03.02.2020, 18:41 4040

Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен кездесті

- Тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінде біз "Шеврон" компаниясымен келісім жасадық. Осы сәттен бастап Қазақстанға американдық инвестициялар келді. Бүгінгі таңда бізде 410 бірлескен кәсіпорын бар. Американдық инвестициялардың көлемі 45 миллиард доллардан асты, - деді Елбасы.

Алматы. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен кездесті.

Әңгіме барысында Майк Помпео Қазақстанның Тұңғыш Президентіне АҚШ Президенті Дональд Трамптың жылы лебіздерін жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің стратегиялық серіктестігін нығайтуа бағытталған бірлескен күш-жігер мен қабылданған шараларды атап өтті.

- Тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінде біз "Шеврон" компаниясымен келісім жасадық. Осы сәттен бастап Қазақстанға американдық инвестициялар келді. Бүгінгі таңда бізде 410 бірлескен кәсіпорын бар. Американдық инвестициялардың көлемі 45 миллиард доллардан асты, - деді Елбасы.

Өз кезегінде Майк Помпео Қазақстанға сапары және келіссөздердің нәтижелері туралы айтты.

- Мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Қазақстанның Сыртқы істер министрімен маңызды кездесулер мен келіссөздер өткіздім. Сіз Америка Құрама Штаттарының бұрыннан келе жатқан досысыз. Елдеріміздің арасында өзара тиімді серіктестік қалыптасқан. Қазақстандағы оң өзгерістер Сіздің жеке еңбегіңіз деп білемін. Елдің даму деңгейі де мені тәнті етті, - деді АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны