06.09.2007, 16:18 2971

Мереке күндері ҚХР жағындағы шекарада 5 мыңдай адам жиналып қалған; қазір жағдай қалпына келді - кедендік комитет

Мереке күндері ҚХР жағындағы шекарада 5 мыңдай адам жиналып қалған; қазір жағдай қалпына келді.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 6 қыркүйек. АСТАНА. Мереке күндері Қазақстан-Қытай шекарасының ҚХР жағында елімізге бет алған 5 мыңдай адам жиналып қалған; қазір жағдай қалпына келді, деп хабарлады агенттікке ҚР Қаржы министрлігі кеден комитетінің баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметі еске салып өткендей, Қазақстанда 30,31 тамыз бен 1-қыркүйекте Конституция күні тойлануға байланысты демалыс күндері деп жарияланса, 2-қыркүйек - ҚХР үшін демалыс күні болған. "Осы күндері ҚХР жағында Қазақстанға бет алған 5000 жуық адам бөгеліп қалған", -деп атап өткен баспасөз қызметіндегілер "3 және 4 қыркүйекте жеке тұлғалар шекарадан өтіп, ҚР заңнамасына сәйкес рәсімделді", деп хабарлайды.

Осы ретте кедендік комитеттегілер визалық бақылау функциясы мекеменің құзыретіне жатпайтынын еске салады. "Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ҚР кедендік органдарының құзыретіне кедендік бақылау, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеу функциялары ғана кіреді. Ал жеке тұлғаларды визалық және төлқұжаттық қадағалау басқа мемлекеттік мекемелердің құзыретіндегі мәселе", - деп хабарлайды баспасөз қызметіндегілер.

Бұған қоса, хабарламада атап көрсетілгеніндей, "Қорғас" кеденінің бақылау аймағында да, бейтарап аймақта да бір уақытта 5000 адамды орналастыратын мүмкіндік жоқ".


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны