05.10.2010, 17:02 4094

Назарбаев Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясының Алтын белгісімен марапатталды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясы" халықаралық кәсіподақтар бірлестігінің бас хатшысы Владимир Щербаковты қабылдады. Кездесу барысында В.Щербаков Президентті Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясы Президиумының шешімімен Нұрсұлтан Назарбаевтың ТМД Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясының жоғары наградасы - кәсіподақтар қозғалысына қосқан үлесі үшін Алтын белгімен марапатталғаны туралы хабардар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 5 - қазан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясы" халықаралық кәсіподақтар бірлестігінің бас хатшысы Владимир Щербаковты қабылдады. Кездесу барысында В.Щербаков Президентті Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясы Президиумының шешімімен Нұрсұлтан Назарбаевтың ТМД Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясының жоғары наградасы - кәсіподақтар қозғалысына қосқан үлесі үшін Алтын белгімен марапатталғаны туралы хабардар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барасында Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясының жетекшісі Мемлекет басшысына награданы тапсырды.

"Нұрсұлтан Назарбаев - Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясының Алтын белгісімен марапатталған жалғыз Президент. Қазақстан, Нұрсұлтан Ибішұлының басшылығымен, Конституцияның маңызды баптарының бірі - әлеуметтік мемлекет құруды іске асыруда жоғары нәтижеге қол жеткізді",- деді В. Щербаков журналистерге арналған баспасөз мәслихатында.

"Барлық көрсеткіштер бойынша, төменгі еңбекақы болсын, зейнеткерлерге көрсетілген қамқорлықтар болсын, орташа еңбекақы, халықты жұмыспен қамтуда болсын, әсіресе дағдарыс кезеңінде, Қазақстан жоғары деңгейден көрінді. Президенттің басшылығымен Қазақстанда жұмыссыздықтың өсуіне жол берілген жоқ, керісінше, дағдарыс кезеңінде оны төмендетуге қол жеткізілді. Қазақстанда көптеген әлеуметтік проблемалар қарқынды және дәйектілікпен шешімін табуда. Сондықтан Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясының Президиумы тарапынан осындай шешім қабылданды, - деп атап өтті В.Щербаков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны