23.01.2014, 20:37 9763

Мемлекеттің жетістігі тиімді мемлекеттік басқаруға байланысты - Б. Ибдірасілов

"Қазақстан-2050" Стратегиясы негізінде жетістігі мол мемлекетті құру идеясы айқындалған, ал мемлекеттің жетістігі тиімді мемлекеттік басқаруға тікелей байланысты, деп ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ректоры Болатбек Ибдірасілов мәлімдеді.

Алматы. 23 қаңтар. Kazakhstan today. "Қазақстан-2050" Стратегиясы негізінде жетістігі мол мемлекетті құру идеясы айқындалған, ал мемлекеттің жетістігі тиімді мемлекеттік басқаруға тікелей байланысты, деп ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ректоры Болатбек Ибдірасілов мәлімдеді.

" "Қазақстан-2050" Стратегиясы негізінде жетістігі мол мемлекетті құру идеясы айқындалған. Біздің мемлекет 30 дамыған ел қатарына енуі тиіс. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ғалымдары әлемдік трендтерді зерттеп, жетістігі мол мемлекетке айналу жолдарын қарастыруда", - деді ректор.

Оның айтуынша, адамзаттың замануи тарихында байлыққа, күшке, табиғи ресурстарға ие болса да жетістігі мол мемлекетке айнала алмаған елдер бар. Сондықтан да, Академия қызметкерлері бүгінде "Қазақстан-2050" Стратегиясын жүзеге асырудың методологиялық дайындықтарына көңіл бөлуде.

"Мемлекеттің жетістігі тиімді мемлекеттік басқаруға байланысты. Ал тиімді мемлекеттік басқару жоғары білікті мемлекеттік мамандар арқасында ғана жүзеге асады. Біз 2013 жылдың барлық жұмыстарын мемлекеттік қызметкерлерді дайындау бағытына арнадық", - деді Б. Ибдірасілов.

Оның айтуынша, 2013 жылы Академия барлық оқыту бағдарламаларын қайта қарап шықты. Олардың негізгі бағыты мемлекеттік қызметкерлердің тәжірибесіне арналған.

"Қазір біздің Академия мен аймақтық филиалдардың басты мақсаты -мемлекеттік қызметшілерді дайындауда компетенцияны дамыту. Жобаларды дамыту компетенциясы бойынша ұжымдық басқару, жетекшілік қабілеттерді дамыту жетекшілігін алға тартып отыр", - деді Б. Ибдірасілов.

Айта кетерлігі, өткен жылы Академия А корпусы жоғарғы әкімшілік-басқарудың жаңа бағдарламасын құрастырды. Бағдарлама бойынша әкімдер, мемқызметшілер мен орталық және аудандық аппарат қызметкерлері оқуда.

"Бұл адамдар жоғары дәрежеде қабылданатын ұйымдарда шешім қабылдауда үлкен рөл атқарады. Сондықтан да, олардың дайындығы мен кәсіптілігінен, біліктілігінен біздің маңызды стратегиялық құжаттардың жүзеге асуы байқалады", - деді Академия ректоры.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны