14.05.2008, 15:35 1680

Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанатын құру идеясын қолдады

Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанатын құру идеясын қолдады

Астана. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" ХДП-ның жастар қанаты - "Жас Отанның" бірінші съезіне қатысушылардың Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанатын құру идеясын қолдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мен 130-дан астам ұлыс өкілдері тұратын ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісім - біздің басты байлығымыз деп талмай айтамын. Осы құндылық үшін жауапкершілік жүктейтінін әрбір жас тікелей сезініп, оны сақтауға үлес қосуға тиіс. Біздің осы жылдарда қол жеткізген барлық жетістіктеріміз, барлық мақтаныштарымыз елдегі және адамдар арасындағы сенімнің, тыныштықтың, тұрақтылықтың арқасында қолға келді", - деді президент.

"Сіздердің басты миссияларыңыз - белсенді жастардың санын мейлінше арттыра түсу үшін, еліміздің әрбір жас азаматы жаңа Қазақстанның дамуына өзіндік үлесін қосуға ниеттенуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасау ", - деді Н. Назарбаев сьезд делегаттарына арнаған сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны