17.01.2008, 16:47 2681

Назарбаев заң шығару жұмыстарының сапасын арттыру міндетін жүктеді

Назарбаев заң шығару жұмыстарының сапасын арттыру міндетін жүктеді

Астана. 17-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Еліміздегі заң шығару жұмыстарының сапасын арттыру қажет. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" Халықтық демократиялық партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазір біздің дамуымыздың алға ұмтылуын қамтамасыз ететін жаңа буын заңдары қажет",- деді президент. "Бұл әсіресе экономиканың индустриалдық-инновациялық секторы үшін жағдай жасауға қатысты. Сонымен қатар заң шығару халықтың әлеуметтік мүддесін ескеруге тиіс",- деп атап өтті мемлекет басшысы.

"Үстіміздегі жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, әлеуметтік қызмет көрсету туралы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы, әскери қызметкерлерді әлеуметтік қорғау туралы және басқа да жаңа заңдар қабылдап, қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізу қажет",- деп атап көрсетті Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы атап өткендей, 2008 жылы "конституциялық реформалардың барлық ережелерін соңғы рет заңнамалық деңгейде бекіту керек". "Бұл сайлау заңын жетілдіруге, парламент пен мәслихаттағы партиялық фракциялардың, есеп комитетінің өкілеттілігін кеңейтуге, жергілікті өзін өзі басқару жүйесін, саяси партияларды қаржыландыру жүйесінің механизмін, сот-құқықтық жүйесінің реформасын құруға, сондай-ақ мемлекет өмірінің басқа да маңызды тұстарына қатысты болмақ",- деді ол.

"Нұр Отан" партиясы үнемі үкіметпен кеңестер өткізіп, заң жобаларын бірлесіп қарап отыруы керек. Қажет болған жағдайда әлі шикі заң жобаларын парламентке жеткізбей қайтарып отыруы тиіс. Ал парламентте заң жобаларын үкімет мүшелерімен бірлесе отырып, терең және сыни көзқараспен қарастыру керек. Ал бұл сындар заң жобаларының сапасы үшін өте айбарлы және қатты болуы шарт", - деп сөзін қорытты Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны