17.02.2017, 21:55 6816

Мемлекеттік кірістер департаменті Кеден одағыныӊ кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалардыӊ жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу ережелерін таныстырды

Кеден одағы Кеден кодексініӊ 2 -тармағы, 358- бабына сәйкес, "Шетелдік жеке тұлғалар кеден одағы кедендік аумағыныӊ шегінде тұрақты тұратындар кеден одағыныӊ кедендік аумағына шетел мемлекеттерініӊ аумағында тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын кедендік төлемдерді және салықты төлеуден босатыла отырып, өзініӊ уақытша болуы, бірақ бір жылдан аспайтын мерзіміне уақытша әкелуге құқылы".

Алматы. 17 ақпан. Kazakhstan Today - Жеке тұлғалардыӊ жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағыныӊ кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы Келісімніӊ 1- тармақ 2- бабына сәйкес, осы келісімніӊ мақсаттары үшін мынадай терминдер мен олардыӊ анықтамалары пайдаланылады:

- авто-, мотокөлік құралдары:

- кеден одағыныӊ Сыртқы экономикалық қызметініӊ бірыӊғай тауар номенклатурасыныӊ (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН) 8703 тауар позициясында жіктелетін, негізінен адамдарды тасымалдауға арналған жеӊіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары.

Осыған байланысты Келісімніӊ 3 -Қосымшасыныӊ 24-тармағына сәйкес, Кеден одағына мүше мемлекеттіӊ заӊнамасына сәйкес босқындар, мәжбүрлеп қоныс аударушылар, сондай-ақ кеден одағын мүше мемлекетке тұрақты тұруға келуші (көшіп келуші) болып танылған жағдайда мына талаптарды бір мезгілде орындаумен бірге заӊды тұлғалар әкелетін жеке пайдалануға арналған бұрын пайдалануда болған автомобиль және тіркеме (саны бір автомобильден және бір тіркемеден аспайды) :

- көрсетілген тұлғаныӊ кеден одағына мүше мемлекетке тұрақты тұруға келген күнінен бастап 18 айдан кешіктірмей бұған дейін тұрған елден кеден одағыныӊ кеден аумағына жеке пайдалану үшін әкелуі;

- жеке тұлғалардыӊ осындай тауарларды кеден одағына мүше мемлекеттіӊ заӊнамасына сәйкес босқындар, мәжбүрлеп қоныс аударушылар деп таныған күнге дейін немесе кеден одағына мүше мемлекетке тұрақты тұруға келген (көшіп келген) күнге дейін сатып алуы;

- заӊды тұлғалардыӊ осындай автомобиль және тіркеме кеден одағына мүше мемлекеттіӊ заӊдарына сәйкес босқындар, мәжбүрлеп қоныс аударушылар деп таныған күнге дейін немесе кеден одағына мүше мемлекетке тұрақты тұруға келген күнге (көшіп келуге дейін) кемінде 6 ай бұрын сатып алуы.

Осыған орай Келісімніӊ 1- тармақшасы 2- тармақ 2 -бабында жеке тұлғаныӊ кеден одағына мүше мемлекетке тұрақты тұруға келу (қоныс аудару) күні - осы мемлекеттіӊ заӊнамасына сәйкес босқын, мәжбүрлі қоныс аударушы мәртебесін алуды не кеден одағына мүше мемлекетке тұрақты тұруға келуші (қоныс аударушы) деп тануды растайтын құжаттарды беру күні. Көрсетілген категориясындағы автомобильдерді алу бойынша шектеулер Қазақстан Республикасыныӊ нормативтік-құқықтық актілерімен қарастырылмаған.

Кеден одағы Кеден кодексініӊ 2 -тармағы, 358- бабына сәйкес, "Шетелдік жеке тұлғалар кеден одағы кедендік аумағыныӊ шегінде тұрақты тұратындар кеден одағыныӊ кедендік аумағына шетел мемлекеттерініӊ аумағында тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын кедендік төлемдерді және салықты төлеуден босатыла отырып, өзініӊ уақытша болуы, бірақ бір жылдан аспайтын мерзіміне уақытша әкелуге құқылы".

Сонымен қатар Қазақстан Республикасыныӊ Инвестициялар және даму министрініӊ міндетін атқарушыныӊ 2015 жылғы 26 наурыздағы №342 "Қазақстан Республикасыныӊ автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарыныӊ жол берілетін параметрлерін бекіту туралы" бұйрығы бойынша Ішкі істер Министрлігі органдарында бастапқы тіркеу барысында және де жоғарыда көрсетілген бұйрықтағы қосымша қауіпсіздік жүйелері бар болуы Евро-4 нормаларыныӊ талаптарына тиісті болуы міндетті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны