03.07.2014, 21:03 3073

Н. Назарбаев: Біздің міндет - ЭКСПО-2017 нысандарының барлығын көрмеден кейін де кәдеге асыру

"Бiздiң мақсатымыз, ЭКСПО өткеннен кейiн бұл құрылыстардың барлығын қолдану болып табылады. Көрме кезiнде қонақ үй болған баспаналардың барлығы кейiн қалалықтар, қазақстандықтарға тұрғын үй ретiнде берілуі тиiс. Сауда, ойын-сауық орталықтары, ғылыми орталықтардың барлығы бос қалмауы керек", - дедi Н.Назарбаев.

Алматы. 3 шілде. Kazakhstan today. Біздің міндетіміз - ЭКСПО-2017 нысандарының барлығын көрмеден кейін де кәдеге асыру, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті Н.Назарбаев "Астана ЭКСПО-2017" көрме кешенінің құрылыс алаңының жұмыстарымен танысу барысында.

"Бiздiң мақсатымыз, ЭКСПО өткеннен кейiн бұл құрылыстардың барлығын қолдану болып табылады. Көрме кезiнде қонақ үй болған баспаналардың барлығы кейiн қалалықтар, қазақстандықтарға тұрғын үй ретiнде берілуі тиiс. Сауда, ойын-сауық орталықтары, ғылыми орталықтардың барлығы бос қалмауы керек", - дедi Н.Назарбаев.

"Көрмеге орай нысандарды саларын салып алып, оны өткiзгеннен кейiн қолданбай жатқан мемлекеттер бар. Бiз салатын нысандардың барлығы болашақта қолданыста болуы тиiс", - деп түйіндеді Президент.

Н.Назарбаев көрме өткізгеннен кейін аталмыш шарадан қалған нысандарды қаңыратып бос тастаған мемлекеттердің бас екенін де тілге тиек етті.

Оның айтуынша, Қазақстан осы шара арқылы өзін танытып, Астана халқының деңгейін көтеруге жол ашу керек.

"Бұл жұмыстармен қоса Астана халқын да мәдени жағынан дайындап, ұлттық мәдениетімізді ұялмай көрсете алатындай болу керек", - деді Елбасы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны