01.04.2015, 19:30 4261

Мемлекеттік медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында есептік құжаттама нысандарыныӊ 4 түрін қағаз жүзінде жүргізілуі жойылды

2015 жылғы 1 сәуірінен барлық мемлекеттік медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарында 4 құжат бойынша қағаз жүзінде есеп жүргізілуі жойылды

Астана. 1 сәуір. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 1 сәуірінен барлық мемлекеттік медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарында 4 құжат бойынша қағаз жүзінде есеп жүргізілуі жойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2015 жылғы 19 наурыздағы "Денсаулық сақтау ұйымдарыныӊ бастапқы құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігініӊ 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығына толықтылулар енгізу туралы" №153 бұйрығына сәйкес, медицина қызметкерлерініӊ автоматтандырылған жұмыс орындары бар медициналық ұйымдарында төмендегі құжаттардыӊ электрондық түрде енгізілуі қарастырылған:

- "Дәрігерлерді үйге шақыртуды жазу кітабы" 031/е нысаны;
- "Емханада (амбулаторияда), диспансерде, консультацияда және үйде науқастарды қарауды есепке алу ведомосы" 039/е нысаны;
- "Медициналық ұйымдарға тіркеу талоны" 057/е нысаны;
- "Амбулаториялық науқастарды тіркеу журналы" 278/е нысаны.

Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген құжаттарды қағаз жүзінде қолмен толтыру қажет емес.

Компьютерлерлік техникамен жабдықталуы ескеріліп, 2016 жылғы 1 қаӊтардан бастап қалалық амбулаториялық-емханалық ұйымдарда бастапқы есеп нысандарын толығымен электрондық құжатайналымына көшіру жоспарлануда.

Ауылдық амбулаториялық-емханалық ұйымдар бастапқы есеп нысандарын электрондық түрде жүргізілуіне 2017 жылғы 1 қаӊтар айынан бастап көшеді.

Электрондық құжат айналымына өту үрдісі қосымша қаржыны қажет етпейді, бірақ медициналық ұйымдарды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету үшін қаражат керек.

Жергілікті атқарушы органдардыӊ қарамағындағы медициналық ұйымдардыӊ техникалық қамтамасыз етілуі, соӊғылардыӊ есебінен жүргізілетінін атап өту керек.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігініӊ а.ж.17 ақпанда өткен кеӊейтілген алқа мәжілісінде Министрліктіӊ басшысы Тамара Дүйсенова, биыл ҚР ДСИДМ денсаулық сақтау және әлеуметтік-еӊбек саласында көрсетілетін қызметтердіӊ сапасын жақсарту үшін белсенді іс-әрекеттерге кірісетіндігі жөнінде мәлімдегенін естеріӊізге саламыз.

Электрондық құжатайналымына көшу есептік құжаттаманы жүргізуде медицина қызметкерлерініӊ жүктемесін азайтуға және оларға пациентерді қабылдау және қарау үшін көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны