22.04.2015, 19:14 3310

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Ибдіқалықованыӊ қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеӊесініӊ кеӊейтілген отырысы өтті

Ұлттық академиялық кітапханада өткен Ассамблея Кеӊесініӊ жұмысына ҚР Парламентініӊ депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардыӊ, этномәдени бірлестіктердіӊ, өӊірлік ассамблеялар хатшылықтарыныӊ басшылары, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым, БАҚ өкілдері қатысты

Астана. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Ұлттық академиялық кітапханада өткен Ассамблея Кеӊесініӊ жұмысына ҚР Парламентініӊ депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардыӊ, этномәдени бірлестіктердіӊ, өӊірлік ассамблеялар хатшылықтарыныӊ басшылары, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым, БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Отырыста Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын өткізу, "Бейбітшілік пен келісімніӊ жол картасы" мега жобасын, "ҚХА - 20 ізгі іс" республикалық акциясын іске асыру барысы, Ассамблеяныӊ ғылыми-сараптамалық кеӊесі қызметініӊ қорытындылары, сондай-ақ ұйымдастыру мәселелері қаралды. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Ассамблея Кеӊесі мүшелерініӊ және этномәдени бірлестіктердіӊ атқарған жұмыстарын атап өте келе, Мемлекеттік хатшы "Ассамблея жылы - Қазақстанныӊ әрбір азаматына дейін жетудегі басты мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік беретінін" айтты.

Гүлшара Ибдіқалықова ҚХА жылы мен алдағы ҚХА ХХІІ сессиясыныӊ тағдыршешті мәнін атай отырып, бұл оқиғалар Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ қоғамдық келісім, бірлік және тұрақтылық саясатын орнықтырудыӊ символы ретінде Қазақстан тарихына енетін айтты.

Мемлекеттік хатшы ҚХА Кеӊесініӊ қорытындысы бойынша Қазақстан халқыныӊ ынтымағы мен бірлігін одан әрі нығайту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны