01.09.2016, 18:30 4003

Н.Назарбаев:Парламент сессиясы Қазақстан Тәуелсіздігініӊ 25 жылдық мерейтойы қарсаӊындағы аса жауапты тарихи сәтте жұмысын бастағалы отыр

" Еӊ алдымен Қазақстан Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдық мерейтойын қарсы алуға әзірленуде. Бұл - жылдыӊ еӊ елеулі оқиғасы",- деді Елбасы.

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Елбасы биылғы сессияныӊ қастерлi Тәуелсiздiгiмiздiӊ 25 жылдығын тойлайтын кезеӊге тұспа-тұс келiп отырғанын ерекше атап өттi. Бұл туралы ол бүгін Астанада Парламенттіӊ екінші сессиясыныӊ ашылуында сөйлеген сөзінде атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Құрметті депутаттар! Сіздерді заӊ шығару жұмысыныӊ жаӊа маусымыныӊ басталуымен құттықтаймын! Парламенттіӊ екінші сессиясы аса жауапты тарихи сәтте жұмысын бастағалы отыр. Еӊ алдымен Қазақстан Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдық мерейтойын қарсы алуға әзірленуде. Бұл - жылдыӊ еӊ елеулі оқиғасы",- деді Елбасы.

Президенттіӊ пікірінше, "Еліміздіӊ қол жеткізген жетістіктерін зерделеудіӊ маӊызы зор. Атаулы мерейтойдыӊ өзі ауқымды түсіндіру жұмыстарыныӊ шешуші кезеӊіне айналуға тиіс, еліміз қол жеткізген елеулі нәтижелер туралы әрбір қазақстандықтыӊ назарына жеткізу қажет. Сондай-ақ, келешек жоспарды анықтау да маӊызды".

"Екіншіден, біз Қазақстанды жан-жақты модернизациялау бойыншаҰлт жоспарыныӊ екінші кезеӊін жүзеге асыруға кірістік. Парламент Үкіметпен бірлесе конструктивтік жұмыс жүргізу дәстүрін одан әрі жалғастыруы қажет. Жаӊа заӊ жобаларын жасау және қабылдау мәселелерініӊ барлығы бойынша Үкіметпен етене жақын әрі ырғақты ықпалдастық орнатқан жөн, бұл ретте заӊдар мұқият ойластырылған әрі сапалы болуға тиіс",- деді Қазақстан президенті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны