28.01.2014, 19:23 4591

Н. Қаппаров ҚР Президентіне су ресурстарын басқару бағдарламасын әзірлеу туралы баяндады

Н. Назарбаев министрліктің жаңа өкілеттіктерге ие болуы мен оған су ресурстары, аң аулау және орман шаруашылығы жөніндегі, сондай-ақ балық шаруашылығы комитеттерінің берілуінің маңыздылығын атап өтті.

Алматы. 28 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қоршаған орта және су ресурстары министрі Н.Қаппаровпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Министр Мемлекет басшысына 2013 жылдағы жұмыс қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндады",- делінген хабарламада.

Н. Назарбаев министрліктің жаңа өкілеттіктерге ие болуы мен оған су ресурстары, аң аулау және орман шаруашылығы жөніндегі, сондай-ақ балық шаруашылығы комитеттерінің берілуінің маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысы білікті кадрларды, атап айтқанда, су ресурстарын басқару және трансшекаралық өзендер мәселелері жөніндегі халықаралық келіссөздерді жүргізу саласындағы мамандарды даярлау жайына назар аударды.

Бұған қоса, Қазақстан Президенті халықаралық тәжірибені ескере отырып, елімізде "жасыл экономиканы" дамытуға үйлестірілген және кешенді көзқарас қалыптастыру қажеттігіне тоқталды.

Кездесу барысында Н.Қаппаров ведомствоның "жасыл экономика" саласындағы қызметі жайлы, сондай-ақ су ресурстары мен тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару бағдарламаларын әзірлеу туралы хабардар етті.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы белгіленген бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды, атап айтқанда, аталған бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындауды бастауды тапсырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны