17.01.2014, 19:41 3467

Н.Назарбаев: Стратегия - нақты тәжірибелік жұмыстардың бағдарламасы

Біз қазақстандықтардың болашақ елдің тұтқасын нық ұстаулары үшін 2050 Стратегиясын қабылдадық. Қазіргі таңда Қытай, Малайзия, Түркия және де өзге елдер ұзақ мерзімді жоспарлар бойынша сәтті жұмыстар атқарып келеді. ХХI ғасырда стартегиялық жоспарлау басты ереже болып табылады. Егер ел болашаққа жоспарын анық бекітпесе, онда атқарылап шаралар нақты нәтиже бермек емес.

Алматы. 17 қаңтар. Kazakhstan today. Стратегия - нақты тәжірибелік жұмыстарлдың бағдарламасы, деді бүгін ҚР Парламенті палаталарының біріккен отрысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі жолдауында.

"Біз қазақстандықтардың болашақ елдің тұтқасын нық ұстаулары үшін 2050 Стратегиясын қабылдадық. Қазіргі таңда Қытай, Малайзия, Түркия және де өзге елдер ұзақ мерзімді жоспарлар бойынша сәтті жұмыстар атқарып келеді. ХХI ғасырда стартегиялық жоспарлау басты ереже болып табылады. Егер ел болашаққа жоспарын анық бекітпесе, онда атқарылап шаралар нақты нәтиже бермек емес. 2050 Стратегиясы адамдардың күнделікті мәселелерін шешетін, біздің басты мақсатымызға бастайтын қолымыздағы шырақ іспетті. Бұл дегеніңіз, 30-50 жылдан кейін емес, жыл сайын азаматтардың өмір сүру деңгейлерін арттыратын боламыз. Стратегия - күн санап және жыл санап қазақстандықтардың өмірі мен елдің әлеуетін арттыратын нақты жұмыстардың бағдарламасы", - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, "нарықтық жағдайда жайбарақат өмір сүруге болмайтынын әр адам білуі керек. Кез келген азамат өзі үшін және отбасы үшін табан ақы, маңдай терімен жұмыс істегенде мақсатына жетпек".

Өз кезегінде мемлекеттің тапсырмасы осы жұмысты істеуге барлық жағдайды жасау.

"Алдыңғы қатарлы елдердің ішінде біздің еліміздің жарқын болашағы барлық қазақстандықтарды бір жерге тоғыстыратынына сенімдімін. Бүгінгі жолдауда мен қазақстандықтарға еліміздің әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына ену жоспарын таныстырғым келеді. Менің Үкіметке тапсырмам бойынша осы мәселеге қатысты жоба тұдырымдамасын дайындады, бүгінгі тапсырмадан кейін нақты мақұлданатын құжатты мақұлдады", - деді Елбасы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны