01.08.2017, 19:57 5306

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 2017 жылдыӊ 1 тамыздағы мәліметке сәйкес 800 млн. теӊге түсті

Бүгін өткен үкіметтіӊ отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Илеуметтік медициналық сақтандыру қорыныӊ төрайымы Елена Бахмутова Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жөніндегі шаралардыӊ жүзеге асырылуы туралы есеп берді.

Астана. 1 тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін өткен үкіметтіӊ отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Илеуметтік медициналық сақтандыру қорыныӊ төрайымы Елена Бахмутова Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жөніндегі шаралардыӊ жүзеге асырылуы туралы есеп берді.

Елбасы жариялаған 100 нақты қадам- Ұлт жоспарыныӊ №80 қадамы "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу" екені белгілі.

Елімізде 1 шілдеден бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МИМС) жүйесін енгізу жөніндегі денсаулық сақтау реформасы басталды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудыӊ (МИМС) заӊнамалық базасын жетілдіру аясында, 2017 жылдыӊ 30 маусымында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заӊнамаға бірқатар өзгерістер енгізуді қарастырған Заӊ қабылданды.

2017 жылдыӊ 30 маусымында қабылданған Заӊды жүзеге асыруда 31 нормативтік-құқықтық акт (НҚА) қабылданатын болады. Олардыӊ ішінде Үкіметтіӊ 10 қаулысы мен 21 бұйрық бар. Қазіргі уақытта 9 ҚРҮҚ, 4 бұйрық әзірленіп, мемлекеттік органдардыӊ келісімінде жатыр. 1 ҚРҮҚ келісіліп, Премьер-Министр Кеӊсесіне енгізілді. 5 бұйрық Иділет министрлігіне тіркеуге жіберілді. Сондай-ақ, жылдыӊ аяғына дейін 81 нормативтік-құқықтық актілерге түзетулер енгізілмек.

Халықаралық қаржы институттарымен жүргізілген жұмыстар жалғасуда.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудыӊ (МИМС) ақпараттық жүйесін құру мақсатында, мүдделі мемлекеттік органдармен, Илеуметтік медициналық сақтандыру қорымен, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен бірлескен жұмыстар жүргізілуде.

Мүдделі мемлекеттік органдармен ақпараттық жүйеніӊ біріктірілуін қарастыратын шаралар жасалуда. Оныӊ негізгі бағыттары:

1. Кіріктіру тұғырнамасын енгізу және денсаулық сақтаудыӊ электронды құжатын жасау;

2. Денсаулық сақтау ұйымдарын компьютерлік техникамен жабдықтау;

3. Денсаулық сақтау ұйымдарында интернет желісініӊ болуы;

4. Денсаулық сақтау ұйымдарында жергілікті медициналық ақпарат жүйелерін енгізу.

Мемлекет жарналарын төлейтін 14 санат бойынша тұлғаларды есепке алу жүйесі мүдделі мемлекеттік органдардыӊ ақпараттық дерекқорларындағы деректертерді біріктіру арқылы Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігініӊ "Төлемдерді өӊдеуді ұйымдастыру" автоматтандырылған ақпарат жүйесініӊ базасында жүргізіледі. Медициналық көмекке жүгінген кезінде МИМС жүйесіндегі мәртебесін анықтау үшін ақпарат салыстырылғаннан кейін Денсаулық сақтау министрлігініӊ "Тіркелген тұрғындар тіркелімі" ақпараттық жүйесіне жүктеледі. Бұдан басқа, "Төлемдерді өӊдеуді ұйымдастыру" біріктірілген ақпарат жүйесініӊ базасында Мемлекеттік корпорация өз қызметін жүзеге асыратын болады.

Ақпараттық жүйеніӊ біріктіру үдерістерін тәртіпке келтіру мақсатында Министрлік "МИМС аясында мемлекеттік органдар арасындағы деректер алмасу бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл нұсқаулығын бекіту туралы" Бұйрықтыӊ жобасын әзірлеп, келісіп, ескертулерді ескере келе жетілдіріп, мүдделі мемлекеттік органдарға бекітуге жіберді.

Илеуметтік медициналық сақтандыру қорына жеке кәсіпкерлердіӊ жарналары мен жұмыс берушілердіӊ аударымдары түсе бастады.

Қазақстанныӊ 16 аймағында Қордыӊ филиалдары құрылды.

2017 жылдыӊ 1 шілдесінен бастап жұмыс берушілер аударымдар жасап, жеке кәсіпкерлер жарна төлей бастады.

2017 жылдыӊ 1 тамыздағы мәліметке сәйкес 800 млн. теӊге түсті.

2018 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап мемлекет тұрғындардыӊ әлеуметтік-қорғалмаған бөлігі үшін жарналар төлей бастайды да, сәйкесінше, оларға сол 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарынан МИМС аясында медициналық көмек көрсетіле бастайды.

Түскен қаражат 2017 жылға күтілген алдын ала болжамға сәйкес келеді. Тамыз айында түсім көбейеді деп күтілуде. Бұл аударымдарды төлеу мерзімініӊ жалақы төленетін келесі есептік айдыӊ 25-іне дейін болуына байланысты.

МИМС бойынша түсімдер болжамы, жалпы 2017 жылға 23 млрд. теӊгеден аса қаражатты құрайды, олардыӊ ішінде аударымдар үлесі - 95%, жарналар үлесі - 5%.

Жұмыс беруші ай сайын жұмыскердіӊ жалақысынан 1% мөлшерінде, бірақ 3668,9 мыӊ теӊгеден жоғары емес, аударым жасайды (15 еӊ төменгі айлық жалақыдан 1% - есептеу объектісініӊ жоғарғы сомасы).

2017 жылғы жағдайда жеке кәсіпкерлер мен оларға теӊестірілген тұлғалар - жеке қорғаушылар (адвокаттар) мен нотариустар, кәсіби медиаторлар 2 еӊ төменгі айлық жалақыдан 5% мөлшерінде немесе 2445,9 теӊге төлейді. Сонымен бірге ЖК өз жұмыскерлері үшін жұмыс беруші ретінде аударым жасайды.

Бұдан басқа, 1 шілдеден бастап азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар табысыныӊ 5% мөлшерінде жарна төлейді. Бұл санаттағылар үшін, сондай-ақ 15 еӊ төменгі айлық жалақы мөлшерінде - шекті сома белгіленген. Жарналар мен төлемдердіӊ нақты сомасын fms.kz - Қор сайтында, басты бетте орналастырылған төлеушілер нұсқаулығы мен МИМС-ға аударымдар мен жарналар есептеу калькуляторымен есептеуге болады.

МИМС аясындағы қызмет көрсету пакетін сақтандырылған тұлғалар 2018 жылдан бастап қолданады - оған дейін жекеменшік және мемлекеттік ұйымдармен медициналық қызмет көрсету үшін шарттар жасалады. Бұдан басқа, азаматтардыӊ барлық санаттары үшін (әлеуметтік-маӊызы бар аурулардыӊ емін ғана емес, жедел жәрдем, шұғыл көмек, санитарлық авиация қызметтерін де жабатын) кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі бұрынғыдай қолжетімді болады.

Сонымен бірге, алдағы 2 жыл бойы (2018-2019 жж.) жеӊілдік кезеӊі болмақ, яғни сақтандырылмаған азаматтар үшін де тегін амбулаториялық көмек, сондай-ақ шұғыл жағдайдағы стационарлық көмек қолжетімді болады.

Азаматтардыӊ МИМС туралы ақпараттандырылу деӊгейін жоғарылату мақсатында, 21 шілдеден бастап мемлекеттік және орыс тілдерінде, ыӊғайлы интерфейсі мен көзі нашар көретіндерге арналған нұсқасы бар, жаӊартылған Қордыӊ веб-сайты іске қосылды.

Сайттыӊ басты бетінде жарна төлеушілер үшін барлық қажетті нұсқаулықтар орналастырылған.

Ақпараттыӊ ашықтығын, мөлдірлігін қамтамасыз ету мақсатында Қордыӊ бос лауазымдық орындары мен мемлекеттік сатып алулар туралы хабарландырулар, нормативтік-құқықтық база, сондай-ақ аймақтар бөлігінде КТМКК ұсынатын клиникалар тізімі, инфографикалар мен жиі қойылатын сауалдарға жауаптар да орналастырылған. Сондай-ақ, басты бетте түрлі санаттар үшін жарналарды есептеуге мүмкіндік беретін калькулятор да бар.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен және Қормен бірлесіп egov.kz порталыныӊ "Жеке кабинетін" жетілдіруде. Қыркүйек айынан бастап жеке кабинетте Қорға төленген жеке тұлғалардыӊ төлемдері туралы, ал 2018 жылдыӊ басынан бастап сақтандырылу мәртебесі туралы ақпараттар қолжетімді болады.

"Халық бақылауы" бөлімі құрылған, ол арқылы пайдаланушылар өздерініӊ ұсыныстарын қалдыра алады, яғни кері байланыс түрінде Қор сайтында жүйелі негізде беріліп отырады.

Азаматтардыӊ белгілі бір медициналық ұйым жұмысына қатысты шағымдары Қор медициналық ұйымдармен шартқа отырғаннан кейін қаралатын болады.

"Азаматтарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп, 1414 байланыс орталығы арқылы тұрғындарға тұрақты түрде ақпарат беріледі.

МИМС енгізу жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мемлекеттік ақпараттық стратегияныӊ түйінді басымдықтары ретінде, МИМС тұрғындарды әлеуметтік қолдау шарасы ретінде "Қуатты Қазақстан" бірыӊғай медиа-жоспары аясында жүргізіледі,

Ақпраттық-түсіндіру жұмыстары аясында аймақтық штабтар 133 290-дан аса кездесулер өткізіп, түрлі мақсатты топтар (жұмыс берушілер, жалдамалы жұмыскерлер, жеке кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтитындар, жеӊілдік санатындағылар) арасында 12,3 млн.адамды қамтыды.

Осы жылдыӊ маусым айынан бастап облыстық әкімдіктермен бірлесіп Министрлік "Қазақстанныӊ 500 ірі кәсіпорыны" науқанын өткізуде, оныӊ аясында дайындалған спикерлер кәсіпорындардыӊ еӊбек ұжымдарымен кездеседі. 500 компания қатарына экономикамыздыӊ барлық саласындағы өндірістердіӊ көшбасшылары кіреді.

Науқан аясында 122 мыӊ адамды қамтыған 737 кездесу өткізілді. Осы науқанныӊ арқасында өндіріс, өнеркәсіп, ауылшаруашылық секторларыныӊ жұмыс берушілері, жұмыскерлері өндіріс орындарынан алыстамай-ақ Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы қажетті ақпараттарды, сондай-ақ өз сауалдарына жауаптарын алды.

Еліміздіӊ шеткері аймақтары, тұрғын халқы 100 адамнан аспайтын шалғай орналасқан ауылдық округтардағы тұрғындарды ақпараттандыру үшін мобильді орталықтар ресурсы іске қосылған. Халыққа қызмет көрсету орталықтарыныӊ қызметкерлері кестеге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін шалғай ауылдарға барады.

2017 жылдыӊ 23 маусымында медициналық қызметкерлерді оқыту аяқталды. Еліміздегі медициналық қызметкерлердіӊ жалпы санынан 138 298 адам (99,6%) МИМС мәселелері бойынша оқытылды, оныӊ ішінде: 6 548 (100%) менеджерлер, 34 328 (100%) практикалық дәрігерлер және 97 422 (98,8%) орта медициналық қызметкерлер.

Тіркеу науқаны мен МИМС жүйесініӊ болашақ қатысушыларыныӊ мәртебелерін анықтау бойынша тұрғындар арасында белсенді ақпараттандыру шаралары жүргізілді. Барлығы, облыстардыӊ Денсаулық сақтау басқармаларыныӊ есептері бойынша, осы жылдыӊ 30 маусымындағы мәліметтер бойынша, тіркеу науқаны барысында 8,9 млн қазақстандық МИМС туралы ақпарат алып, өз мәртебелерін анықтады, ерікті таӊдау құқығы бойынша 383 869 адам медициналық ұйымдарға тіркелді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны