26.03.2025, 14:45 42941
Наурыздағы ҰБТ-ны 88 мыңға жуық талапкер тапсырды
Достарға айту
Наурыз айындағы ҰБТ-ның үш аптасында 88 мыңға жуық адам тест тапсырды, деп хабарлайды ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметінен.
Шекті балды 72%-ға жуық талапкер жинады. Тестілеу нәтижесі бойынша орташа балл 65 балды (бес пән бойынша) құрады. Ең жоғары балл - 139, оны Алматы қ. және Шығыс Қазақстан облысында оқитын 2 талапкер жинады.
Тестке қатысушылардың 70,7%-ы қазақ тілінде, 29,2%-ы орыс тілінде, 100 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.
Талапкерлердің басым бөлігі, атап айтқанда, 18,1%-ы "Математика-Физика" пәндер комбинациясын тапсырды. 14,8%-ы "Биология-Химия", 12,6% "Шығармашылық емтихан" комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалған комбинация - "Химия-Физика", оны 105 адам тапсырған.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында наурыз ҰБТ-сына 232 талапкер қатысты.
Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады, бұл жағдайда сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Қазіргі таңда 121 адамның нәтижесі жойылды. Оның ішінде 43 талапкер смартфон және шпаргалка сияқты тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды, тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 55 адам шығарылды, ал 23 адамның сертификаты тестілеу бейнежазбасын тексеру нәтижесінде жойылды. Өзге тұлғалар анықталған жоқ.
Айта кетсек, 2025 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.
Естеріңізге сала кетсек, наурыз ҰБТ-сы 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді. Тестілеуге қатысуға 163 мыңға жуық талапкер ниет білдірген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
23.04.2025, 18:52 7956
Тоқаев Пахалгам қаласындағы лаңкестік әрекетке байланысты Үндістанның премьер-министріне көңіл айтты
Достарға айту
Мемлекет басшысы Үндістанның Премьер-министріне көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Нарендра Модиге Үндістанның солтүстігінде орналасқан Пахалгам қаласындағы лаңкестік әрекет салдарынан бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Президент халыққа қарсы жасалған бұл зорлық-зомбылықты қатаң айыптайтынын жеткізіп, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.04.2025, 18:40 8231
Түркияда жер сілкінісінен кейін қазақстандықтардан өтініштер түскен жоқ - СІМ
Достарға айту
Түркияда жер сілкінісінен кейін қазақстандықтардан өтініштер түскен жоқ, деп хабарлайды ҚР СІІ баспасөз қызметінен.
Түркия билігінің ақпараты бойынша 2025 жылғы 23 сәуірде Ыстанбұл маңында магнитудасы 6,2 балл жер сілкінісі орын алып, артынан афтершоктар жалғасуда.
Қазіргі уақытта Түркия аумағындағы Қазақстан азаматтарынан Ыстанбұл қаласындағы ҚР Бас консулдығына өтініштер түскен жоқ. ҚР Сыртқы істер министрлігі Түркия билігімен және Қазақстанның Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен бірлесіп ахуалдың дамуын қадағалауда.
Ыстанбұл қаласындағы ҚР Бас консулдығының консулдық есебінде 1137 Қазақстан азаматы тіркелген.
Отандастарымызды сабырлық және қауіпсіздік шараларын сақтауға, сондай-ақ жергілікті билік органдарының нұсқауларын мүлтіксіз орындауға шақырамыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.04.2025, 18:06 6731
Қазақстанның ҰОК-де кадрлық өзгерістер орын алды
Достарға айту
23 сәуірде Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің (ҰОК) Бас ассамблеясында Атқарушы комитетінің жаңартылған құрамы бекітілді. Сондай-ақ жиын барысында ұйымның жарғысына енгізілген өзгерістер талқыланып, жаңа мүшелер қабылданды, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин, ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Қазақстан ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев және ұлттық спорт федерацияларының өкілдері қатысты.
Геннадий Головкин Бас ассамблея қатысушыларына алғыс білдіріп, ортақ жобаларды жүзеге асыру жолындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Бірқатар спорт ұйымдары басшылығындағы өзгерістер мен кадрлық ауыс-түйістерге байланысты Атқарушы комитетінің құрамын қайта қарап, жаңарту туралы шешім қабылданды. Бұл қадам комитеттің тиімділігі мен белсенділігін арттыру мақсатында жасалды.
Бас ассамблея қорытындысы бойынша Атқарушы комитетінің жаңартылған құрамы төмендегідей:
Вице-президенттер:
Серік Жарасбаев - өңірлермен жұмыс жөніндегі вице-президент, ҚР Туризм және спорт вице-министрі;
Шахмұрат Мұтәліп - халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президент, Қазақстан бокс федерациясының президенті;
Данияр Абулгазин - жазғы олимпиадалық спорт түрлері жөніндегі вице-президент, Үстел теннисі федерациясының президенті;
Сәкен Мұсайбеков - қысқы олимпиадалық спорт түрлері жөніндегі вице-президент, Шайбалы хоккей федерациясының бас директоры;
Гаджи Гаджиев - жалпы мәселелер жөніндегі вице-президент, Ауыр атлетика федерациясының президенті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.04.2025, 12:09 21011
Испания үкіметі Қазақстанның батысындағы "Көкжиде" жерасты су орнын зерттеуге грант бөледі
Достарға айту
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігі Ақтөбе облысындағы "Көкжиде" жерасты су орнынан Қазақстанның батыс өңірлерін ауыз сумен қамтамасыз ету жобасын әзірлеп жатыр. Кен орнындағы таза судың қоры тәулігіне 173,4 мың текше метр, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Қазіргі таңда "Көкжиде" кен орнында зерттеу жұмыстары басталды. Су ресурстары және ирригация министрлігі испандық Xcalibur Smart Mapping компаниясымен кен орнында аэромагниттік түсірілім жүргізу туралы келісімге қол қойды.
Жұмыс Испания Корольдігінің гранты есебінен жүргізіледі. Түсірілім су қоры мен контурлары туралы өзекті деректерді алуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ қазақстандық мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы мұнай өндірудің жерасты су орны суларына әсерін зерттеуге 250 млн теңге бөлді. Зерттеуді Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстар 2025 жылдың желтоқсанында аяқталады.
Батыс өңірлерді ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі министрліктің ерекше бақылауында. Алайда жобаны сапалы жүзеге асыру үшін "Көкжиде" кен орнында кешенді зерттеу жүргізіп, судың ластану қаупін жойып, жергілікті экожүйеге кері әсерінің алдын алу қажет. Қазіргі таңда бұл - басым бағыт", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.04.2025, 12:05 21496
Қазақстанда алғаш рет ұлттық кітап күні аталып өтілуде
Достарға айту
Былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір - Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Атаулы күнге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады.
Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл - білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады", - делінген құттықтауда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.04.2025, 12:02 21741
Қазақстан зияткерлік меншік құқығын қорғауды күшейтеді
Достарға айту
Қазақстан зияткерлік меншік құқығын қорғауды күшейтеді, деп хабарлайды Төменгі палатаның баспасөз қызметінен.
Мәжіліс депутаттары зияткерлік меншік мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Түзетулер Мемлекет басшысының "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты жолдауын жүзеге асыру мақсатымен әзірленген.
Заң жобасында зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау, оны дамытуға қолайлы жағдай жасау, елге инвестиция тарту және креативті экономиканы дамыту үшін қосымша құқықтық құралдар қарастырылған. Азаматтық кодекске (Ерекше бөлім), "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" кодекске және бес заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Тауар белгісі ретіндегі белгілеуді тіркеуге қарсылық беру мерзімін бір айдан екі айға дейін ұлғайту ұсынылады. Бұзушылықты тіркеуге бір ай жеткіліксіз, өйткені қарсылық беру үшін бірқатар қажетті материалды дайындау қажет. Әйтпесе, заңсыз тауар белгісін тіркеу қаупі бар.
Сонымен қатар авторлардың жарияланған туындыларын таратуға, көпшілікке жеткізуге және көпшілік алдында орындауға байланысты құқықтарына қосымша шектеулер енгізіледі. Осылайша, зағиптар мен көру қабілеті бұзылған немесе баспа өнімдерін қабылдау қабілеті шектеулі адамдар авторлардың келісімінсіз баспа өнімдері мен жарияланған туындыларға қол жеткізе алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.04.2025, 11:58 22081
Қазақстан мен Ауғанстан ауған пайдалы қазба кен орындарын зерттеу бойынша техникалық комиссия құрады
Достарға айту
Кабул қаласында өткен кездесуде ҚР Премьер-министрінің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Ауғанстан Ислам Әмірлігінің Кен өндіру және мұнай министрі Хедаятулла Бадри келісім жасасты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар өткен бір жыл ішінде өнеркәсіп саласындағы екіжақты қатынастардың айтарлықтай ілгерілеуіне ризашылықтарын білдірді. Серік Жұманғарин ауған тарапына Қазақстаннан жеткізілген геологтардың қатты пайдалы қазбалардың әлеуетті кен орындарын зерттеу бойынша далалық жұмыстарын ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Бүгінгі таңда Қазақстан геологиялық барлау, қатты пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу саласында тәжірибесі бар кәсіби тау-кен компаниялары пулын құрды. Бұл компаниялар әлеуетті кен орындарын іздеуге және инвестиция салуға мүдделі. Осы бағытты талқылау үшін қазақстандық делегация құрамында ERG Exploration, Kazakhmys Barlau және Қазатомөнеркәсіп компанияларының өкілдері келді", - деді Серік Жұманғарин.
Кездесу барысында ауған тарапы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және қазақстандық мамандардың зерттеу жұмыстарына қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Тараптар барлық туындаған мәселелерді жедел талқылау үшін бірлескен техникалық комиссия құруға уағдаласты.
Мамыр айының соңында Қазақстан тарапы Ауғанстанның басқа провинцияларындағы әлеуетті кен орындарын зерттеу үшін тағы бір мамандар тобын жібермек.
Сонымен қатар ауған тарапы қазақстандық тау-кен компанияларының сұранысы бойынша табиғи ресурстардың расталған қоры туралы мәліметтер беруге дайын екенін білдірді.
Сондай-ақ Серік Жұманғарин Ауғанстан Ислам Әмірлігінің Мемлекеттік компаниялар басқармасының басшысы Ахмад Джан Билалмен кездесті.
Тараптар қазақстандық кәсіпорындардың Ауғанстан мемлекеттік компанияларымен ынтымақтастығын кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.
Серік Жұманғарин Қазақстан-Ауғанстан бизнес форумының ашылуына қатысты. Шараға өсімдік майы, макарон, күріштен бастап агродрондар мен аккумуляторларға дейінгі тауарларды ұсынған 50 қазақстандық компания қатысты.
Ауғанстан Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы маңызды логистикалық хабқа айнала алады, ал Қазақстан - азық-түлік, технология, машина жасау, химия және IT өнімдерінің сенімді жеткізушісі бола алады. Алдымызға амбициялы, бірақ қолжетімді мақсат қойылды яғни, сауда айналымын қысқа мерзімде $3 млрд-қа дейін жеткізу. Бұл мақсатқа жету үшін тұрақты жеткізу арналары құрылып, өзара сауда номенклатурасы кеңейіп, инвестициялар мен кәсіпкерлік белсенділікке қолайлы жағдай жасалуы қажет", - деп атап өтті вице-премьер.
Форумның алғашқы күнінің алдын ала қорытындысы бойынша шамамен $140 млн сомасына коммерциялық құжаттарға қол қойылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.04.2025, 10:51 22421
Алматының оқушылары Мәңгілік алаудың алдына құрмет көрсету күзетіне шықты
Достарға айту
Алматы қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған жыл сайынғы еске алу вахтасы басталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері кезекті мәрте 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағындағы Даңқ Мемориалының алдына құрмет қарауылы құрамында күзетке шықты.
Мәңгілік алаудың №1 бекетінде құрмет қарауылында тұру дәстүрі биыл алтыншы жыл өткізіліп келеді. Бұл жолы оны бірінші болып №95 мектептің "Жас сарбаз" кадет сыныптарының оқушылары ашты. Алматының әртүрлі білім беру мекемелерінің оқушыларынан құралатын біріккен жасақ құрамында олар үш күн бойы күзетте тұрады.
Құрмет қарауылы күн сайын сағат 9-дан 16-ға дейін қойылады. Қарауылды ауыстыру алдын ала бекітілген кестеге сай жүргізіледі. Әр ауысымның құрамына қарауыл бастығы, оның көмекшісі және ауысатындар кіреді.
- Мәңгілік алаудың жанында құрмет қарауылы болу біз үшін үлкен мәртебе. Осылайша бейбіт өмір сүру мүмкіндігін сыйлағандарға тағзым етеміз. Болашаққа жауапкершілікпен қарауды сезініп, өткенімізді мақтан етеміз, - деді біріккен жасақ командирі, №102 мектептің 10 сынып оқушысы Лейла Пирматова.
7 мамырға дейін құрмет күзетіне қаланың 12 мектебінен келген жассарбаздар қатысады. Балалар үшін бұл Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігіне құрмет көрсету ғана емес, әскери-патриоттық тәрбиенің, азаматтық жауапкершілік пен батылдықты қалыптастырудың маңызды кезеңі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
23.04.2025, 10:51Алматының оқушылары Мәңгілік алаудың алдына құрмет көрсету күзетіне шықты 23.04.2025, 11:58 Қазақстан мен Ауғанстан ауған пайдалы қазба кен орындарын зерттеу бойынша техникалық комиссия құрады22101Қазақстан мен Ауғанстан ауған пайдалы қазба кен орындарын зерттеу бойынша техникалық комиссия құрады23.04.2025, 12:02 21761Қазақстан зияткерлік меншік құқығын қорғауды күшейтеді23.04.2025, 12:05 21516Қазақстанда алғаш рет ұлттық кітап күні аталып өтілуде23.04.2025, 12:09 21031Испания үкіметі Қазақстанның батысындағы "Көкжиде" жерасты су орнын зерттеуге грант бөледі
18.04.2025, 17:23 110911Астанада Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды18.04.2025, 17:18 104891"Алматы жастары": жеңілдетілген ипотека жас мамандарға тұрғын үй туралы арманын жүзеге асыруға қалай көмектеседі18.04.2025, 17:14 Қазақстан президенті Маңғыстау облысында су тапшылығын төмендету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды95286Қазақстан президенті Маңғыстау облысында су тапшылығын төмендету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды18.04.2025, 16:58 89701Air Astana рейстер кестесіне өзгерістер енгізілетінін хабарлайды18.04.2025, 17:11 89691Тоқаев Кендірлі курорттық аймағында салынатын әуежай құрылысын жеделдетуді тапсырды
03.04.2025, 16:52 111131Алматыда әлеуметтік саладағы көмекші персоналдың жалақысы 30 % - ға артты18.04.2025, 17:23 110911Астанада Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды26.03.2025, 19:00 105621Астанада санкцияланбаған қоқыс үйінділерінің алдын алу жұмыстары жүргізілуде18.04.2025, 17:18 104891"Алматы жастары": жеңілдетілген ипотека жас мамандарға тұрғын үй туралы арманын жүзеге асыруға қалай көмектеседі10.04.2025, 15:14 104666Алматыда биыл жаяу жүргіншілер өткелдері мен тротуарларды жарықтандыру деңгейі күшейтіледі