09.11.2016, 13:35 4295

Мемлекеттік кірістер комитетініӊ Ішкі қауіпсіздік басқармасы 3 млрд.теӊгеніӊ экономикалық контрабандасын анықтады

Тексеру барысында тауарды контрабандалық жолмен енгізуді ұйымдастырушылар Сарыағаш ауданыныӊ екі тұрғыны мен тауарлардыӊ контрабандалық жолмен тасымалдауға септігін тигізген "Сарыағаш бекеті" кедендік бекетініӊ үш лауазым иесі екені анықталған.

Астана. 9 қараша. Kazakhstan Today - 2015 жылғы қараша мен 2016 жылғы маусым аралығында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетініӊ Ішкі қауіпсіздік басқармасы (МКК ІҚБ) Сарыағаш бекеті арқылы контрабандалық жолмен тауарларды кіргізудіӊ тұрақты арнасын әшкерелеу бойынша жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізді, деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетініӊ баспасөз қызметі.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 234 бабында көзделген қылмыстыӊ белгілері бар (экономикалық контрабанда) соталды тергеу материалы тіркелді.

Мемлекеттік кірістер комитетініӊ Ішкі қауіпсіздік басқармасы оперативтік тергеу тобы осы қылмыстық істі тексеру барысында 2015 жылы Өзбекстан Республикасынан Кедендік одақ аумағына жалпы сомасы 2 млрд. 800 млн.теӊгеге 169 вагон халық тұтынатын тауарларды контрабандалық жолмен енгізу фактілерін анықтады.

Бұл тауарларды "Сарыағаш бекеті" кедендік бекетінде еркін жүгіну режимінде кедендік рәсімдеу процедурасынан өткен кезде жалған мәліметтер көрсетілген қолдан жасалған тауарға ілеспе құжаттар пайдаланылған. Жеткізілімдердіӊ барлығы жалған адамдардыӊ атына жасалған.

Тексеру барысында тауарды контрабандалық жолмен енгізуді ұйымдастырушылар Сарыағаш ауданыныӊ екі тұрғыны мен тауарлардыӊ контрабандалық жолмен тасымалдауға септігін тигізген "Сарыағаш бекеті" кедендік бекетініӊ үш лауазым иесі екені анықталған.

Соталды тексеру барысында күдіктілер 272 млн.теӊгеден астам соманыӊ шығынын ерікті түрде өтеп берген.

Оӊтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық сотыныӊ үкімімен айыпталушылардыӊ мүлкі тәркіленіп, айыппұлға, ал лауазымды тұлғалар мүлкін тәркілеу және мемлекеттік лауазымға тағайындалу құқығынан өмір бойы айыруға және 3 жылға бас бостандығынан айыруға кесілді.

Өз қатарын парақорлардан тазарту жұмыстары ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасыныӊ тікелей бақылауында және бұл жұмыстар одан әрі жалғасын табады, деп хабарлайды комитеттіӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны