22.02.2007, 18:27 2982

Назарбаев пен Путин телефон арқылы таяу келешекке арналған Ресей-Қазақстан қарым-қатынасына қатысты жоспарларды талқылады

МИСКЕУ. 22-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей мемлекет басшысы Владимир Путин телефон арқылы таяу келешекке арналған Ресей-Қазақстан қарым-қатынасына қатысты жоспарларды талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі Ресей президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Екі жақты диалогтың тұрақты әрі қарқынды сипатқа көшкеніне қанағаттанғандық білдірген мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы түрлі деңгейдегі қарым-қатынастардың жоспарын талқылады",- делінген хабарламада.

Сонымен бірге тараптар халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны