06.06.2011, 11:48 3146

Назарбаев коммуналдық қызмет бойынша миллиондаған қарыздары бар қымбат коттедж иелерінің аты-жөнін жария етуді тапсырды

"Коммуналдық қызмет бойынша 2 млрд теңге (қарыз). Біз кеше әкіммен бірлесе отырып тізімді қарап шықтық, арасында Астанада тұратын таныс адамдардың да аттары бар", деп мәлім етті елбасы.

Алматы. 6 - маусым. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елорданы одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі кеңес барысында коммуналдық қызмет бойынша миллиондаған қарыздары бар қымбат коттедж иелерінің аты-жөнін жария етуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Коммуналдық қызмет бойынша 2 млрд теңге (қарыз). Біз кеше әкіммен бірлесе отырып тізімді қарап шықтық, арасында Астанада тұратын таныс адамдардың да аттары бар", деп мәлім етті елбасы.

"Тек коммуналдық қызмет бойынша қымбат коттедждерде тұратын 163 тұрғынның қарызы электр энергиясы бойынша 167 млн. теңге. Оның ішінде 44 адамның әрбірінің қарызы 1 млн. теңгеден асады. Олардың аты-жөнерін жарияландар. Білсін елі мұндай "қахармадарды",- деді президент. "Миллиондарға қымбат коттедждер салуға шамалары келгенде, мемлекетке салық төлей алмай ма",- деп атап өтті елбасы.

Мемлекет басшысы қалада пайдаланылған қаражаттың 70 пайызы мемлекеттің трансферті мен несие екенін атап өтті. Салықтық берешек 15 млрд. теңгені құрайды. Қалада салық жиналып, қазынаға құйылуы тиіс, деп атап өтті мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны