02.04.2014, 20:15 2799

Н.Нығматулин: Тұрғын-үй жәрдемақысына қатысты бағдарлама барынша қолжетімді болуы керек

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин коммуналдық қызметтерді төлеуге берілетін тұрғын-үй жәрдемақысының әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындар үшін барынша қолжетімді болуы қажеттілігіне айрықша назар аударды.

Алматы. 2 сәуір. Kazakhstan today. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин коммуналдық қызметтерді төлеуге берілетін тұрғын-үй жәрдемақысының әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындар үшін барынша қолжетімді болуы қажеттілігіне айрықша назар аударды.

Мәжілістен хабарлағандай, Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында Үкімет басшысының атына тұрғын-үй жәрдемақысына қол жеткізуге қатысты түйткілді сұрақтар бойынша депутаттық сауал жолданды. Мәжілісмендердің пікірінше, тұрғын-үй жәрдемақысын берумен айналысатын бірегей органнның жоқтығы жауапкершіліктің босаңсуына, жәрдемақы алуға қатысты белгіленген ереженің орындалу сапасының төмендеуіне жол ашып отыр.

Сонымен қатар, халық қалаулылары Үкімет тұрмысы төмен азаматтарды тұрғын-үй жәрдемақысымен кеңінен қамтамасыз етудің барлық шараларын қолға алуы керек, деді ол.

"Ең бастысы тұрғын-үй жәрдемақысы қолжетімді болуы керек, ол оның орындалуы жағдайы төмен тұрғындарды кеңінен қамтуы қажет. Ал, әлеуметтік көмектің осы түрін алуға құқылы азамат, тиісті органдар жұмысының жүйесіздігіне тәуелді болмай, ол мүмкіндікті толықтай пайдалануға тиіс",- аталған мәселенің өзектілігіне тоқталған Нұрлан Нығматулин деп атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны