22.08.2016, 11:56 3556

Н.Назарбаев Астанадағы Ядролық қарусыз әлем құру тақырыбындағы халықаралық конференциясына қатысады

29 тамызда Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Семей ядролық сынақ полигоныныӊ жабылуына 25 жыл толуына арналған "Ядролық қарусыз әлем құру" халықаралық конференциясы болады, деп хабарлады Сенаттыӊ баспасөз қызметі.

Астана.22 тамыз. Kazakhstan Today - 29 тамызда Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Семей ядролық сынақ полигоныныӊ жабылуына 25 жыл толуына арналған "Ядролық қарусыз әлем құру" халықаралық конференциясы болады, деп хабарлады Сенаттыӊ баспасөз қызметі.

Форум БҰҰ Бас Ассамблеясыныӊ қарарына сәйкес жыл сайын аталып өтілетін Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдыӊ халықаралық күні аясында өтеді.

Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ конференцияда сөйлейтін сөзі жиынға қатысушылар назарын тартатын басты оқиға болмақ. Форум барысында жалпы отырыс, сондай-ақ "БҰҰ және қарусыздандыру үдерістері: келешегі қандай? "Илем. ХХІ ғасыр" манифесі", "Ядролық тежеуден бас тарту - халықаралық қауіпсіздіктіӊ жаӊа сипаты", "Ядролық қарудан азат аймақтар.

Орнықты әлемніӊ географиясы", "Ядролық қарусыздану саласындағы азаматтық қоғамныӊ рөлі" тақырыптары бойынша төрт панельдік сессиялары өтеді. Конференцияныӊ қосалқы ұйымдастырушысыЯдролық қаруды таратпау және жою жолындағы парламентшілердіӊ(PNND) халықаралық ұйымы болып табылады.

Форумға қатысушылар ядролық қаруды қолдану және сынау құрбандарын еске алып, қарусыздандыру және таратпаудыӊ өзекті мәселелерін қарайды және халықаралық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі ұсыныстар айтады деп күтілуде. Конференцияны ұйымдастыру комитетініӊ басшысы, Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтыӊ пікірінше, Семей полигоныныӊ жабылуына 25 жыл толуы жаһандық маӊызы бар дата болып табылады.

"Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық ядролық қаруға қарсы қозғалыстыӊ көшбасшысы болып іс жүзінде мойындалған тұлға. Оныӊ Семей ядролық полигонын толықтай жабу туралы шешімі әлемдік қарусыздану тарихында алғашқы және соӊғы мысал болып табылады. Мемлекет басшысыныӊ "Илем. ХХІ ғасыр" манифесініӊ негізінде қарусыздану идеясы жатыр. Семей полигоныныӊ жабылуына 25 жыл толуы -жер бетінде орнықты әлем құрудыӊ бірінші кезекте маӊыздылығы және қауіпсіздік проблемаларына жаӊа бірлескен шешімдер ұсыну туралы бүкіл әлем қауымдастығына ойланудыӊ еӊ оӊтайлы мүмкіндігі", - деп атап өтті Қ.Тоқаев.

Астана конференциясына БҰҰ Бас Хатшысыныӊ Орынбасары, БҰҰ Женева Бөлімініӊ Бас Директоры, Қарусыздандыру жөніндегі конференцияныӊ Бас хатшысы Майкл Мёллер, Ядролық сынаққа жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымы Даярлау комиссиясыныӊ Атқарушы хатшысы Лассина Зербо, Парламентаралық одақтыӊ Президенті және PNND теӊ төрағасы Сабер Чаудхари, Панафрикалық Парламенттіӊ Президенті Роджер Нкодо Данг, Болгарияныӊ Вице-Президенті Маргарита Попова, Маршалл аралдары Нитиджелініӊ (Парламент) төрағасы Кенеф Кеди, Фиджи Парламентініӊ төрағасы Жико Фатафехи, Европа комиссиясыныӊ бұрынғы Президенті және Италия Премьер-министрі Романо Проди, Израильдіӊ бұрынғы Премьер-министрі Эхуд Барак, Аустрияныӊ бұрынғы федералдық канцлері Альфред Гузенбауэр, Польшаныӊ бұрынғы Президенті Александр Квасьневский, Моӊғолияныӊ тұӊғыш Президенті Пунсалмаагийн Очирбат, Намибия Премьер-министрініӊ орынбасары, Сыртқы істер министрі Нетумбо Нанди-Ндаитвах, Корея Республикасыныӊ қосылу министрі Хон Ён Пё, Пагуош ғылым және халықаралық істер қозғалысыныӊ Президенті Джайантха Дханапала, Илемдік діндер Парламентініӊ Төрағасы Имам Абдул Малик Муджахид, "Невада-Семей" антиядролық қозғалысыныӊ негізін салушы Олжас Сүлейменов, басқа да халықаралық ұйымдардыӊ, үкіметтік емес ұйымдардыӊ көрнекті өкілдері, жалпы алғанда елуден астам елдердіӊ белгілі діни қайраткерлері қатысады. Астана конференциясында қорытынды құжат қабылданатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны