06.01.2016, 09:01 62082

Н.Назарбаев: Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол

Ақорда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол" мақаласын жариялады

Астана. 6 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ақорда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол" мақаласын жариялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан "5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам" - Ұлт жоспарын орындаудыӊ практикалық кезеӊі басталды.

Мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаӊа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заӊ күшіне енді.

Бізге тарихымыздағы бұрын-соӊды болмаған ауқымдағы ұлттық заӊнамаға өзгерістерді бағамдау маӊызды. Оныӊ үстіне, олар біздіӊ қазақстандық арманымыз - ХХІ ғасырда көшбасшы отыз ұлттыӊ бірі болуға қол жеткізуімізге жол ашады.

Ир ұрпақтыӊ өз арманы бар, оларда тек жеке және отбасылық игіліктерге ғана ұмтылыс көрініс таппайды.

Оларда қашанда туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі, өз халқы мен Отаныныӊ бақыты туралы аӊсар айқын көрінеді.

Ата-бабаларымыздыӊ көптеген ұрпақтары үшін Қазақстанныӊ Тәуелсіздігі асыл арман болып келді.

Біз олардыӊ азат және тәуелсіз Отанды аӊсаған көп ғасырлық қиялдарын іс жүзіне асырдық.

Біз, қазіргі қазақстандықтар үшін Тәуелсіздік көпэтносты қоғамымыздыӊ нақты жоғары өмірлік құндылығына айналды.

Біз осыдан бар-жоғы ширек ғасыр бұрын ғана барлық ақыл-ойымыз бен жүрегімізді баурап алған көптеген ой-ниеттерімізге қол жеткіздік.

Біз Қазақстан Республикасыныӊ егемендігі Конституция мен заӊдардыӊ берік арқауы мен халық мүддесіне қызмет ететін мемлекеттік аппараттыӊ кәсіби және негізді іс-қимылына арқа сүйеуін қамтамасыз еттік.

Оны Қазақстан экономикасыныӊ нақты табыстарымен, ұлттық байлықтыӊ және халық игілігініӊ өсімімен нығая түсетін еттік.

Тәуелсіздігіміздіӊ жоғары халықаралық беделмен және ұлттық қауіпсіздіктіӊ тиімді жүйесімен сенімді қорғалуын қамтамасыз еттік.

Біз өз жеріміз бен оныӊ байлығыныӊ ұқыпты иесі болуға үйренудеміз, жаӊа технологияларды меӊгеріп, тарихымызда ешқашан болып көрмеген өндірістік қуаттар мен экономиканыӊ тұтас салаларын іске қосудамыз.

Және еӊ бастысы - біз жаӊаша армандауды, Тәуелсіз Қазақстанымыз бір бөлшегі болып отырған жаһандық әлемдегі қиындықтарға қарамастан, ел мен қоғамды дамытуда нақты міндеттер қоюды және оларды шешуді үйрендік.

Жаӊа қазақстандық арман

Біз Тәуелсіздіктіӊ 25-ші жылдығына жаӊа қазақстандық арманмен аяқ бастық, оныӊ басты мақсаты жүзеге асырылып жатқан "2050" Стратегиясымен бара-бар.

ХХІ ғасырдыӊ ортасына қарай біз Қазақстанныӊ әлемдегі аса дамыған 30 мемлекеттіӊ қатарына қосылуына қол жеткізуді жоспарлап отырмыз.

Бұл 2015 жылдыӊ сәуірінде өтіп, қазақстандықтардыӊ абсолютті көпшілігі қолдау көрсеткен кезектен тыс президенттік сайлау барысында пайда болған бүкілхалықтық арманға айналды.

Шын мәнінде, осы бүкілхалықтық сенім кепілі біздіӊ Болашағы Біртұтас Ұлт туындауындағы тарихи акт болды.

Біз өзіміздіӊ жаӊа арманымызға қарай жақындауды Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын жасаудан бастадық.

Осы жаӊғыртуларға шешуші рөл беріліп отыр. Олар Қазақстанды, оныӊ экономикасын, мемлекет пен қоғамды өзгертетін тарихи міндеттер кешенін шешуге даӊғыл жол салады.

Олар планетадағы аса дамыған мемлекеттерді біріктіретін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымыныӊ стандарттарына сәйкес келетін елді дамыту, экономикалық өсім мен барлық қазақстандықтардыӊ өмірін жақсарту үшін жаӊа лайықты жағдайлар қалыптастырады.

Біздіӊ Қазақстанымыз серпіндірек, лайықтырақ, сенімдірек және дәулеттірек болады.

2015 жылдыӊ бірнеше айыныӊ ішінде ғана Бес институттық реформаныӊ басталуын заӊнамалық және ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз ету бойынша орасан зор жұмыс атқарылды.

Бұл жұмыс меніӊ Жарлығым бойынша құрылған Жаӊғыртулар жөніндегі ұлттық комиссияныӊ басшылығымен жүргізілді.

Мен бірқатар кеӊес өткізіп, сарапшылармен, саясаткерлермен, бизнес және қаржы ұйымдарыныӊ басшыларымен әӊгімелестім.

Халықаралық сапарларым мен кездесулерім шеӊберінде мен өзімніӊ әріптестеріммен - өзге елдердіӊ мемлекет және үкімет басшыларымен талай рет кеӊестім.

Тұтастай алғанда, меніӊ Қазақстанды тереӊдете жаӊғырту жөніндегі ой-ниетіме барлық тараптан жан-жақты қолдау көрсетілді.

Илеуметтік сауалдамалар да Ұлт жоспарыныӊ барлық бес реформасына тұрақты жоғары қолдау көрсетіліп келе жатқанын айғақтап беріп отыр. Қазақстандықтар реформалардыӊ уақтылы және көкейкесті екенімен бірауыздан келіседі.

Қазірдіӊ өзінде барлық қажетті заӊдар қабылданды және заӊдық күшіне енді.

Парламент пен Үкімет жұмысыныӊ үйлесімділігін ерекше атап өткім келеді. Өте қысқа мерзімде жүзеге асырылған заӊнамалық жұмыстардыӊ осындай қарқыны мен сапасы бұған дейін Қазақстанда болып көрген емес.

Бұл - біздіӊ парламенттік моделіміздіӊ және мемлекеттік биліктіӊ өкілетті және атқарушы тармақтарыныӊ өзара іс-қимыл жүйесініӊ жоғары тиімділігініӊ айғағы.

Ұлт жоспарын орындау бойынша практикалық жұмыстар жаӊа мүмкіндіктер мен әлемдік дамудағы ықтимал тәуекелдерді есепке ала отырып, өзгермелі жаһандық жағдайларға толық сәйкес түзіліп жатқанын көру маӊызды.

Бұл туралы меніӊ 2015 жылдыӊ 30 қарашасындағы Қазақстан халқына Жолдауымда егжей-тегжейлі баян етілген.

Бес институттық реформа Қазақстан экономикасы жаһандық экономикалық қиындықтардыӊ күшті ықпалын сезініп отырған қазіргі кезеӊде ерекше маӊызды.

Біз оларды экономикалық өсімніӊ сенімді қарқынын қалпына келтіру мен бүкіл халыққа берік әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттіӊ дағдарысқа қарсы кеӊ ауқымды шараларыныӊ басты құрамдасы ретінде қарастырамыз.

Қазақстанныӊ дамудыӊ жоғары әлемдік стандарттарына қол жеткізуіне ықпал ететін жаӊа қазақстандық заӊнамалар қазірдіӊ өзінде жұмыс істей бастады.

Сондықтан қазір қазақстандықтардыӊ олар туралы тек біліп қана қоймай, сондай-ақ, олардыӊ практикалық өмірде, экономикалық қызметте немесе қоғамдық қатынастарда беретін жаӊа мүмкіндіктерін қолданулары маӊызды.

Баршаныӊ бойында құқықтық жаӊалықтар негізінде мемлекеттік басқару мен құқық тәртібініӊ жүйесі қалай ауысатыны жайында барынша толық түсінік болуы тиіс. Жаӊа жағдайларда бизнесті қалай дамытуға немесе мемлекеттік емес сектордыӊ қызметін қандай перспективалы бағыттарда белсенді етуге болады деген сияқты.

Осыныӊ бәрі, тұтастай алғанда, тұрғындардыӊ бәрініӊ экономикалық және азаматтық белсенділіктерін арттыруға қуатты серпін беретін болады.

Осыныӊ арқасында біз өзіміздіӊ қазақстандық арманымызға қарай секіріс жасап, ХХІ ғасырдыӊ ортасындағы басты мақсатымызға жақындай түсетін боламыз.

Бес реформаныӊ әрқайсысы бойынша іс-қимылдыӊ жол картасы жасалған және біз оларды дәйектілікпен жүзеге асырамыз.

Мемлекетті кәсібилендіру

Біздіӊ бірінші реформамыз "Мемлекеттік қызмет туралы" жаӊа Заӊ негізінде мемлекеттік аппараттыӊ тиімділігін арттыруға бағытталған.

Мемлекеттік қызметтіӊ реформасын біз алғашқы заӊнамалық акт - Президенттіӊ "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы" заӊ күші бар Жарлығы қабылдануыныӊ 20 жылдығы тұсында жүзеге асыра бастауымыздыӊ нышандық мәні бар.

1995 жылдыӊ желтоқсанында бұл құжат тек Қазақстан үшін ғана емес, сондай-ақ, бүкіл ТМД кеӊістігі үшін инновация болғанын атап өту маӊызды.

Біз барлық посткеӊестік елдердіӊ ішінде алғаш болып мемлекеттік қызметшілердіӊ жаӊа кадрлық корпусын конкурс және меритократия қағидаттары арқылы қалыптастыруға кірістік.

Қазір қазақстандық мемлекеттік қызметті дамытудыӊ жаӊа кезеӊі бастау алды.

Меніӊ Жарлығыммен Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлік, оныӊ құрылымында - Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдыӊ ұлттық бюросы құрылды.

Осылайша, тек мемлекеттік қызмет жүйесі ғана емес, сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл танытатын, яғни жемқорлық көріністерініӊ барынша алдын алуға бағдарланған жүйе де жаӊғыртылып отыр.

Бұл жерде жемқорлықпен күрестіӊ өзі барынша дәйекті бола түседі және жүйелі сипатқа ие болады.

Міне, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жаӊа заӊ осындай ұстанымдарға негізделсе, оныӊ өзі халықаралық стандарттарға бағдарланған және жаӊа жылдан бастап күшіне енді.

Жемқорлыққа қарсы жаӊа заӊнамамен өзара байланыста және сонымен қатарласа қабылданған мемлекеттік қызмет туралы жаӊа заӊ мемлекеттік қызметтіӊ жаӊартылған моделініӊ негізгі шеӊберлерін және мемлекетті басқарудыӊ барлық жүйесініӊ тиімділігін күшейту бойынша одан арғы іс-қимылдардыӊ рет-тәртібін айқындайды.

Біріншіден, әкімшілік мемлекеттік қызметшініӊ мансабы оныӊ біліктілігі және жинақтаған тәжірибесі есепке алына отырып құралады.

Мансаптық сатыныӊ әр баспалдағында ол өзініӊ кәсіби жарамдылығын дәлелдеп отыруға тиіс болады.

Жаӊа заӊға бірқатар қағидатты нормалар енгізілген.

Мемлекеттік қызметке орналасу тек кешенді іріктеу мен жұмысты тек төменгі лауазымдардан бастаудыӊ нәтижелері бойынша мүмкін болады.

Жұмыс тәжірибесі мемлекеттік қызметшініӊ мансаптық ілгерілеуініӊ басты шарты болады және мұнда да тек конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, жекелеген мемлекеттік қызметшілер ротацияларыныӊ мүмкіндігі көлбеуінен және тігінен оларды қызметтік баспанамен қамтамасыз ете отырып қарастырылған.

Екіншіден, мемлекеттік қызметке ашық конкурс арқылы және Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияныӊ шешімі бойынша келісімшарттық негізде мемлекеттік емес сектордағы басқарушылар қатарынан азаматтар және шетелдік менеджерлер тартыла алады.

Үшіншіден, мемлекеттік қызметшіге еӊбекақы төлеудіӊ жаӊа жүйесі оныӊ біліктілігі мен атқаратын жұмысыныӊ сипатына, көлемі мен нәтижесіне байланысты заӊ тұрғысынан бекітіледі. Аса нәтижелі қызмет үшін бонустар төлеу қарастырылған.

Мұндай жүйені 2017 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап енгізу жоспарланып отыр.

Бұл жерде 2016 жылы бүгінде "Б" корпусына кіретін мемлекеттік қызметшілердіӊ еӊбекақысы жоғарылайтынын айта кету керек.

Төртіншіден, заӊда саяси мемлекеттік қызметшілер ауысқан кезде мемлекеттік аппараттыӊ автономдығы мен тұрақтылығы қағидаты нақты жазылған.

Министрлер мен орталық атқарушы органдардыӊ жауапты хатшыларыныӊ өкілеттіктері егжей-тегжейлі дәлдеп ажыратылған.

Бесіншіден, шенеуніктер ортасында этикалық нормаларды бұзуға әкелетін және жемқорлық құбылыстар туындататын жағдайлардыӊ алдын алу бойынша қатаӊ шаралар қарастырылған.

Мемлекеттік қызметшілердіӊ жұмыс пен тұрмыстағы жүріс-тұрысыныӊ қалыптары регламенттелген Мемлекеттік қызметшілердіӊ жаӊа этикалық кодексі жасалды.

Сондай-ақ, жаӊа институт - этика бойынша өкілетті өкілдер институтын құру көзделіп отыр. Олар азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерге кеӊес беріп, олардыӊ құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін болады.

Алтыншыдан, мемлекеттік қызмет туралы жаӊа заӊныӊ маӊызды қыры оныӊ арқаулық нормаларыныӊ құқық қорғау органдарына да қатысты болатынымен байланысты.

Бұл жерде құқық қорғау органдарындағы қызметтіӊ ерекшелігі қолданыстағы "Құқық қорғау қызметі туралы" Заӊда ескерілген.

Жетіншіден, жаӊа заӊ негізінде және еӊбекке ақы төлеудіӊ жаӊа жүйесі енгізілгеннен кейін "Б" корпусыныӊ әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін жаӊа біліктілік талаптарына сәйкестігі бойынша кешенді аттестаттаудан өткізу жоспарланған.

Аттестаттау кезеӊінде мемлекеттік қызметке орналасуға конкурстар өткізуге мораторий жарияланатын болады.

Қызметшілердіӊ біліктілігін 3 жылда бір реттен кем болмайтындай етіп міндетті арттырып отыру заӊ тұрғысынан бекітіледі.

Тұтастай алғанда, мемлекеттік қызметті жаӊғыртудыӊ негізгі қырлары осындай.

Мен оны Қазақстандағы барлық жаӊғырту үдерісі ой-ниеті табысыныӊ шешуші тетігі ретінде қарастырамын.

Құқық тәртібі және заӊдылық

Екінш реформаныӊ мәні тәуелсіз сот төрелігі мен Қазақстанныӊ бүкіл құқық қорғау жүйесініӊ тек қана азаматтардыӊ құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, заӊдарды қатаӊ орындауға және құқық тәртібін нығайтуға бағытталуы тиістігінде.

Оны заӊнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету аясында жаӊа Азаматтық іс жүргізу кодексі мен жаӊа "Жоғары Сот Кеӊесі туралы" Заӊ қабылданды. "Сот жүйесі және судьялардыӊ мәртебесі туралы" Конституциялық заӊға, Қылмыстық-іс жүргізу кодексіне және Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске қажетті өзгерістер енгізілді.

Бәрінен бұрын, жаӊартылған заӊнамалар қоғамныӊ сот жүйесіне сенімін арттыруға ықпал ететін болады. Иділдік нақ сотта салтанат құратыны белгілі.

Қазақстан соттарын реформалаудағы темірқазық мәселе - сапалы судьялар корпусын жасақтау.

Судьялыққа кандидаттарды іріктеудіӊ қатаӊ тетігі мен оларға қойылатын жоғары біліктілік талаптары заӊ тұрғысынан қарастырылған.

Сот төрелігін үлкен өмірлік тәжірибесі бар және жоғары моральдық ұстанымдарға ие еӊ лайықты әрі барынша дайындалған кәсіби шеберлер жүзеге асырулары тиіс.

Судьяларды іріктеу мен тағайындау үдерістері қоғам үшін мөлдір және ашық болады.

Осымен байланысты өзініӊ аппараты бар, құрамы мен өкілеттілігі кеӊейтілген автономды мемлекеттік мекемеге айналатын Жоғары Сот Кеӊесі түбегейлі реформаланды.

Сот реформасыныӊ маӊызды қыры - сот төрелігініӊ бес сатылы жүйесінен үш буынды жүйесіне өту.

Тек бірінші, апелляциялық және кассациялық инстанциялар қалады. Бұл жерде көп іс қаралатын бірінші және апелляциялық инстанциялар соттарыныӊ рөлдері айтарлықтай күшейтілетін болады. Мұндай қадам соттық әуре-сарсаӊныӊ алдын алып, сот шешімін қабылдаудыӊ мерзімін қысқартады.

Қазақстандағы сот төрелігі азаматтардыӊ жеке өмірініӊ құпиялығына кепіл құқын есепке ала келгенде барынша ашық бола түседі.

Сот залдары сот істерін аудио және видеожазудыӊ аппаратураларымен жарақтандырылады және жазбаларды қандай да бір тоқтатуға немесе редакциялауға мүмкіндік берілмейді.

Бұл судьяларды және сот мәжілісіне басқа да қатысушыларды тәртіпке шақырады, сот процесі мен сот қабылдаған шешімніӊ объективтілігін қамтамасыз етеді.

Сот жүйесін реформалау шеӊберінде бірқатар институттық шешімдер жұмыс істей бастайды.

Біріншіден, Жоғарғы Сот жанындағы Сот жюриі түбегейлі қайта құрылады.

Сот жюриі азаматтардыӊ судьялардыӊ іс-әрекетіне және судьялық корпус өкілдерініӊ қабылданады деп күтіліп отырған Этикалық кодексті бұзу жағдайларына байланысты арыз-шағымдарын қарайтын болады.

Екіншіден, Жоғарғы Сот жанынан дауларды, оныӊ ішінде, ірі инвесторлар қатысатын дауларды қарау үшін мамандандырылған алқа құрылатын болады.

Оныӊ шеӊберінде шетел инвесторларыныӊ құқын өздерінде туындаған құқықтық даулар бойынша сапалы әрі әділ шешу жүзеге асырылады.

Үшіншіден, қылмыстық іс жүргізу шеӊберінде соттарда, оныӊ ішінде сотқа дейінгі кезеӊде, айыптау мен қорғау арасында теӊгерім қамтамасыз етілетін болуы тиіс.

Бұған адамныӊ конституциялық құқы мен бостандығын шектейтін тергеу судьясыныӊ барлық тергеу әрекетін санкциялау бойынша өкілеттіліктерін одан әрі қарай кеӊейту есебінен қол жеткізілетін болады.

Төртіншіден, қазақстандық соттардыӊ төрағалары - құқы теӊдердіӊ ішіндегі жолы кеӊдері екенін ұмытпау маӊызды.

Сондықтан олардыӊ тарапынан басқа судьялар қабылдайтын шешімге ықпал ету мүмкіндігі мүлдем болмайды.

Бесіншіден, мемлекеттік сот орындаушыларын кезеӊ-кезеӊімен қысқарту арқылы жеке сот орындаушыларыныӊ институты одан әрі дамытылады.

Сот жүйесініӊ тәуелсіздігін нығайтатын шаралардыӊ маӊызы ерекше.

Меніӊ тапсырмам бойынша бүгінде құрметті зейнетке шыққан судьяларды зейнетақылық қамтамасыз ету бойынша барлық мәселелерін шешуді қарастыратын заӊ қабылданғаны белгілі. Бұл судьяларға бар күш-жігерін сот төрелігін барынша объективті атқаруға аудару мүмкіндігін береді.

Бұдан бөлек, бізге барлық құқық қорғау органдарыныӊ және бәрінен бұрын полицияныӊ адамдардыӊ мүддесі мен құқықтық тәртіпті нығайту қызметінде тұруына қол жеткізуіміз қажет.

Бұл үшін жергілікті билік органдары мен жергілікті қоғамдастықтарға есеп беретін жергілікті полиция қызметі құрылады. Осындай қызмет тұтастай Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше бірқатар елдерде өзін жақсы танытты.

Жергілікті полиция қызметініӊ қарауына қоғамдық тәртіп күзеті, тұрмыстық қылмысқа қарсы тұру, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен ұсақ құқық бұзушылықтарға атымен төзбеушілік мәселелері беріліп отыр.

Осы жаӊалықтар жаӊа заӊнамада көрініс тапқан. Онда, сондай-ақ, азаматтардыӊ этикалық нормаларды бұзған полициялардыӊ үстінен түсірген арыз-шағымдарын қарайтын қоғамдық кеӊестер мен өзге де консультативтік-кеӊестік органдар жүйесін құру қарастырылған.

Сондай-ақ, "Қылмыстық құқық бұзушылық картасы" интернет-порталы құрылатын болады. Мұндай тетік әлемніӊ бірқатар елдерінде табысты қолданылып келеді. Осы веб-ресурсқа елдегі барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар жедел енгізіледі. Бұл жұртшылықтыӊ құқық қорғау органдары жұмысыныӊ тиімділігін бақылауына мүмкіндік береді.

Пенитенциарлық жүйені жақсарту көкейкесті мәселе болып табылады. Бұл жұмыс мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін дамыту шеӊберінде жүргізілуі тиіс.

Шетелдердіӊ табысты тәжірибелері жеке секторды пенитенциарлық мекемелерді салу мен пайдалануға тарту жөніндегі шараларды жүзеге асырудыӊ негізі болуы тиіс.

Сондай-ақ, бұған дейін заӊнан аттап, сонысы үшін жазасын өтеген адамдарға көмек көрсету мен ықпал ету маӊызды.

Бұл үшін әлеуметтік оӊалту кешенді дамытылып, жазасын өтеп жатқан азаматтар үшін арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары енгізілетін болады.

Тұтастай алғанда, Қазақстанда құқықтық мемлекеттіӊ орнықтырылуы - біртұтас жаӊғырту үдерісі аясында шешіліп жатқан біздіӊ конституциялық міндетіміз. Белгіленген шаралар мен қадамдарды жүзеге асыру азаматтардыӊ, сондай-ақ, шетел инвесторларыныӊ ұлттық сот және құқық қорғау жүйесіне сенімін арттырып, тұтастай алғанда, еліміздегі бизнес-ахуалды жақсартады.

Бюрократтық шығынсыз экономикаға қадам басу

Ауқымды жұмыс үшінші реформаторлық бағытқа - индустрияландыру мен экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша жаӊғыртулар кешенімен байланысты.

Біздіӊ ұзақ мерзімді ұстанымымыз экономика қызметіндегі транзакциялық шығындарды ұдайы қысқарту болуы тиіс.

Олардыӊ көлемі, еӊ алдымен, мемлекеттік институттардыӊ қалай жұмыс істейтініне байланысты.

Салықтық және кедендік әкімшілік жүргізуді жақсартуға бағытталған шаралар зор маӊызға ие болады.

Біріншіден, бұл арада әӊгіме салықтық және кедендік жүйелерді кіріктіру туралы болып отыр.

Бірте-бірте электронды пішімге көшірілетін тауарлы-көліктік жүкқұжат бақылауы енгізіледі. Сондай-ақ, құжаттардыӊ сәйкестендірілуі пішіні негізінде салықтық және кедендік тексерулер ресімі оӊтайландырылады.

Тексерулерге шағым беру ресімі біртұтастандырылады.

Екіншіден, табыс пен мүлікті жалпыға ортақ декларациялауға кезеӊ-кезеӊімен көшу қарастырылады.

2017 жылы декларацияларды мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердіӊ, ұлттық компаниялардыӊ қызметкерлері - бұл шамамен 1,7 миллион адам - ұсынатын болады. 2020 жылдан бастап жалпыға ортақ декларациялаумен барлық жеке тұлғалар қамтылады.

Үшіншіден, салықтық әкімшілік жүргізуді оӊайлату мақсатында қосымша құн салығыныӊ орнына сатуға салық енгізудіӊ орындылығы мәселесі қарастырылып жатыр.

Төртіншіден, қолданыстағы салықтық режімдерді оӊтайландыру жоспарланып отыр, онда 2017 жылдан салықтық кірістер мен шығыстардыӊ есебі міндетті түрде енгізілетін болады. Бұл көлеӊкелі экономиканыӊ деӊгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

ЭЫДҰ елдерініӊ тәжірибесі көрсетіп отырғандай, табысты жұмыс істеп тұрған экономиканыӊ маӊызды қағидаты мемлекеттіӊ шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауы, оны қорғаудыӊ тиісті деӊгейін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жайлар бизнестіӊ оӊалтылуы мен банкроттығыныӊ жаӊғыртылған құқықтық қырлары бар Кәсіпкерлік кодексінде көрініс тапқан.

Бизнесті қорғау мен кәсіпкерлерге құқықтық көмек көрсетудіӊ орталық тетігі болуы тиіс бизнес-омбудсмен институты нығайып келеді. Оныӊ қызметініӊ заӊнамалық негізі де Кәсіпкерлік кодексінде бекітілген.

Бұдан бөлек, онда мемлекеттік монополияға қарсы қызметтіӊ құқықтық шеӊберлері ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес егжей-тегжейлі баян етілген.

Жаӊартылған монополияға қарсы қызмет еркін бәсекелестікті жан-жақты дамытуға бағдарлануы тиіс.

2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап доминанттар тізілімі тек реттелетін рынок бойынша жүргізіледі, ал 2017 жылдан бастап толықтай алынып тасталады.

Тиісті тауарлы рыноктарға субъектілердіӊ үлесін ұлғайтуға мұндай іс-қимылдар бәсекелестікті шектеу белгісі болмаған кезде ғана жол берілетін болады.

2017 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап бағалық реттеу алынып тасталады, оныӊ орнына тек монополияға қарсы реттеу мен бақылау құралдары ғана пайдаланылады.

Монополияға қарсы қызмет жанынан жаӊа институт - монополияға қарсы заӊнаманы бұзушылықтар қорытындылары бойынша қабылданатын шешімдердіӊ объективтілігі мен мөлдірлігін қамтамасыз ететін келісім комиссиясы құрылатын болады.

Мемлекеттіӊ кәсіпкерлікпен өзара іс-қимылы мен әріптестігініӊ жаӊа қағидаттары Мемлекеттік сатып алулар туралы Заӊныӊ жаӊартылған редакциясында көрініс тапқан.

Олар өнімді сату үшін ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу арқылы тікелей инвестициялар тартуға жаӊа мүмкіндіктер ашады. Бұл, сондай-ақ, Қазақстанда жаӊа жоғары технологиялы өндірістер құруға қызмет ететін болады.

Фермерлік пен бүкіл аграрлық секторды дамыту үшін айтарлықтай ынталандырушы күш Жер кодексіне енгізілген өзгерістер болды.

Жаӊа құқықтық нормалар жұмыс істеп тұрған 224 мыӊнан астам агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне олар жалға алған 97,4 млн. га жерді жекеменшікке алуға мүмкіндік береді. Оныӊ үстіне, кадастрлық құныныӊ 50 %-ы көлемінде 10 жыл мерзімге бөліп-бөліп төлеу қарастырылған.

Бұдан бөлек, 102 млн. гектар запас жердіӊ ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған 85,3 млн. гектарын да Қазақстан Республикасыныӊ заӊды және жеке тұлғалары жекеменшікке аукцион арқылы сатып ала алады.

Мүлікті заӊдастыру мерзімі 2016 жылдыӊ 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Мүлік пен ақшаны заӊды айналымға қайтару үшін қосымша ынталандыру шаралары қабылданды. Құпиялылықты сақтауға, сондай-ақ, Қылмыстық және әкімшілік қудалаудан қорғауға кепілдік беріліп отыр.

Бұл капитал ағынын ұлғайтып, көлеӊкелі экономика деӊгейін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Заӊды тұлғалардыӊ оӊалтылуы мен банкроттығы ресімдері заӊнамалық деӊгейде нақты және түсінікті бекітілген.

Компаниялардыӊ банкроттығы, әлемдік тәжірибеге сәйкес, кәсіпорындардыӊ жұмысшыларын қысқарту арқылы тоқтап қалуына алып келмеуі тиіс.

Өндірістіӊ өміршеӊдігі мен жұмыс орындарын сақтау үшін төлеуге қабілетсіздікті сотқа дейінгі тәртіпте реттеудіӊ жаӊа тетігі жасалды. Ол борышкер мен кредиторға кәсіпорынды қаржылық сауықтыру мақсатында қайта құрылымдау мәселелерін бірлесіп шешуге мүмкіндік береді. Инвесторлар өздерініӊ шығындарын азайтуға, қалпына келтіруге мүмкіндік алады.

Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруді белсенді ете түсу үшін жекешелендіруден, активтерді әділ нарық бағасы бойынша сатудан, сондай-ақ, қазақстандық және шетелдік инвесторларға жекешелендіруге барынша қатысуға жағдай жасау үшін шектеулерді алып тастауға мүмкіндік беретін заӊнамалық өзгерістер қабылданды.

Жекешелендірудіӊ шешуші тетігі акцияларды қор рыноктарына ашық аукциондар арқылы орналастыру болады.

2016 жылдыӊ І тоқсанында мүліктен айыруға жататын нысандардыӊ тізімі қысқартылып, барлық акционерлердіӊ квазимемлекеттік секторда иеліктен шығарылған активтерін сатып алуға басым құқықтарын алып тастауды қарастыратын заӊ жобасы жасалатын болады.

Жаӊа тетіктерді есепке ала отырып Жекешелендірудіӊ 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру басталды.

Осы құжат шеӊберінде бәсекелесті ортаға "Самұрық-Қазына" ҰИҚ, "Бәйтерек" АҚ пен "ҚазАгро" АҚ-тыӊ мемлекеттік меншіктегі аса ірі 65 компаниясы, "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ-тыӊ құрамына кіретін 173 еншілес және тәуелді ұйымдары берілетін болады.

Сондай-ақ, 545 ұйымнан тұратын Жекешелендіру нысандарыныӊ қолданыстағы тізіміне өзекті сипат беріледі.

2016-2018 жылдары "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ пен "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ активтерініӊ бір бөлігі бәсекелесті ортаға өткеннен кейін олар ықшам холдингтерге қайта құрылатын болады.

Мемлекеттік меншікті жекешелендіру мен квазимемлекеттік сектор активтерін беру отандық кәсіпкерлікті, жеке бизнесті одан әрі нығайту мен дамыту үшін жүргізіліп отыр.

Жекешелендірудіӊ кешенді жоспарын жүзеге асыру шағын және орта бизнесті дамытуға жаӊа серпін береді.

Пайдасын ұлғайтуға мүдделі жеке бизнес қызмет көрсету ауқымын кеӊейтіп, өнімініӊ сапасын жоғарылатады, бәсекелестік өсетін болады, демек - ұсынылатын қызметтіӊ бағасы төмендейді.

Аграрлық секторда әкімшілік кедергілер қысқарады.

Қазірдіӊ өзінде аукцион тетігін енгізу жолымен жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну ресімі жеӊілдетілді.

Ал болашақта біз іздеуді, бағамдау мен кен орнын игеруді қоса алғанда, геологиялық жұмыстардыӊ барлық түрін жүргізу тәсілін оӊайлатуды қарастыратын жер қойнауын пайдаланудыӊ австралиялық моделіне көшеміз.

Экономикалық өсімніӊ жаӊа бастауын қалыптастыру мен қазақстандық бизнестіӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыруда бүгінде "Ұлттық чемпиондар" бағдарламасы маӊызды шара болып отыр.

Оған қатысушылар - импорт алмастыруға бағыт ұстанған өндіріс секторыныӊ аса перспективалы компаниялары.

32 компания - "ұлттық чемпиондар" 2019-2020 жылдарға қарай ішкі тікелей инвестицияларды шамамен 750 млн. доллар көлемінде өсіруді, шамамен 15 мыӊ жұмыс орнын құруды, еӊбек өнімділігін 30-50 %-ға арттыруды және шикізаттық емес экспорт көлемініӊ өсімін 260 млн. долларға дейін жеткізуді қамтамасыз етеді.

Сыртқы инвестициялардыӊ жаӊа көздері

Ұлт жоспарыныӊ экономикалық блогына кіретін шаралар біздіӊ экономикамыздыӊ өӊдеуші секторына кем дегенде 10 трансұлттық корпорацияны тартуды қарастырады.

"Зәкірлі инвесторлармен" бірлескен кәсіпорындар құру жөніндегі жұмыстармен өӊдеуші өнеркәсіптіӊ, инфрақұрылымдардыӊ, энергетиканыӊ және басқа отандық компаниялардыӊ 3 тобы қамтылатын болады.

Бірінші топ - қайта инвестициялау арқылы тереӊ жаӊғыртуға жататын кәсіпорындар.

Екінші топ - трансұлттық корпорациялардыӊ әлеуеті пайдаланылатын кәсіпорындар.

Үшінші топ - "зәкірлі инвесторлар" үшін жоғары нарықтық бәсекелі кәсіпорын мен экспорттық брендтердіӊ пайда болуы.

Қазірдіӊ өзінде 26-дан астам ТҰК-пен келіссөз жүргізілсе, олардыӊ бірқатарымен нақты уағдаластыққа қол жеткізу мүмкін болды.

Ұлт жоспарыныӊ үшінші бағытыныӊ темірқазық мәселесі тәуелсіз сот жүйесі, ағылшын тілін қолдану және инвестициялық резиденттік қағидатын енгізу құқығымен жеке заӊ құзыреті қағидаты бойынша АСТАНА халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру болып табылады.

"Астана" Халықаралық қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Конституциялық Заӊы қабылданып, күшіне енді.

АХҚО қызметініӊ экономикалық нәтижелері қазақстандық капитал рыногына тікелей шетел инвестицияларыныӊ ағыны есебінен жыл сайын орта есеппен ІЖӨ-ніӊ 1 пайызға дейін жеделдете өсуінде көрініс табатын болады.

Мұныӊ сыртында АХҚО шеӊберінде 2 мыӊнан астам білікті жұмыс орындары құрылады.

Біздіӊ елордамыз Астана Еуразияныӊ іскерлік, мәдени және ғылыми орталығы ретінде дамып, әуежайдыӊ жаӊа терминалын қоса алғанда, заманауи халықаралық көліктік-логистикалық жүйеге ие болады.

Инновациялық индустрияландыру көкжиектері

Ұлт жоспарында экономиканыӊ бірқатар перспективалы секторларын дамыту бойынша шаралар қарастырылған.

Бірінші кезекте ол электр энергиясы секторына және энергиялық тиімділіктіӊ өсуіне қатысты.

Бізге 2020 жылға қарай ІЖӨ-ніӊ энергия сыйымдылығын 25 пайызға және ғасырдыӊ ортасына қарай 50 пайызға төмендетуге қол жеткізу керек.

Ол үшін энергия сервистік келісімшарттар тетігі арқылы энергия үнемдеу саласына стратегиялық инвесторларды тарту қажет.

Жеке энергия сервистік компанияларды дамытуды белсенділендірудіӊ, оларды энергия үнемдеу саласына қызметтер кешенін ұсынуға ынталандырудыӊ маӊызы зор.

Елдіӊ тұтынушыларын электр энергиясымен сенімді жабдықтау - электр энергетикасыныӊ негізгі міндеті.

Электр энергетикасы саласындағы заӊнамадағы өзгерістер энергия өндіруші ұйымдарға "бірегей сатып алушы" моделін енгізу арқылы негізгі қорларды жаӊғыртуға, қайта құруға, ұлғайтуға және жаӊартуға салынған инвестицияларды қайтаруда ұзақ мерзімді кепілдіктер беруді қамтамасыз етуді көздейді.

Энергия мен жабдықтау сенімділігін арттыру және түпкі тұтынушылар үшін электр энергиясы бағасыныӊ бақылаусыз өсуініӊ алдын алу үшін өӊірлік электр желілік компаниялар мен электрмен жабдықтаушы ұйымдарды нығайту бойынша жұмыс жүргізіледі.

Ол салаға инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар туғызып, электр энергиясыныӊ халықаралық ағындарын ішкі тұтынушылар пайдасына қарай реттеуді қамтамасыз етеді, саланы мемлекеттік басқару сапасын арттырады.

Біз ғылымды қажет ететін экономиканы қалыптастыру бойынша жұмыстарды жалғастыра береміз.

Бұл орайда бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялы өндірістердіӊ сыни массасын өсіруге қол жеткізу маӊызды.

Қазір Дүниежүзілік банкпен "Технологияларды коммерцияландыру" бағдарламасын бірлесіп жүзеге асыру шеӊберінде 65 ғылыми жоба орындалуда.

Зәкірлік ТҰК-терді тарту технологиялық даму орталықтарын құруға мүмкіндік береді.

Индустриялық-инновациялық дамудыӊ екінші бесжылдығыныӊ нәтижелері бойынша-ақ бірқатар шешуші көрсеткіштерге қол жеткізілмек.

Бизнестіӊ инновациялық белсенділігі ІЖӨ-ніӊ 20 пайызына дейін, инновациялық өнімдер үлесі 2,5 пайызға дейін артады.

Көлік тасымалдары жүйесі мен транзитті дамыту мақсатында, "Нұрлы жол" Мемлекеттік бағдарламасында қаралғандай, республикалық маӊыздағы 7 мыӊ шақырымнан астам автомобиль жолдары қайта жаӊғыртылатын болады. Оларда ақы алу жүйесін енгізу жоспарланған.

2022 жылға қарай жол жүруден түскен алымдар шамамен 41 млрд. теӊгені құрайтын болады, ал ол республикалық маӊыздағы автожолдардыӊ бүкіл жүйесін ұстауға жағдай жасайды.

Қазақстанды халықаралық көліктік-коммуникациялық ағындарға интеграциялау мақсатында мультимодальды "Еуразиялық трансқұрлықтық дәлізін" құру бойынша жоба басталды.

Ол жүктердіӊ Азиядан Еуропаға кедергісіз транзитін қамтамасыз етеді, жүк жеткізу құнын 2 еседен астамға төмендетеді.

Қазақстандық маршруттарға қосымша жүк ағындарын тарту көліктіӊ барлық түрлерімен транзиттік тасымалды 2020 жылы қазіргі 18 млн. тоннадан 33 млн.тоннаға дейін және 2030 жылы 50 млн. тоннаға дейін ұлғайтады.

Контейнерлік тасымалдарды мемлекеттік реттеуден босату таяудағы 5 жылда олардыӊ көлемін 500 мыӊ тоннадан астамға ұлғайтуға жағдай жасайды.

Азаматтық авиация саласында әуе тасымалдары, еӊ алдымен, отандық тасымалдаушылардыӊ транзиттік әлеуеті мақсатты түрде ұлғайтылатын болады.

Иуе тасымалдарыныӊ рентабельділігін арттыру үшін Алматы маӊында халықаралық авиациялық хаб құрылады.

Астананыӊ әлемдік деӊгейдегі қаржы орталығы ретінде қалыптасуы үшін 2019 жылға дейін Токио, Сингапур және Гонконг сияқты жетекші қаржы орталықтарымен жаӊа халықаралық бағыттар ашылатын болады.

Құрылыс саласында құрылыс салушылардыӊ бүкіл рұқсат беру ресімдерін "бір терезе" қағидаты бойынша өту үдерісін реттейтін бірегей нормативтік құжат қабылданады.

Сараптаманыӊ жекелеген түрлері, жұмыстыӊ технологиялық күрделілігіне байланысты, жеке секторға берілетін болады. 2016-2020 жылдары жобалардыӊ 90 пайызға дейінін жекеменшік рынокқа беру жоспарланып отыр.

Сол сияқты құрылыстыӊ сметалық құнын анықтаудыӊ ресурстық әдісіне көшу де жоспарланған, ол құрылыс материалдарыныӊ, жұмыс күшініӊ және басқа да қызметтердіӊ ағымдағы нарықтық құнын ескеруге жағдай жасайды.

Оныӊ сыртында 2015 жылдыӊ 1 шілдесінен еурокодтарға негізделген жаӊа құрылыс нормалары іске қосылған болатын.

Туризм сияқты перспективалы салада негізінен әкімшілік кедергілерді төмендету, жаӊа туристік нысандар мен маршруттарды дамыту, көрсетілетін қызмет сапасын арттыру есебінен айтарлықтай өсімге қол жеткізу қарастырылуда.

Илеуметтік жаӊғырту ынталандырушылары

Экономиканыӊ қарқынды дамуы еӊбек қатынастарыныӊ жаӊа түрін қалыптастыру үдерісіне айрықша назарды қажет етеді.

Осы мақсатпен Қазақстан Республикасыныӊ жаӊа Еӊбек кодексі қабылданды.

Ол Халықаралық еӊбек ұйымы мен ЭЫДҰ-ныӊ еӊбек стандарттарына негізделген.

Еӊбек шарты жағдайларын өзгерту ресімдері заӊнамалық тұрғыда оӊайлатылған, еӊбек ұжымдарында өзін өзі басқару жүйесін енгізу бойынша шаралар, жұмысшылар мен жұмыс берушілердіӊ ұжымдық келіссөздері тетігі қарастырылған.

Білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау салаларын реформалау адам әлеуетініӊ сапасын арттыруға жағдай жасайды.

Білім беру саласында мектепке дейін және мектепте білім берудіӊ жаӊа үйлестірілген стандарттарын әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Білім беру үш тілде - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілетін болады.

Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы (МИИДБ) жобалары үшін кадрлар даярлау деӊгейін арттыру бойынша шаралар қабылданды.

Тұрғындардыӊ денсаулығын сақтау саласындағы басты міндет - міндетті медициналық сақтандыруды енгізу. Арқаулық медициналық көмектіӊ кепілдендірілген көлемін көрсетуде жеке сектордыӊ үлесін ұлғайту есебінен бәсекелестік орта кеӊейеді және денсаулық сақтау қызметініӊ сапасы артады.

Медициналық қызметтіӊ сапасы бойынша бірлескен комиссия құрылатын болады.

Медициналық мекемелерде басқарудыӊ корпоративтік моделін енгізу қарастырылған.

Сол сияқты мұқтаж тұрғындарға оныӊ атаулы сипатын күшейту арқылы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін оӊтайландыру жоспарланып отыр.

Мұндай көмек табыстары отбасыныӊ әр мүшесіне шаққанда еӊ төменгі күнкөріс деӊгейінен 50 пайыз төмен отбасыларына көрсетілетін болады. Сонымен бірге көмек алушылар жұмыспен қамтуға ықпал ету және әлеуметтік бейімделу бағдарламаларына міндетті түрде қатысатыны туралы әлеуметтік келісімшарт бекітеді.

Илеуметтік көмек көрсетудіӊ мұндай түрлері мен қағидаттары 2018 жылдан бастап енгізіледі.

Бүтіндей алғанда, жаӊа әлеуметтік саясаттыӊ аса маӊызды қыры адам әлеуетін дамытуға инвестициялардыӊ біртіндеп өсіп отыруына байланысты болмақ.

Бізге Жалпыға Ортақ Еӊбек Қоғамы идеясын табанды түрде өмірге енгізу қажет.

Қаржыландыру көлемін арттыра отырып, Жұмыспен қамтудыӊ жол картасы өзекті етіле түседі. Оныӊ бағдарламаларына қатысу еӊбекке қабілетті халыққа қысқа мерзімді қайта даярлау курстарынан өтуге, өзініӊ біліктілігін арттыруға, шағын несие алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Жаһандық дағдарыстыӊ ағымдағы ықпалына байланысты объективті қиындықтарды еӊсеруге жағдай жасайды.

2017 жылы "Барша үшін тегін кәсіптік-техникалық білім" жаӊа жобасын жүзеге асыру басталады.

Оған қатысу, әсіресе, жас қазақстандықтарға олардыӊ өмірлерінде кәдеге асатын арқаулық еӊбек дағдыларын алуға жағдай жасайды.

Реформалар табысы - ұлт бірлігіне бастар жол

Қазақстан Тәуелсіздігініӊ ширек ғасыры топтасқан халықтыӊ ғана дамудыӊ таӊғажайып шыӊдарына жете алатынын көрсетіп берді.

Біздіӊ еліміз өзініӊ табысты даму моделімен тұрақтылықтыӊ, бейбітшілік пен келісімніӊ қаншалықты маӊызды екенін көрсетті.

Қазіргі заманғы әлемде барлық дамыған мемлекеттер - біртұтас ұлттар.

Олар бірыӊғай экономикалық, саяси және мәдени рет-тәртіппен өмір сүреді, оларды дамудыӊ ортақ мақсаттары, жеке адамныӊ табысы мемлекеттіӊ қуатымен және табыстылығымен ажырағысыз байланысты екендігіне деген бірегей түсінік біріктіреді.

Бүгінде әлемніӊ барлық дамыған елдері өздерініӊ жаӊғыртушы жобаларын бұрыннан қалыптасқан біртектілік негізінде жүзеге асырады. Қазақстанға келер болсақ, біз де осы жолға түстік.

Илемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, біртектілік пен біртұтастық саласында әмбебап стандарттар мен ұсынымдамалар жоқ. Илемде бірде-бір ел осы саладағы сын-қатерлерге дайын рецепттерге, модельдер мен жауаптарға ие емес.

Илемде әлі ешкім де өмірдіӊ осы саласын өлшеуге қабілетті қандай да бір жалпыға ортақ біртектілік пен біртұтастық индексін немесе формуласын ойлап тапқан жоқ.

Сонымен бірге, біздіӊ біртектілік пен ұлт бірлігі саласындағы жұмыстарымыздыӊ түпкі мақсаттары - немесе технократтық түрде бейнелегенде - күтілетін нәтижелер - ЭЫДҰ елдерімен ортақ.

Біздіӊ жолымыз - ол бірлік жолы және азаматтық біртектілік негізінде ұлтты дәйектілікпен қалыптастыру жолы.

Қазақстандықтардыӊ азаматтық біртектілігі мен біртұтастығын нығайтуға бағытталған төртінші реформаныӊ мәні де дәл осында.

Бізде қазірдіӊ өзінде екі негіз бар, оларды дамыта отырып, біз өзіміздіӊ Болашағы Біртұтас Ұлтты дәйекті түрде нығайта беретін боламыз.

Біріншіден, ол - Қазақстан халқы Ассамблеясы. Оныӊ миссиясы - бізді этносаралық бейбітшілік пен келісімніӊ мызғымастығына бастайтын жол.

Ғылым жердегі әрбір этнос кем дегенде бір айрықша сапаға ие дегенді айтады.

Біздіӊ өміріміз қазақстандық 100 этностыӊ 100-ден кем емес, айрықша және қайталанбас ерекшеліктері бар екенін көрсетіп отыр. Олардыӊ бәрі жиналып келгенде біздіӊ Біртұтас Ұлтымызға тамаша артықшылықтар береді.

Көпэтностық - біздіӊ ортақ ұлы қазынамыз! Міне, 20 жылдан бері Қазақстан халқы Ассамблеясы осы байлықтыӊ басты сақтаушысы миссиясын табысты атқарып келеді.

Ассамблея - біздіӊ қазақстандық біртектіліктіӊ негізі де осы.

Екіншіден, біз Мәӊгілік Ел жалпыұлттық идеясына ие болдық.

"ЕЛ" сөзінде үлкен біріктіруші күш бар, өйткені, барлық уақыттарда да туған жер қазақстандықтар үшін еӊ жақын және өзіне тартушы құндылық болған және болып қала береді.

Мәӊгілік Ел идеясында болашаққа деген жалпыхалықтық сенім айнадағыдай көрініс тапқан.

Жасампаз қазақстандық патриотизмніӊ осынау негізін біз өзіміздіӊ ұлы істерімізбен қалыптастырдық.

Оны нығайтып және көбейтіп қана қоймай, сонымен бірге, ұрпақтан ұрпаққа, дәуірден дәуірге ұластырып отыру керек.

Мәӊгілік Ел Патриоттық актісініӊ тарихи және рухани күші де осыдан танылуы тиіс.

Біз біртұтас азаматтық, Мәӊгілік Ел жалпыұлттық құндылықтары қағидатында, Тәуелсіздік жылдары ішіндегі біздіӊ жетістіктерімізді жұмылдыру, сондай-ақ, үш тұғырлы тіл мәдениетін енгізу негізінде Қазақстан қоғамын дамыту арқылы ортақ біртектілік пен ел бірлігін нығайтуды мақсат етудеміз.

Біздіӊ күретамырлық басымдықтарымыз да осы.

Осы бағыттар бойынша жұмысты жалғастыру үшін, сөз жоқ, ЭЫДҰ елдерініӊ тетіктер жүйесі пайдаланылады.

Олар қазақстандық ерекшелікті ескере отырып, еӊ алдымен, мәдениет пен білім беру саласын жаӊғырту үшін, жастарды әлеуметтендіру және патриоттық тәрбие беру үшін бейімделген.

Сонымен бірге, мемлекет құрудыӊ жаӊа белесінде ұлт біртектілігі мен біртұтастығын нығайтудағы біздіӊ стратегиямызда қағидатты маӊызды сәт бар.

Біртектілік пен біртұтастық бойынша бүкіл жұмысты біз Қазақстан халқы Ассамблеясы айналасында түзетін боламыз. Ол шешуші қағидат.

ЭЫДҰ елдерініӊ тәжірибесі біртектілік пен біртұтастықтыӊ тек нақты факторларға - меритократияға, кәсіби мемлекеттік аппараттыӊ тиімді жұмысына, заӊныӊ үстемдігін қамтамасыз етуге, экономикалық өсімге, есеп беретін мемлекеттіӊ транспарентті жұмысына ғана арқа сүйей алатынын көрсетіп отыр.

Басқаша айтқанда, Ұлт жоспарыныӊ барлық 100 қадамыныӊ табысты нәтижелеріне арқа сүйейтін болады.

Біртектілік пен халықтыӊ бірлігі негізінде біртектілікті нығайту үшін институттық негіз құру мақсатында заӊдар, Президент жарлықтары, Үкімет қаулылары, Мемлекеттік хатшы өкімдері пішімінде бірқатар құжаттар әзірленді.

Ұлт жоспарыныӊ төртінші бағытын жүзеге асыруды заӊнамалық қамтамасыз ету үшін Парламент Қазақстан халқы Ассамблеясы, мемлекеттік рәміздер, мәдениет және тарихи-мәдени мұралар, туризм, үкіметтік емес ұйымдар қызметі мәселелері туралы заӊдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Сондай-ақ, Қайырымдылық, демеушілік және меценаттық қызмет туралы жаӊа Заӊ қабылданды.

3 жаӊа Тұжырымдама әзірленді - біртектілік пен біртұтастықты нығайту және дамыту, Қазақстан халқы Ассамблеясын 2025 жылға дейін дамыту, дене тәрбиесі мен спортты 2025 жылға дейін дамыту.

Мәдени саясат тұжырымдамасына, мемлекеттік даму және тілдердіӊ жұмыс істеуі, білім беру бағдарламасына маӊызды өзгертулер енгізілді. Оныӊ сыртында Туристік саланы дамыту тұжырымдамасы, 2020 жылға дейін үш тілді білім беруді дамытудыӊ жол картасы әзірленді.

Үкімет Қазақстанныӊ ұлттық брендін ілгерілету бойынша іс-қимылдар жоспарын бекітеді.

Қазақстандық музейлерді және мемлекеттік рәміздерді пайдалану жүйесін жаӊғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Дербес Іс-қимылдар жоспарын жүзеге асыру шеӊберінде мемлекеттіӊ ҮЕҰ-лармен өзара іс-қимылын нығайту үлкен маӊызға ие.

Бірегей Ұлттық мерекелер күнтізбесін құру бойынша жұмыс жоспары да өзекті.

Қазақстандық БАҚ-тарды жаӊғырту, Жалпыға Ортақ Еӊбек Қоғамы идеясын ілгерілету, бірқатар мәдени-білім беру және ақпараттық жобаларды жүзеге асыру жоспарлары жүзеге асырылатын болады.

Қазақстандық біртектілік - мемлекеттіӊ, қоғамныӊ, жекелей алғанда, әрбір азаматтыӊ табысыныӊ біртектілігі екенін ерекше атап көрсеткім келеді.

Қоғамға есеп беретін ашық мемлекет

Транспарентті және есеп беретін мемлекет қалыптастыруға бағытталған бесінші реформа шеӊберінде бірнеше түйінді міндеттерді шешуге тура келеді.

Біріншіден, "Үкімет азаматтар үшін" Мемлекеттік корпорациясы құрылатын болады.

Бұл жаӊа құрылымға қазір жұмыс істеп тұрған "Халыққа қызмет көрсету орталығы", "Жылжымайтын мүлік орталығы", "Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы", "Зейнетақылар төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорындары біріктіріледі.

Азаматтар мемлекеттік қызмет көрсетудіӊ ортақ провайдеріне ғана өтініш береді.

Бұл оларды ұсынудыӊ мөлдірлігін қамтамасыз етіп, қажетсіз әкімшілік кедергілерді және сұрау салынатын құжаттар тізімін қысқартады.

Қызмет көрсететін мемлекеттік органдар корпорацияға өз өкілеттіктері шеӊберінде барынша ықпал жасап, сондай-ақ, бүкіл мемлекеттік қызмет көрсетулердіӊ 2017 жылдыӊ соӊына дейін берілуін қамтамасыз етуі тиіс.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына Үкімет өкілі жаӊа Корпорация болып табылатын ортақ Провайдер, сондай-ақ, ҮЕҰ құратын арнаулы қоғамдық кеӊес бақылау жасайтын болады.

Екіншіден, мемлекеттік басқарудыӊ бүкіл жүйесі нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағдар ұстанады.

Ол үшін жыл сайын Үкімет, министрлер, әкімдер үшін және осылайша мемлекеттік органныӊ әрбір құрылымдық бөлімшелеріне дейін мақсатты индикаторлар қабылданатын болады. Барлық мемлекеттік қызметшілер өздерініӊ басшылығы бекіткен жеке жоспарлар бойынша жұмыс істейді.

Мансаптық дәреже, олардыӊ біліктілігі, атқаратын функциясы және оған бекітілген өкілеттіктер негізінде мемлекеттік қызметшілердіӊ ағымдағы тапсырмаларды орындау жүйесін жеӊілдету де маӊызды.

Үшіншіден, сапалы жоспарлауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік статистиканыӊ анықтығын қамтамасыз ету қажет.

Сондықтан сапалы статистикалық мәліметтер беруде респонденттер мен әкімшілік көздерініӊ жауапкершілігін арттыру маӊызды.

Осы жайлардыӊ бәрі нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу барысында ескерілген.

Төртіншіден, меніӊ тапсырмам бойынша мемлекеттік органдардыӊ бағдарламалық құжаттарына ревизия және оӊтайландыру жүргізілді.

Бұдан әрі де барлық деӊгейлердегі бағдарламаларды жоспарлауда, әзірлеуде және жүзеге асыруда ЭЫДҰ ұсынымдамаларына негізделген 5 шешуші қағидат - негізділік, сабақтастық, транспаренттілік, мониторинг және бақылауды нақты сақтау қажет.

Аумақтарды дамыту бағдарламалары да осы тұрғыда қайта пішімделуі тиіс.

Барлық жаӊа мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды Премьер-Министр басқаратын консультативтік-кеӊес беруші орган қарауы керек.

Бесіншіден, Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар қабылданды.

Мемлекеттік органдарға түпкі нәтижелерге қол жеткізу үшін бюджет қаржыларын шұғыл түрде қайта бөлу құқы берілді.

Құрылым және штат саны бойынша шешімдер қабылдауда олардыӊ өкілеттіктері кеӊейтілді, ол білікті мамандар тарту үшін маӊызды.

Алтыншыдан, мемлекеттік басқару органдарыныӊ жұмысына баға берудіӊ жаӊа жүйесі сыртқы тәуелсіз аудиттіӊ міндеттілігі, жариялылығы жұртшылықпен кері байланыс, басшылардыӊ дербес жауапкершілігі қағидаттарына негізделеді.

Бағдарламалық құжаттардыӊ орындалуы мен мемлекеттік органдар қызметі бағасыныӊ берік өзара байланысын қалыптастыру маӊызды.

Мемлекеттік аудит жүйесін жетілдіру шеӊберінде Есеп комитеті мен қаржылық бақылау органдарын реформалау жоспарланып отыр. Олар сараптамалық-талдамалық құрамдастарды күшейте отырып, әлемдік аудиторлық компаниялар моделі бойынша жұмыс істеуі тиіс.

Оныӊ сыртында квазимемлекеттік сектор субъектілерініӊ жыл сайынғы аудиті, әсіресе, бюджет қаржыларын пайдалану бөлігінде аутсорсингке беріледі.

Жетіншіден, мемлекеттіӊ транспаренттілігі мен есептілігініӊ негізгі критерийлерініӊ бірі халықтыӊ ақпараттарға қолжетімділігін кеӊейту болып табылады.

2016 жылдан бастап азаматтар мен заӊды тұлғалардыӊ сауалдары бойынша, мемлекеттік құпиялар мен өзге де заӊмен қорғалатын құпиялардан басқа, мемлекеттік органдардыӊ барлық ақпараттарына қолжетімділік қамтамасыз етілетін болады.

Жеке компаниялар да, егер олар қоғамдық функциялар атқарса немесе бюджет қаржыларын алушылар болып табылса, ақпараттар ашықтығы ережесін ұстануға тиіс болады.

Бұл орайда мемлекеттік органдардыӊ жаӊа, азаматтар үшін қолайлы және түсінікті ақпараттарды беру пішімін әзірлеуі және енгізуі талап етіледі. Қазіргі бар порталдарды жаӊғырту, сол сияқты селолық елді мекендерді жоғары шапшаӊдықты трафикпен қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыстар атқаруға тура келеді.

2016 жылдан бастап орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда автономды, дербестік, жариялылық, мерзімді ротация қағидаттарында жаӊа Қоғамдық кеӊестер құрылып, жұмыс істеп тұрғандары қайта пішімделетін болады.

"Қоғамдық кеӊестер туралы" заӊға сәйкес бұл институт қоғамдық бақылаудыӊ жаӊа тиімді тетіктеріне ие болды.

Кеӊестер құрамы квоталық қағидат бойынша құрылады, бірақ олардыӊ мүшелерініӊ үштен екіден кем емес бөлігін жұртшылық өкілдері құрауы тиіс.

Кеӊестер басында мемлекеттік қызметте жоқ белгілі қоғам қайраткерлері тұруы тиіс.

Қоғамдық кеӊестерге меморгандардыӊ бюджеттік бағдарламаларыныӊ жобаларын және олардыӊ орындалуын, стратегиялық жоспарларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын талқылау құқы беріледі.

Олардыӊ отырыстарында мақсатты индикаторларға қол жеткендігі туралы атқарушы органдардыӊ есептері тыӊдалып, азаматтардыӊ құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілердіӊ жобалары қаралатын болады.

Атқарушы биліктіӊ барлық сатылары мен Үкімет мүшелерініӊ азаматтар алдындағы есептері қарастырылған.

Олар, сондай-ақ, заӊнамаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеп, мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізетін болады.

Кеӊестердіӊ шешімдері ұсынымдамалық сипатқа ие болады, бірақ олардыӊ қаралуы мемлекеттік органдар үшін міндетті.

Мемлекет функцияларын бәсекелесті ортаға және жергілікті өзін-өзі басқаруға беру

Мемлекеттіӊ дамуы бірқатар мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға беруді талап етеді, ал олар бүгінде, бүтіндей алғанда, 4,5 мыӊға жуық.

Осы мақсатта Премьер-Министрдіӊ орынбасарыныӊ басшылығымен, оныӊ құрамына Парламент депутаттарын, орталық атқарушы органдар басшыларын, "Атамекен" ҰКП, Қазақстанныӊ Азаматтық альянсы өкілдерін қоса отырып, тұрақты жұмыс істейтін Комиссия құрылады.

Оныӊ шеӊберінде әрбір меморган бойынша бәсекелесті ортаға берілетін функциялар тізімі анықталады. Сондай-ақ, бәсекелесті ортаныӊ берілетін мемлекеттік функцияларды, жұмыс істеп тұрған регламенттерді, сондай-ақ, бағалар мен сапа критерийлерін жүзеге асыруға дайындығын ескере отырып, оларды беру пішінін таӊдап алу қажет.

Комиссия мемлекеттік функцияларды беру регламентін қарастырып, мониторинг жүргізеді және олардыӊ орындалу сапасына бақылау жасайды.

Оларға үш сатыда берілетін жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қосымша өкілеттіктер беру орталық деӊгейдегі реформалардыӊ заӊды жалғасы болуы тиіс.

Бірінші сатыда (2016-2017 жылдар):

- аудан әкімініӊ аудандық маӊыздағы қала, кент, село және селолық округ әкімі лауазымына ұсынатын кандидатурасын одан әрі аудан мәслихатына және сайлау өткізуге енгізу үшін келісу;

- әкімді босату туралы мәселеге бастамашы болу;

- жергілікті қоғамдастықты дамыту туралы бағдарламалық құжаттар жобаларын қарау және абаттандыру мен қоғамдық тәртіптіӊ көкейкесті мәселелерін талқылау;

- қолма-қол ақшаныӊ бақылау шоты есебінен алынған мүлікті иеліктен шығаруда аудан әкімі ұсынысын қарау;

- елді мекендер шеӊберіндегі жер телімдерініӊ мақсатты пайдаланылуын және жеке тұлғалардыӊ заӊсыз иеленуіне жол бермеуін бақылау;

- жергілікті қоғамдастықтыӊ мемлекеттік мекемелеріне басшылар тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;

- оларға қосымша екі салықты - көлік және заӊды тұлғалардан жер салығын алу құқын беру жолымен жергілікті өзін-өзі басқарудыӊ салықтық әлеуетін күшейту.

Екінші сатыда (2018 жылдан бастап):

- аудан мәслихаты бекіткен жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін сатылап қалыптастыру;

- әкімніӊ аудандық мәслихатқа бекіту үшін енгізген жергілікті қоғамдастық бюджетініӊ жобасын Жиналыстыӊ келісуі және олардыӊ орындалуы туралы есепті мәслихатқа ұсыну үшін қолдау;

- жергілікті қоғамдастықтыӊ коммуналдық меншікті басқару мәселелері;

- бюджетті тұрғындары 2 мыӊ адамнан асатын әкімшілік-аумақтық бірлік үшін ғана енгізу және оны аудандық мәслихаттыӊ бекітуі;

- "Жергілікті өзін-өзі басқару коммуналдық меншігі" институтын енгізу;

- олардыӊ әлеуетін ұлғайту мақсатында селолық округтер деӊгейінде әкімшілік-аумақтық бірлікті нығайту мәселесін әзірлеу.

Үшінші сатыда (2020 жылдан) төмендегілер қарастырылады:

- жергілікті өзін өзі басқарудыӊ өкілді органын құру;

- халқыныӊ саны 2 мыӊ адамнан кем емес елді мекендерде жергілікті өзін-өзі басқарудыӊ дербес бюджетін енгізу;

- қоғамдық маӊызды мәселелерді қамтитын жергілікті бюджеттердіӊ жобалары бойынша азаматтардыӊ ұсыныстарын қарау ресімдерін енгізу.

Осы шаралардыӊ бәрін орындау мемлекеттік органдардыӊ шешімдер қабылдау үдерісініӊ мөлдірлігін арттырады және жергілікті өзін өзі басқару жүйесін дамытуға жағдай жасайды.

Ұлт жоспары - Қазақстанды кеӊ ауқымды жаӊғырту жобасы

Ұлт жоспарын іс жүзінде жүзеге асыру кезеӊі басталды. Ол Жаӊғырту жөніндегі ұлттық комиссияныӊ бақылауымен жүретін болады.

Барлық мемлекеттік органдардан, қоғамдық институттар мен азаматтардан іс-қимылдыӊ үйлесімділігі, табандылық, креативтілік және қажырлылық талап етіледі.

Бізге үлкен жолдан өтуге тура келеді, ол бойынша біз қазір алғашқы 100 қадамды жасаудамыз.

Басқа қадамдар да болады, мен оған айна-қатесіз сенімдімін.

Эволюциялылық және тұтастай қамтушылық - ширек ғасырлық мерейтойына қадам басып, біздіӊ Тәуелсіздігіміздіӊ тарихын алға бастырып отырған жаӊғырту үдерісініӊ басты қағидаты да осы.

Біздіӊ бәріміз жаӊғыртудыӊ тек қуатты мемлекет пен Ұлттыӊ топтасқандығы жағдайында ғана табысты болатынын естен шығармауға тиіспіз. Ол тәртіпке бастауы тиіс.

Біріншіден, мемлекеттегі тәртіпке.

Екіншіден, барша үшін де міндетті заӊдардыӊ қаріпінде бейнеленген бизнестегі барша үшін мөлдір және міндетті ережелерді орнатуға.

Үшіншіден, қоғамдық және саяси өмірдегі тәртіп пен келісімге.

Біз көптеген сынақтарға абыройлы төтеп бердік, шынықтық, рухымызды күшейттік. Біз жаӊа Қазақстанды - Ұлы Дала Елін құрдық.

Ұлт жоспарын орындай отырып, біз өзіміздіӊ Ұлттыӊ Өрлеу Дәуірініӊ көкжиектерін кеӊейтеміз, өзіміз Тәуелсіздік жылдары ішінде қол жеткізген және бізге жаһандық даму берген барлық мүмкіндіктерді пайдаланамыз.

Илемде, сөз жоқ, үшінші әлемнен біріншіге қадам басқан елдердіӊ мысалдары бар. Біз олардыӊ жарқын тәжірибелерін зерттейміз және ескереміз.

Қазір біз экономиканыӊ, мемлекет пен қоғам дамуыныӊ еӊ табысты жаһандық модельдерін өлшем ретінде аламыз.

Бүгінде әлемде өзініӊ жалпыұлттық арманын ұмыт қалудыӊ жүзжылдығынан шыға отырып, әлемніӊ еӊ ұлы ұлттарымен бір қатарда тұру тұрғысында бейнелейтіндер кем де кем.

Біз Қазақстанныӊ осынау тарихи тағдырына сенеміз.

Мен қазақстандықтарды Ұлт жоспарын жүзеге асыруға және реформаларды жүргізуге барынша белсенді қатысуға, олар ашатын мүмкіндіктерді пайдалануға шақырамын.

Біз өзіміздіӊ қазақстандық арманымыздыӊ орындалуына және Қазақстанныӊ өркендеуіне сенімді түрде қол жеткізетін боламыз!

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны