01.04.2008, 16:37 3563

"Мигрант" операциясы барысында Қазақстаннан 1847 адам шығарылды

"Мигрант" операциясы барысында Қазақстаннан 1847 адам шығарылды

Астана. 1 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Наурыздың 27 мен 30 арылығында жүргізілген "Мигрант" оперативтік-профилактикалық операциясы барысында Қазақстаннан 1847 адам шығарылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ІІМ көші-қон полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, іс-шараның нәтижесінде Қазақстан Республикасының аумағында болу ережелерін бұзғаны үшін 12720 шетел азаматы мен азаматтығы жоқ тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде ҚР Икімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодексінің 394-бабы, 1-тармағы бойынша 10 849 адам, осы баптың 2-тармағы бойынша 1871 адам, соның ішінде алыс шетелдерден 552 азамат пен ТМД елдерінен 12 168 азамат жауапкершілік жүктеді.

"Елге заңсыз келегін және елден шығу талаптарын бұзғаны үшін сотттың шешімімен 1847 азамат, соның ішінде алыс шетелден 35, ТМД елдерінен 1812 азаат елден қудаланды. 1490 азамат, соның ішінде алыс шетелдерден 6, ТМД елдерінен 1484 азамат жеке басын анықтау үшін қабылдап-таратқышқа қамалды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Шетелдік жұмыс күшін тарту және шетелдік жұмыс күшін пайдалану ережесін бұзғаны үшін 243 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 5919 қазақстандық өздері шақырып алған шетелдіктерге жағдай жасап бермегені үшін әкімшілік жаза жүктеді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, түрлі қылмыстар жасағаны үшін 40 шетелдік, соның ңшінде ТМД елдерінен 38, алыс шетелдерден 2 адам, соның ішінде есірткі сақтап сатқаны үшін екі Қазақстан азаматы ұсталды. Іздеуде жүрген 71 адам, соның ішінде қарақшылық шабуыл жасағаны үшін үш адам қолға түсті. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 35 қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны