06.01.2026, 15:00 32521

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа мемлекеттік жүйелерді әзірлеу QazTech бірыңғай платформасында жүргізілетін болады

Елімізде мемлекеттік ақпараттық жүйелердің бірыңғай цифрлық платформаға кезең-кезеңімен көшуі басталды. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл қызметтердің іске қосылуын жеделдетуге және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен осы жылдан бастап QazTech платформасынан тыс ақпараттық жүйелерді әзірлеуге тыйым салынады. Бұл ақпараттық жүйелердің қауіпсіз режимде іске қосылуын жеделдетуге және олардың интеграциялануын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Біз орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге ақпараттық жүйелердің QazTech платформасына көшуге дайындығына техникалық аудит жүргізуді тапсырдық. Биыл бұл мәселеге көбірек көңіл бөлінетін болады", - деп атап өтті Жаслан Мадиев.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны