10.07.2014, 19:18 1845

Мемлекеттік хатшы Италия елшісімен кездесті

Италия Қазақстанның сауда саласы бойынша шет елдік сауда әріптестердің ішінде үшінші орынға, ал еуропалық мемлекеттердің ішінде бірінші орынға ие. 2013 жылы мемлекеттер арасындағы тауар айналымы 16,2 млрд доллардан асты.

Алматы. 10 шілде. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы И.Жақсыбеков Италия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Альберто Пиеримен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекеттік хатшы А.Пиериді Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын сәтті аяқтауымен құттықтап, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға сіңірген еңбегі үшін алғыс айтты.

Кездесу барысында Астанадағы ЭКСПО-2017 мен Миландағы ЭКСПО-2015 халықаралық көрмесін өткізуге қатысты мәселелер мен ынтымақтастықтың бүгіні мен болашағы сөз болды.

Италия Қазақстанның сауда саласы бойынша шет елдік сауда әріптестердің ішінде үшінші орынға, ал еуропалық мемлекеттердің ішінде бірінші орынға ие. 2013 жылы мемлекеттер арасындағы тауар айналымы 16,2 млрд доллардан асты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны