09.10.2018, 13:25 4520

Н. Нығматулин Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Жиналысыныӊ төрағасы Бинали Йылдырыммен кездесті

Мәжіліс Төрағасыныӊ пікірінше, Қазақстан мен Түркия елдерініӊ қарым-қатынасына 2017 жылдыӊ қыркүйек айындағыТүркия Президентініӊ Қазақстанға ресми сапары және Қазақстан Президентініӊ осы жылдыӊ қыркүйек айындағы Түркияға ресми сапары елдер арасындағы байланыстыӊ нығаюына тыӊ серпін берді.

Астана. 9 қазан. Kazakhstan Today - Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысыныӊ төрағасы Бинали Йылдырым Анталиядағы Еуразия елдері парламенттері спикерлерініӊ үшінші жиналысы аясында парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі ынталандыру жайын талқылады.

Кездесуде екі ел көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайып Ердоғанныӊ өзара түсіністікке негізделген бірлескен тиімді жұмысыныӊ арқасында Қазақстан мен Түркия көпқырлы әріптестікті нығайтуда жоғары нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті.

Бүгінгі таӊда екі еларасындағы қарқынды саяси диалог пен тереӊ экономикалық байланыстар орнатылып, өзара іс-қимыл ынтымақтастықтыӊ барлық салаларында тиімді дамып келеді.

Мәжіліс Төрағасыныӊ пікірінше, Қазақстан мен Түркия елдерініӊ қарым-қатынасына 2017 жылдыӊ қыркүйек айындағыТүркия Президентініӊ Қазақстанға ресми сапары және Қазақстан Президентініӊ осы жылдыӊ қыркүйек айындағы Түркияға ресми сапары елдер арасындағы байланыстыӊ нығаюына тыӊ серпін берді.

Кездесуде Мемлекет Басшысы НұрсұлтанНазарбаевтыӊ 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған негізгі бағыттарды атап өткен Мәжіліс Төрағасы, көлік және логистика, туризм және ауыл шаруашылығы салалары екіжақты ықпалдастықтыӊ басым бағыттары бола алатынынатоқталды.

Нұрлан Нығматулин мен Бинали Йылдырым парламентаралық байланыстыӊ нығаюы Астана мен Анкараныӊ өзара жан-жақты тиімді ынтымақтастығын дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді, деп хабарлайды Мәжілістіӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны