17.06.2014, 20:25 2727

Мемлекеттік хатшының қатысуымен ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі өтті

"Ақорда" резиденциясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Иділбек Жақсыбековтың қатысуымен "Қазақстан-2050" Стратегиясы контекстінде мемлекеттік органдардың және ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің ғылыми-сарапшылық жұмысының жаңа міндеттері" атты Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Алматы. 17 маусым. Kazakhstan today. "Ақорда" резиденциясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Иділбек Жақсыбековтың қатысуымен "Қазақстан-2050" Стратегиясы контекстінде мемлекеттік органдардың және ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің ғылыми-сарапшылық жұмысының жаңа міндеттері" атты Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Кеңес жұмысына Президент Икімшілігінің Басшылығы, ҚР Парламентінің депутаттары, министрліктер мен ведомстволар өкілдері, өңірлік ғылыми-сарапшылық топтардың басшылары, ғылым және шығармашылық интеллигенциясы, БАҚ өкілдері қатысты.

Мемлекеттік хатшы И.Жақсыбеков "Қазақстан-2050" Стратегиясы, ҚХА-ның 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы және Президент Н.И.Назарбаевтың ҚХА-ның ХХI сессиясында берген тапсырмалары аясындағы мемлекеттік этносаясатты ғылыми-сарапшылық сүйемелдеу жұмысының негізгі міндеттері мен бағыттарын айқындады.

Отырыс барысында ҚХА қызметін ғылыми-сарапшылық сүйемелдеу, ел бірлігі мен қоғамдық келісім саласында және Қазақстандағы этносаралық ахуалдың қазіргі жағдайына ғылыми зерттеулер жүргізу, этносаралық қатынастар саласындағы ғылыми саясатты әзірлеу үшін университет аралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мәселелері талқыланды; ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұмысы туралы есебі және басқа ұйымдастырушылық мәселелер қаралды.

Ғылыми-сарапшылық кеңестің жұмысы бойынша хаттамалық тапсырмалар берілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны