11.12.2015, 18:03 4130

Мемлекеттіӊ басты міндеті - жұмыс орындарымен қамту

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жалпыұлттық телекөпір барысында әлемдік дағдарыс кезеӊінде жұмыспен қамту мемлекеттіӊ басты міндеті екенін айтты

Астана. 11 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жалпыұлттық телекөпір барысында әлемдік дағдарыс кезеӊінде жұмыспен қамту мемлекеттіӊ басты міндеті екенін айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Барлық әлемде еӊ басты міндет - жұмыс орнымен қамту. Бұл барлық әлемніӊ проблемасы, біз шетте қалған жоқпыз. Барлығы көшіп-қонып, Еуропа бұл жағдай неліктен орын алды? Сондықтан, адамдардыӊ іс әрекеті шектеулі, балаларды тамақтандыратын қаржы жоқ. Сондықтан да жұмыс орнын құру басты міндет болып саналады", - деді Н.Назарбаев, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

ҚР Президенті атап өткендей, бүгін ашылған 18 жаӊа индустриялды нысан 330 жұмыс орнын ашады.

Бүгін жалпыұлттық телекөпір барысында Индустриалды-инновациялық бағдарламасыныӊ, оныӊ ішінде 2015 жылдыӊ қорытындысы шығарылады деп жоспарланған, сонымен бірге Президент Н.Назарбаев онлайн режимде Индустриаландыру картасыныӊ 18 жаӊа нысанын іске қосты.

Индустриаландыру картасы аясында 6 жылда (2010-2015 жылдар аралығында) 890 жоба іске қосылды. 85 мыӊ тұрақты жұмыс орны ашылды. Жобалардыӊ 90% астамы жеке бизнестіӊ есебінен жүзеге асты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны