06.01.2012, 12:14 3573

Мемлекеттік монополияға қатысты және бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мәселелерін қамтыған заң жобалары талқыланды

ҚР Парламенті Сенаты Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің бүгін өткен кеңейтілген отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік монополия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылады.

Астана. 6-қаңтар. Kazakhstan Today - Мемлекеттік монополияға қатысты және бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мәселелерін қамтыған заң жобалары талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ҚР Парламенті Сенаты Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің бүгін өткен кеңейтілген отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік монополия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылады.

Мемлекеттік монополияға қатысты заң жобасы жалпы алғанда мемлекеттік монополияға жататын салалардың қатарын қысқарта түсуді қарастырады. Сонымен қатар, заң жобасы мемлекеттік монополиялар саласындағы ұлттық заңнаманы Кеден одағы заңнамаларымен үйлестіруді көздейді.

Бұдан бөлек, Сенат комитеті "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын да талқылады. Аталған құжат төлемге қабілетсіз борышкерге оның қабілеттілігін қалпына келтіру үшін жедел бейімдеу түріндегі шаралар қабылдауды қарастырады.

Отырыс барысында комитет мүшелері заң жобаларын сенаттың алдағы уақытта өтетін жалпы отырысына шығару туралы шешім қабылдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны