28.01.2013, 09:58 3892

Н.Назарбаев құқық қорғау органдарының басшыларымен кездеседі

30-қаңтарда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдарының басшыларымен кездеседі. Бұл туралы бүгін ведомствоның ресми өкілі Алтай Ибибуллаев баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді.

Астана. 28-қаңтар. Kazakhstan Today - Н.Назарбаев құқық қорғау органдарының басшыларымен кездеседі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

30-қаңтарда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдарының басшыларымен кездеседі. Бұл туралы бүгін ведомствоның ресми өкілі Алтай Ибибуллаев баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді.

"30-шы қаңтарда Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдарының басшыларымен отырыс өткізеді. Отырыс барысында қылмыспен күрестің Қазақстандағы ахуалы, жемқорлықпен күрес, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау, нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес сынды маңызды мәселелер талқыланатын болады", - деді А.Ибибуллаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны