27.05.2013, 10:01 4745

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері ертең Үкімет отырысында қаралады

"Ертең дәстүрлі Үкімет отырысында Премьер-Министр Серік Ахметовтің басшылығымен мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері талқыланады", - деп хабарлады А.Ибибуллаев.

Астана. 27-мамыр. Kazakhstan Today - Ертең, 28 мамырда Үкімет отырысында мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері қаралады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев мәлім етті.

"Ертең дәстүрлі Үкімет отырысында Премьер-Министр Серік Ахметовтің басшылығымен мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері талқыланады", - деп хабарлады А.Ибибуллаев.

ОКҚ өкілі мәлімдегендей, аталған мәселе бойынша отырыста еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Ибденов баяндама жасайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны