтік жағдайлар жасау, оның ішінде шопандар мен бақташылардың 55 жасқа толғаннан кейін арнайы әлеуметтік төлемдер алу құқығын қамтамасыз ету, мамандар үшін тұрғын үй құрылысын салу және тағы да басқа шаралар көзделген.
Бұдан бөлек, тиімді маркетингтік инфрақұрылымды қалыптастыру және өткізу нарықтарын кеңейту көзделіп отыр. Ветеринариялық қауіпсіздік экспорттық нарықтарға шығудың міндетті шарты болып саналады. Осы бағытта ветеринариялық нысандарды жаңғырту бойынша жұмыс жалғасады, сондай-ақ сауда объектілерінде күнделікті бақылауды жүзеге асыру жоспарлануда. Мал иелерінің жауапкершілігін арттыру мәселесі пысықталуда.
Жоспардың іс-шаралары негізінен бюджетте көзделген қаражатқа, бюджеттік несиелер және қаржы институттарының облигациялары бойынша купондық сыйақыны субсидиялау бағдарламалары есебінен жүзеге асырылатынын атап өткен жөн.
Олжас Бектенов Кешенді жоспардың шаралары ішкі нарықты отандық өніммен жүйелі түрде қамтуды және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша болжамды баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ қайта өңдеуді дамыту және қосылған құны жоғары өнім шығаруды ұлғайту қажет. Өндіріс пен өнім айналымының барлық кезеңдерінің ашықтығын қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді. Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының нәтижелерін цифрлық платформаларға біріктіру және оларды бірыңғай есепке алу көзі ретінде пайдалану тапсырылды.
Премьер-министр Мемлекет басшысының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару мәселесі жөніндегі тапсырмаларының орындалуына назар аударды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жердің ұтымды пайдаланылуын тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын баяндады. Астық егетін үш өңір бойынша 330 шаруашылық жоғары бақылауда. Мақсатсыз пайдалану фактілері анықталған жағдайда учаскелер азаматтарға одан әрі қайта бөлу үшін мемлекеттік қорға қайтарылатын болады.
Жиын қорытындысы бойынша Үкімет Мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын мақұлдады. Премьер-министр Ауыл шаруашылығы министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмысты үйлестіруді және барлық көзделген шаралардың сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.01.2026, 12:52 4486
Еңбек министрлігі арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін кейбір ұйымдар үшін жаңа стандарттарды енгізеді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар балаларға, мүгедектігі бар адамдарға және қарттарға арналған шағын сыйымдылықтағы үйлер мен күндізгі күтім бөлімшелері үшін жаңа стандарттарды әзірледі. Ведомство басшысының тиісті бұйрық жобасы туралы ақпарат "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Аталған стандарттарды енгізу арнайы әлеуметтік қызметтер (бұдан әрі - АӘҚ) көрсететін ұйымдардың қызмет тиімділігін олардың түрлерін нақты айқындау арқылы арттыруға мүмкіндік береді.
Бұған дейін мүгедектігі бар балаларға, мүгедектігі бар адамдарға және қарттарға арналған шағын сыйымдылықтағы үйлер мен күндізгі күтім бөлімшелерінің қызметінде стационарлық және жартылай стационарлық жағдайларда АӘҚ көрсетуге арналған қолданыстағы стандарттар пайдаланылып келген.
Жеке, дербес стандарттарды қолдану АӘҚ көрсетуді оңтайландыруға, сондай-ақ қажет болған жағдайда ұйымдардың нақты бір түрінің жұмысына нысаналы өзгерістер енгізу арқылы олардың қызмет тиімділігін одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, аталған жаңашылдықтарды іске асыру өмір сүру сапасын арттыруға, әлеуметтік қолдау нысандарын кеңейтуге және барынша инклюзивті әрі қолжетімді әлеуметтік ортаны қалыптастыруға бағытталған.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу жобасы жөніндегі ақпарат 2026 жылғы 2 ақпанға дейін "Ашық НҚА" интернет-порталында қоғамдық талқылау үшін орналастырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.01.2026, 09:37 11466
Қызылорда облысында өңірдің әлеуметтік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Қызылорда қаласында өңірдің әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды. Кеңеске облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, сондай-ақ салалық министрліктердің өкілдері қатысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Жиын барысында алдымен жоғары білім мен ғылым мәселелері талқыланды. Қатысушылар өңірдегі жоғары білім мен ғылым саласының әлеуетін жан-жақты саралады. Қызылорда облысында үш жоғары оқу орны жұмыс істейді, онда 20 мыңға жуық студент білім алуда. Кейінгі үш жылда студенттер саны 21 %-дан астам артқан. Бұл - жастар арасында жоғары білімге деген тұрақты сұраныс бар екенін көрсететін маңызды көрсеткіш.
Салаға жауапты министр еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша басым бағыттарды атап өтті. Сонымен қатар, өңірге қажетті кадрларды даярлау жұмысын білім беру тапсырысымен нақты сәйкестендіру және оқытуды практикаға бағыттап күшейту қажет екенін айтты.
Мамандар даярлауда формалды тәсілден арылатын уақыт келді. Әкімдіктер кадр даярлау жұмысын алдын ала жоспарлап, білім беру тапсырысын нақты бағыттар бойынша жүргізуі тиіс. Өңірлік қолдау тетіктері, оның ішінде әкім гранттары мен өңірлік гранттар да болуы керек. Егер қандай да бір бағыттар нәтиже бермей, экономиканың сұранысына сәйкес келмесе, онда нақты шешімдер қабылдау қажет. Тіпті жекелеген факультеттерді оңтайландыруға дейін бару керек", - деді Аида Балаева.
Кеңесте денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелер де талқыланды. Ведомствоның мәліметінше, өңірде алғашқы медициналық-санитариялық көмектің инфрақұрылымын және аудандық ауруханаларды дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл бағытта жаңа нысандар салу, сондай-ақ диагностикалық базаны жаңарту шаралары жүйелі түрде жүргізілуде.
Сонымен бірге нақты шешімдерді қажет ететін бірқатар түйткілдер де көтерілді. Атап айтқанда, алғашқы медициналық-санитариялық көмектің тиімділігін арттыру, алдын алу жұмыстарының нәтижесін күшейту, балалы отбасыларға көрсетілетін патронаж қызметінің сапасын жақсарту, скринингтердің объективтілігін қамтамасыз ету және ауруларды ерте анықтау тетіктерін жетілдіру қажеттігі айтылды. Сондай-ақ кейбір аудандық ауруханаларда диагностикалық мүмкіндіктердің жеткіліксіздігі салдарынан инсульт қызметінің жұмысы шектеліп отырғаны секілді өзекті мәселелер де назарға алынды.
Осы ретте Аида Балаева басты басымдық алдын алу жұмыстары болуы керектігін ерекше атап өтті.
Біз үшін басты міндет - ауруды емдеуден бұрын, оның алдын алу шараларын жүйелі түрде күшейту. Біріншіден, скрининг сапасын арттырып, дертті ерте анықтауды формализмсіз жүргізу қажет. Екіншіден, медициналық қызмет көрсету деңгейі жоғары болуы тиіс. Үшіншіден, халықпен тұрақты әрі тиімді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру маңызды. Сонымен қатар бақылау қатаң болуы керек. Бөлінген қаражаттың қалай жұмсалғанын және тұрғындардың нақты қандай нәтиже алғанын көріп отыруымыз қажет. Өйткені Үкіметтің қаржысы - халықтың ақшасы", - деді Премьер-министрдің орынбасары.
Жиында ҚР Оқу-ағарту министрлігі басқару сапасы мен оқу нәтижелеріне қатысты жүргізілген талдаудың қорытындыларын таныстырды. Проблемалық мәселелердің қатарында білім сапасын ішкі және сыртқы бағалау нәтижелері арасындағы айырмашылық ерекше аталды.
Сондай-ақ баяндамада кейбір білім беру ұйымдары біліктілік талаптарына сай келмегендіктен жабылғаны айтылды. Бұл жағдай білім сапасын бақылауды күшейтуді, мектептерге нысаналы әдістемелік қолдау көрсетуді, сонымен қатар саланың цифрлық трансформациясын жеделдетуді қажет ететіні атап өтілді.
Өңір үшін басым бағыт ретінде Байқоңыр қаласындағы мектептерді дамыту жобалары, сондай-ақ Қызылорда қаласындағы №3 IT мектеп-лицейі базасында "Жасанды интеллект" бейінді мектебін құру бастамасы көрсетілді.
Сонымен бірге, жұмыспен қамтуды әкімшілендіру және мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру мәселелері бойынша ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев баяндама жасады. Ол субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидаларына енгізілген өзгерістерді қосымша пысықтау және өңірлермен келісу қажет екенін жеткізді. Бұл ретте жұмыс берушілерге қойылатын талаптарды нақтылау, сондай-ақ қолдау шараларын цифрлық құралдар арқылы сүйемелдеу тәжірибесін жетілдіру қажеттігі айтылды.
Тарихи-мәдени мұра нысандарына бай Сыр өңірінде мәдени туризмді дамыту мәселесі де кеңестің күн тәртібінен тыс қалған жоқ. Сонымен қатар жиында Байқоңыр ғарыш айлағының туристік әлеуеті де талқыланды.
Маңызды бағыттардың бірі ретінде тарихи-мәдени мұрамен жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігі атап өтілді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, өңірде мәдениет және архив ісі саласында 413 ұйым қызмет етеді. Кейінгі жылдары бірқатар жаңа нысандар пайдалануға беріліп, бұл мәдени инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңартуға және тұрғындардың жергілікті деңгейде көрсетілетін қызметтерге қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік беріп отыр.
Сонымен бірге, белгіленген нормативтерге сәйкес, тұрғындарды мәдениет мекемелерімен жеткілікті қамту үшін инфрақұрылымды әлі де кеңейту қажет екені айтылды.
Қорытындылай келе, Аида Балаева өңірдің негізгі даму бағыттары бойынша жүйелі жұмысты күшейтуді тапсырды. Әсіресе кадр даярлау ісін экономиканың нақты сұранысымен үйлестіру, нәтиже бермейтін білім беру бағдарламаларын қайта қарау, сондай-ақ мектептер мен жоғары оқу орындарындағы идеологиялық және тәрбиелік жұмысты бастауыш сыныптан бастап үнемі бақылауда ұстау қажеттігіне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар ғылым саласында ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты күшейту міндеті қойылды. Бұл ғылыми әзірлемелердің нақты нәтижеге айналып, өнеркәсіптің тиімділігін арттыруға тікелей ықпал етуі тиіс екені атап өтілді.
Сонымен қатар МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтармен жұмысты күшейту, алдын алу шаралары мен скринингті жандандыру, вакциналауға қатысты жалған ақпараттың таралуына қарсы әрекет ету, емханалардағы қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Бұдан бөлек, орфандық аурулар мен паллиативтік көмек мәселелері, сондай-ақ бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуы қатаң бақылауда болуы тиіс екені ерекше атап өтілді.
Әлеуметтік салада жастар арасындағы жұмыссыздықты талдау, оларды қолдауға арналған нақты әрі жүйелі іс-шаралар жоспарын әзірлеу, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды креативті индустрия және қолөнер бағыттары арқылы еңбекке тарту қажеттігі көрсетілді.
Білім беру саласында бастауыш сыныптағы білім сапасын көтеру, мұғалімдердің кәсіби дайындығын күшейту, әрі педагогтердің жұмысын жеңілдету үшін жасанды интеллектіні көмекші құрал ретінде енгізу міндеті қойылды. Сонымен бірге балалардың сын тұрғысынан ойлауын және шығармашылық қабілетін қатар дамытуға басымдық берілуі тиіс.
Туризм саласында өңірдің туристік әлеуетін күшейту үшін даму тұжырымдамасына нақты ұсыныстар енгізу, инфрақұрылымды жақсарту және ақпараттық қолдауды арттыру тапсырылды. Сонымен қатар мәдени туризмді дамыту, іс-шаралар күнтізбесін қалыптастыру, сондай-ақ бірегей фестивальдер ұйымдастыру арқылы өңірдің туристік брендтерін жүйелі түрде ілгерілету қажет екені айтылды.
Кеңес қорытындысында өңірлік және республикалық деңгейде ақпараттық жұмысты күшейтудің маңызына ерекше назар аударылды. Нақты нәтижелерді ашық көрсетіп отыру қажеттігі айтылып, негізгі мақсат елдің дамуын қамтамасыз ету және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту екені атап көрсетілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
20.01.2026, 08:38Қазақстан мен Германия аграрлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуда 20.01.2026, 09:41 1161Қазақстан өңірлері мен Шэньси провинциясы арасындағы ынтымақтастықты дамыту әлеуеті қарастырылды20.01.2026, 11:22 586Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтайдың отырысы басталды20.01.2026, 11:17 446Күн бетінде ең қуатты жарқыл болды
13.01.2026, 20:35 161981Елімізде су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі әзірленуде14.01.2026, 10:47 161816Қарағанды облысында әлеуметтік сала мәселелеріне арналған жиын өтті14.01.2026, 09:13 161521Қанат Бозымбаев өңірлерде "Ауыл аманаты" жобасының жүзеге асырылу барысын тексерді14.01.2026, 08:57 161281Қазақстан Үкіметі жер қойнауын зерттеудің жаңа кезеңіне кірісуде: геологиялық барлауға 240 млрд теңге бөлінеді13.01.2026, 19:16 159401Қасым-Жомарт Тоқаев "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауовты қабылдады
06.01.2026, 20:48 200076Заңнамалық актілер жаңа Цифрлық кодекске сәйкес келтіріледі07.01.2026, 09:29 179051Православиелік қазақстандықтар Рождество мерекесін тойлап жатыр07.01.2026, 10:33 178956Мемлекет басшысы Рождество мерекесімен құттықтады13.01.2026, 20:35 161981Елімізде су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі әзірленуде14.01.2026, 10:47 161816Қарағанды облысында әлеуметтік сала мәселелеріне арналған жиын өтті

