15.12.2015, 16:34 19813

Н.Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздігініӊ 25-жылдық мерейтойына дайындықты бастауды тапсырды

"Біз осы жылдыӊ көктемінде жарияланған Ұлт жоспарын жүзеге асыруға кірістік. Біз оныӊ бастамасын Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына ырымдап ұйымдастырдық. Меніӊше, дәл бүгіннен бастап Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығын мерекелеуге дайындықты бастаған жөн", - деді Елбасы Қазақстанныӊ Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында

Астана. 15 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылы Тәуелсіздіктіӊ 25-жылдық мерейтойына дайындықты бастауды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Біз осы жылдыӊ көктемінде жарияланған Ұлт жоспарын жүзеге асыруға кірістік. Біз оныӊ бастамасын Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына ырымдап ұйымдастырдық. Меніӊше, дәл бүгіннен бастап Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығын мерекелеуге дайындықты бастаған жөн", - деді Елбасы Қазақстанныӊ Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Президент өз сөзінде, биыл Қазақстанда бірқатар маӊызды шаралар өткендігін айтты. Оныӊ бірі қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовтыӊ ғарышқа ұшуы болды.

Бұдан өзге, Н.Назарбаев "Қазақстан тәуелсіздігініӊ тарихы - ұлы шежіре, ол қазіргі заманныӊ кез келген табысты елініӊ тарихын әрлей түсетінін" айтып өтті.

"Ирбір елдіӊ жылнамасында оныӊ жаӊа тарихыныӊ бастауы болған тағдыркешті таӊдар болады. Біз үшін жаӊа дәуірдіӊ арай таӊы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты. Сол күні әлем көгінде Қазақстан Республикасы атты мәӊгілік жұлдыз жарқырап тұрды. Тұтас дәуірлердіӊ куәсі болған халқымыз сан ғасырлар бұралаӊ әрі қиын жолмен жүріп өтті", - деп баса айтты ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны