25.12.2014, 20:05 4079

Н.Назарбаев Еӊбек Даӊқы орденін бекітті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстанныӊ жаӊа индустрияландырылуы: 2014 жыл мен бірінші бесжылдықтыӊ нәтижелері" жалпыұлттық телекөпір барысында Еӊбек Даӊқы орденін бекітті.

Астана. 25 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстанныӊ жаӊа индустрияландырылуы: 2014 жыл мен бірінші бесжылдықтыӊ нәтижелері" жалпыұлттық телекөпір барысында Еӊбек Даӊқы орденін бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Біз еӊбектіӊ еліміз. Біздіӊ мақсатымыз барлығын жұмыспен қамту. Өйткені біздіӊ мемлекет, Үкімет, Парламент, бұқаралық ақпарат құралдары еӊбек адамын тәрбиелеп шығаруы керек. Сол себепті мен үш деӊгейден тұратын арнайы Еӊбек Даӊқы орденін бекітпекшімін. Үш деӊгейді де иеленген адам Еӊбек Ерімен теӊеседі. Бұл атақ тек көзге түскен жұмысшылар мен шаруаларға, еӊбек әулеттеріне беріледі. Біздіӊ тұтынатын барлық заттарымыз жұмысшылардыӊ еӊбектерімен келеді. Адамныӊ абыройын көтеретін де еӊбек. Барша әлем, біздіӊ ел еӊбекке сүйенген", - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Президенттіӊ айтуынша, 21 ғасырдыӊ жүйелі мәселелерініӊ бірі - халық саныныӊ артуымен жұмыс орны тапшылығыныӊ да өсуі, деді Президент, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

"Жер бетінде қазіргі таӊда 7 млрд адам бар. Ал 15 жастан бастап еӊбек еткісі келетіндер саны 5 млрд-ты құрайды. Ал жер бетінде жалпы саны 1,5 млрд жұмысшы орны бар. Илемніӊ бар айналысып жатқаны қазір еӊбек. Еӊ дамыған 30 елдіӊ қатарына ену үшін біз осы мәселені оӊтайлы шешуіміз керек. Қазақстан экономикасыныӊ 6 пайыздық өсіміне қол жеткізу үшін біздіӊ 10 мыӊдай жаӊа жұмыс орнын ашамыз. Ал облыс орталықтарына кіреберісте меніӊ емес, өткен кезеӊде қанша жаӊа жұмыс орны ашылды, сол туралы мәліметтерді іліп қою керек. Мен осыны талап етемін. Бұқаралық ақпарат құралдары осынау көрсеткіштерді елге жеткізу керек", - деді Елбасы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны