02.07.2015, 15:33 3438

Н.Назарбаев Қазақстанда жасалған тауарлардыӊ көрмесін аралады

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Индустрияландыру күні аясында Астанадағы "Көрме" орталығында "Қазақстанда жасалған" атты отандық тауар өндірушілердіӊ көрмесін аралады

Астана. 02 Шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Индустрияландыру күні аясында Астанадағы "Көрме" орталығында "Қазақстанда жасалған" атты отандық тауар өндірушілердіӊ көрмесін аралады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Еліміздіӊ барлық өӊірлерінен 80-нен астам компания өз өнімдерін осы көрмеге қойып отыр.

"Көрменіӊ негізгі мақсаты - жаӊа кәсіпорындар мен жаӊа өндірістердіӊ жұмысына серпін беру, олардыӊ өнімдерін ел назарына ұсыну. Көрме еӊ алдымен отандық тауар өндірушілер және олардыӊ шығарып отырған тауалары туралы халыққа барынша мол ақпарат беруді көздейді",-дейді көрмені ұйымдастырушы "NADLoC - Жергілікті қамтуды дамытудыӊ Ұлттық агенттігі Басқарма төрағасы Қайрат Бектүргенев, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Жалпы, көрме жұмысыныӊ аясында аталмыш ұлттық агенттік отандық тауар өндірушілермен бірыӊғай логотип түсіру жөнінде 20 меморандумға қол қоймақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны