20.01.2015, 20:38 4096

Н.Назарбаев Жеӊістіӊ 70 жылдығы құрметіне арналған бірыӊғай мерекелік медаль туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеӊіс күнініӊ 70 жылдығы құрметіне арналған бірыӊғай мерекелік медаль туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Астана. 20 қаӊтар. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеӊіс күнініӊ 70 жылдығы құрметіне арналған бірыӊғай мерекелік медаль туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданыӊ баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеӊіс күнініӊ 70 жылдығы құрметіне, соғыс ардагерлері мен тыл еӊбеккерлерініӊ ерлігіне, қаһармандығы мен қайсарлығына тереӊ құрмет көрсете отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған "1941 - 1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеӊіске 70 жыл" бірыӊғай мерекелік медалімен наградтау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.

2. Қағидаларға сәйкес "1941 - 1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеӊіске 70 жыл" бірыӊғай мерекелік медалімен Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлері, тыл еӊбеккерлері мен өзге де адамдар наградталсын.

3. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны